Бес жаңа әлеуметтік бастама қазақстандық қоғамның бірлігін нығайтады

 Бес жаңа әлеуметтік бастама қазақстандық қоғамның бірлігін нығайтады


Осы жылы сәуір айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің плаформасы атты» ХХVI сессиясы өтті. Бес әлеуметтік бастама – Елбасының қолдауымен халыққа жолданған нақты тапсырмалары мен оның орындалу мерзімі бар әлеуметтік бағдарлама. Бағдарлама қазақстандық қоғамның төмен қорғалған бөлігін қодауға бағытталған, сондықтан ол әрбір қазақстандық үшін өте маңызды. Әлеуметтік бастаманы табысты іске асыру үшін біздің азаматтық қоғам мен ұлттардың бірлігі, олардың мемлекет пен оның болашағына сенімі үлкен рөл атқарады.

Осы орайда Қазақстандағы ұлттық бірлік пен азаматтық қоғамды қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының беделінің зор екенін айтуға болады. Қазақстанның ұлттық бірліктің қалыптасуы осы ұлт және ұлттық бірегейлік түсінігіндегі қарама-қайшылықтар арқылы тәжірибеде іске асады. Оның негізі мемлекет құраушы ұлттың этномәдени бірегейлігі мен азаматтық бірегейліктердің өзара араласуы мен үйлесімінде жатыр. Бұл бірегейліктердің өзара үйлесімділігі Қазақстандағы ұлттық құрылыс үрдісінде ымырашылдық тәжірибесі арқылы іске асады. Алайда, ұлттық бірегейліктің этностық және азаматтық парадигмалары арасындағы қарама-қайшылықтар қазақстандық қоғамда ымырашылдықтан гөрі біржақты нақты анықтаманы талап етеді.

Қазақстанда ұлттық саясаттың нақты және келісілген бірыңғай тұжырымдамасының жоқтығы байқалады. Қазіргі күнге дейін осы фактор Қазақстандағы этносаяси саладағы келіспеушіліктің туындауының негізгі себебі болып отыр. Соның салдарынан қазақстандық қоғамда әртүрлі деңгейдегі зиялы қауымдар мен ғылыми қауымдастық ортасында туындаған пікірталастар қызу талқыланып, тұрғындар арасында да өзара бөлінушілікке жол ашу қаупі бар. Ұлттық бірегейліктің этностық және азаматтық парадигмалары арасындағы дау-дамай елімізде қалыптасқан ұлтаралық қарым-қатынасқа болашақта өзінің қатерін тигізуі мүмкін. Сондықтан мемлекет тарапынан қазақстандықтардың бірегейленуінде этностық және азаматтық түрінің арасында бәріне ортақ тиімді жолды ұсынуды қажет етеді.

Қазақстандағы этностарды біртұтас ұлтқа біріктіруге және топтастыруға қабілетті құндылықтар, ұстанымдар мен символдар толықтай қалыптаспаған. Бұл жағдай қазақ халқының әлі де мемлекет құрушы ұлт ретінде толықтай қалыптасып және тұтасып үлгермегендігін көрсетеді. Оның дәлелі ретінде басқа да еліміздегі түрлі ұсақ этностарды біріктіруші және тұтастырушы ұлтқа айнала алмай жатқандығын байқауға болады. Сондықтан қазақ халқы әзірше этностық топтан саяси ұлттық бірлестікке өту кезеңін бастан өткеруде екенін айта аламыз. Әрине, қазақтардың бәскелестікке төтеп беретін және мәдени тұрғыда озық қауымға айналуы тек эволюциялық жолмен ғана қалыптасатын үрдіс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру