Тәкапар Терек

 Тәкапар Терек

Қала сыртында жайқалған талдары көп орман болатын.Орман жаз болса жасыл,күз болса сары түсті көйлек киіп,әсемденетін.Жануары да,өсімдігі де бақытты өмір сүріп жатты.Бірақ ішінде өзің бақытсыз сезінетін тал да болатын.Есімі – Тапал.Кішкене бойы мен жуандығына қарап,жануарлар солай есім қойыпты.Өмірдің сыны ма?әлде сәйкестік пе? Тапалдың көршісі ормандағы ең ұзын терек болатын.Есімі – Сұңғақ.Сұңғақтың бойы ұзын болса да,ойы тайыз еді.Ол қасындағы Тапалдың нағыз күндесі болды.Таңнан кешке дейін өзің мақтап,Тапалды кемсітетін.Бір күні Сұңғақ Тапалға:
-Ей,Тапал менің бойым ұзын болғандықтан орманды түгел көрем,алыстағы қала да маған көрінеді.Саған мендей болу қайда,- деді.Тапал Сұңғақтың бұл кемсітуіне тағы жауап қайтара алмады.Осылайша күндер зулап өте берді.
Бір күні орманға адамдар келді.Қолдарыңдағы араларымен біраз талды кесіп,зауытқа алып кетті.Кесілген ағаштардың ішінде Сұңғақ пен Тапал да болатын.Осыдан соң екі ағаш бір – бірімен ұзақ кезікпеді.
Бір қала тұрғыны азық – түлік дүкеніне кіріп,өзіңе керекті жабдықтарды алып,тысқа шықты.Көше бойымен біраз жүріп еді,анадай жерде кітап дүкені тұр екен.Енді қала тұрғыны сол кітап дүкенінен кітап алуды жөн көрді.Көп кітаптың ішінен бірің таңдап,сатып алды.Кітапты азық – түлік дүкенінде алған пакетке салды.Осы кезде пакет ішінде ескі көршілер Тапал мен Сұңғақ кезікті.Бір – бірімен салқын амандасты.Бірақ Тапал бұрынғыдай емес,көңілі көтеріңкі.Тапал Сұңғаққа:
-Қазір менің жағдайым жақсы.Өңделгеннен соң адамдар меннен кітап жасап шығарды.Өмірге ризамын, - деді.Ал Сұңғақ Тапалға ләммим демеді,жұмған ауызын ашпады.Себебі,адамдар Сұңғақтан дәретхана қағазын өндіріпті.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру