«Қазақ тілі мен әдебиеті» (орыс мектебінде – Т2) 6-сынып (1,2,3,4 тоқсан)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер * әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады. ** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады. |
М А З М Ұ Н Ы
1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4
«Отан отбасынан басталады» 4
«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» 7
2-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 10
«Қуат көзін үнемдей білеміз бе?», «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» 10
«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Қазақстан қорықтары» 14
3-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 17
«Болашақ мамандықтары» 17
«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»,
«Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» 20
4-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 23
«Абайды оқы, таңырқа!» 23
«Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм» 27
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жиынтық бағалау, жиынтык багалау, жиынтық бағалау тжб бжб соч сор тжб бжб 6 класс сынып тоқсан 1 2 3 4 токсан, орыс мектебі, орыс сыныбы, Қазақ тілі мен әдебиеті, әдебиет, Қазақ тілі