Мен туған өлке
Мен туған өлке, мен туған өлке қандай дейсіз ғой, мен жазамын, ал сіз оқыңыз. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен, Туған елдің түтіні де тәтті екен... Неге бұлай бастады деп ойладыңыз ба? Иә, мен де сол кәдуілгі туған жерінен жырақта жүрген жандардың қатарынанмын. Есейіп ер жетсең де, құлпырып бой жетсең де, алып тұлға азамат, ардақты ана болсаң да, туған жердің құдіреті сағынтпай қоймас. Туған жерден жырақта жүрген, жасы жиырмаға жетсе де, әлі күнге бала секілді туған жердің бауырына тығылып, топырағын аңсайтын, сары даласына деген сағынышы таусылмайтын жанның....