Шығармалар


Жырақта...

Ауыл өмірі.Ауыл таңы.Ауыл үні.Бұл қастерлі атаулар бір-брімен біте қайнасқан ұғымдар.Ауыл өмірінің қоңырқай тіршілігін,ауыл адамдарының арман қиялын тек қана ауыл баласы жан жүрегімен ұғына алады,барша түйсігімен түсіне біледі. Менің өлкем қашан да күн нұры азаймаған шуақты Оңтүстік,тарих қойнауынан үнсіз ғана сыр шертетін ұлы Отырар даласы.Ғылымның сан саласында өшпестей қолтаңбасын қалдырған,әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл - Фарабиді ,қазақтың қара күшін дүние жүзіне танытқан алып Қажымұқанды,құлағында күй,көмейінде саз ойнаған композитор Шәмші Қалдаяқовты,барша түркі елдерінің ақыны Мұхтар Шахановтарды туғызған топырақтан болу мен үшін үлкен бақыт.......
Шығармалар
Толық

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

1996 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін жасау бүкіл халықтық сипат алып көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шағармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. Қазақстан республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленді.......
Шығармалар
Толық

Қазақстан – мәңгілік ел!

Қазақстан – ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талардай, кең – байтақ, дархан даланы мекен еткен жаны жомарт қазақ халқының Отаны.
Бүгінгі таңда, Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті, жері, елі үшін талай күнәсіз жастардың қаны төгілді.......
Шығармалар
Толық

Отаным -алтын бесігім

Әркімнің өзінің туып өскен атамекені, кір жуып, кіндік кескен жері қымбат болып саналады."Отаным" деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге,көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып,еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып,......
Шығармалар
Толық

Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің белгісі

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алған болатын. Қазіргі кезде тыныш әрі бейбіт өмір сүрудеміз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің белгісі - мемлекеттік рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, сыйлайды. Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.......
Шығармалар
Толық

Туған жер деп соқса дағы жүрегім

Туған жерім - Отаным - Қазақстан. Отанымның мен үшін орны әрдайым ерекше. Қазақстан дегенде естір құлақ өзгеше. Тіпті сол сөздің өзі ыстық секілді.
Қанша жерге, қандай жерге барсақ та үйімізді, отбасымызды сағынып тұратынымыз рас. Ия, тіпті сол уақытта жүрегің әлденеге елпілдеп, «туған жер, туған жер» деп дамыл қағып соғатындай көрінеді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе? Мен үшін өзімнің Састөбем айдан да, күннен де артық. Қызық, қазірдің өзінде сәл бір жаққа аз ғана уақытқа шықсақ , дереу сағынып, үйге қайтқымыз келеді. Ал кейін оқуға түсіп, уйден, туған жерден жыраққа кетсек не істер екенбіз? Нендей сезімде болар екенбіз?......
Шығармалар
Толық

Төлеген Тәжібаев

Көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, нар тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаевтың туғанына биыл 104 жыл толып отыр. Өзі жоқ болса да, оның шоғы әлі басылмаған жарық жұлдыз 1910 жылы қасиетті де, киелі Арыс топырағында дүниеге келді. «Жігітке – жеті өнерде аз» - дегендей Төлеген Тәжібаев сегіз қырлы – бір сырлы кісі болған. Оған дәлел қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының академигі болған. Осындай азаматы бар қазақ елі бақытты. Төлеген Тәжібаевтың балалық шағы қиын қыстау кезеңде өтті, соғыстың зұлмат жылдарында көзінің ағы мен қарасындай ата-анасынан ерте айрылып,......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз

Барлық игіліктердің ең ұлысы – тәуелсіздік.
У.Годвин

Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол – алаш деп түнемесі дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын-жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып жанарына үйірген көз жасы. Ертеңіміз, елдігіміз не болады деген ұлы уайымы. Қазақ келешекте бодан болып жер бетінен мүлде жойылып кете ме, әлде іргелі елге айналып, көшін түзеп кете ала ма деген жүрекжарды сауалы.......
Шығармалар
Толық

Менің Президентім

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы . Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.......
Шығармалар
Толық

Қазақ тілінің қоғамдағы қолданысы

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Шығармалар
Толық