Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным!
Батысында Жайық, шығысында Ертіс есілген,
Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген.
Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған,
Отаным осы - Қазақстан болып атанған!-деп ақын жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан -ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата –жұрт. Әні мен күйі шалқыған ғажайып сұлу сахара!
Менің елім - Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ . Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді? Олар қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймады.......