Бердібек Соқпақбаев | Жексен жекеменшік
Қолдарына сумкаларын ұстаған бес-алты бала Қосқұдықтағы сауын сиыр фермасынан шығып, Ақадырдағы мектептеріне келе жатыр. Бұл екі араның қашықтығы үш километр шамасы, мидай жазық. Жер қара, күн жылыда ешкім бұны алыссынып көрмеп еді. Жол -жөнекей ойын дабыр үстінде, жер шалғайлығы білінбейтін. Енді қыс түскелі бері басқашалау: қарлы - боранды күндері үш километр жерге жаяулап жету де қиынға түсіп жүр.
Бүгіп де сондай ауыр күннің бірі. Түнімен кар жауып, жолды бітеп, басып қалған. Балалар малтығып, әрең жүріп келе жатыр. Екі езуінен күлкісі арылмайтын, өр көңіл Мұхамеди ғана ештеңені елеп қояр емес. Шаршай бастаған қыздарды қолынан жетелеп:
— Мен трактормын, сен менің тіркемемсің. Әйда, кеттік! — деп, маңдайының буы бұрқырап, ен алдында, карды бұзып келеді.
Кенет балалардың бірі:
— Әй, осы Жексен қайда! — деді.
— Бәсе, Жексен қайда?
— Қайда ол?
Жексен жатаған торы құнанға мініп алған, арт жақтан соқтырып келе жатыр.
— Әне Жексен!
— Жолдан былай тұрыңдар! Ат басады! — деп Жексен өртке асыққандай ентелеп, кимелеп келіп тоқтағанда, біреулерді ат шынында да қағып кете жаздады. «Сендер қар кешіп, малтақтап жаяу бара жатырсыңдар, мен міне атқа мініп алдым» дегендей Жексеннің екі танауы желп-желп етеді.
— Жексен, мінгестіре кетші!
— Артына мінгізші.
— Мені мінгізші! — деген дауыс жамырап кетті.
Мінгізбек түгіл Жексен ешкімді маңына жолатар емес.
- Тарт қолыңды!
— Ары! Аулақ!
— Ұстама тізгіннен! — деп тақ-тақ етіп, аяқ астынан дөрекілене қалыпты. Сол арада ол біраз ойқастап қыр көрсетті де, біреулердің бас киіміңе шүйлігіп, ала қашпақшы болып, оның сәті түспегеннен кейін:
— Ал мен кеттім — деп, екі етегі далақтап, құйрғыта жөнелді.
Осындай тосыран мінезді Жексен сабақтан тараған соң да көрсете бастан еді. Мұхамеди оған:
— Жексен, аулақ кет! Әйтпесе жақсылық көрмейсің — деп ескертті. Оның қолындағы жұдырықтан етіп, сығымдап алған қарды көзі шалған соң Жексен жым болып, жайына кетті.
Бері таман шыққан соң Мұхамеди:
— Балалар, мен ақыл таптым, — деді.
— Қандай ақыл?
— Егер біз шана, қамыт-сайман тапсақ, біздің көк есекке жегер едік те, бәріміз мектепке сонымен барып-келіп жүpep едік. Көк есектің күшін білесіңдер ғой өздерің. Он адам отырса да, мыңқ етпейді.
— Біздің үйде шана бар! — деді Күлән.
— Біздің үйде атамның есек қамыты бар.
— Делбені мен табам.
— Мен қамшы әкелемін.
* * *
Ойға алғанын тындырмай жаны жай таппайтын. Мұхамеди ертесінде таңертең көк есекті жегіп, жайпақ шанамен зырғытып шыға келді.
— Кәне, отырыңдар!
Балалар мәре-сәре дуылдасын, шеп төселген шанаға отырысып алысты.
— Айт шу, қақ тұлпар!
Күштілігі атқа бергісіз жүрдек кек есек митың-митың жорғалап жөнеп берді.
Бұлардың соңдарынан қуып жеткен салт атты Жексен әрі күйінді, әрі қызықты. Шанамен жанасып біраз жүріп отырған соң:
— Маған кімнің мінгескісі келеді? – деді.
Балалар оны ду етіп, қоңаштап ала жөнелді.
— Кеше неғып мінгестірмедің?
— Өзің - ақ мін мәстегіңе!
— Бәлем, көзің қызарды ма?
— Біз колхозбыз. Не көрсек те, бірге көреміз. Ал сен жекеменшіксің. Жолама бізге. Жолың анау! — деді Мұхамеди.
— «Жекеменшік» деген ол немене? — деп сұрады түсінбей қалған Жексен.
— Бұрынғы уақытта осындай сен құсап өзінің жеке басының ғана қамын ойлайтын өзімшілдер болған. Соларды жекеменшік деп атаған. Сен солсың.
Ұтымды айтылған бірдеңе болса, іліп әкетуге балалар қандай құмар:
— Жексен — жекеменшік!
— Жексен — жекеменшік! — деп шулағанда, бүкіл қаланы жаңғыртқандай болды.
...Содан бері арада талай күндер өтті. Жексен «Жекеменшіктікті» қойып, «колхозға» кірген. Бұл күнде шанаға көк есектің орнына торы кұнан жегіледі.
«Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» деген сез осындайдан айтылса керек.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Бердібек Соқпақбаев Жексен жекеменшік туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Бердібек Соқпақбаев Жексен жекеменшік на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке