Адамзаттың бәрі де туған жерін сүйіп өткен


Қымбат сөз, ұғынған жанға!
Дүние есігін шырылдап қаққаннан сізге таза ауасын,мөлдір бұлағын,жасыл жайлауын,бұлттармен таласқан асқар тауларын,құнарлы ,жұмсақ жерін,шырынды жемісі мен ырысы мен асын сыйлаған мекен. Ақындардың сөзмоншағы,күйшілердің күмбірі,суретшілердің бейнелеуі туған жеріне деген сезімін жүректен жүрекке еш қиындықсыз жеткізіп отырған.Саналы адамзаттың бәрі де туған жерін сүйіп оған тым болмаса жылы лебізін мен жақсы тілегін арнаған.
Туған жер жайлы ойлап отырып бала күнгі таңғы сәресі уақытындағы апам екеуіміз естіген әңгімені қоймай баспаханаға жазып жіберіп едім 2 айдан соң шыққан газеттен оқып мәз болған мақалам есіме түсті.Сіздермен де бөліскім кеп отыр.

Туған жер

Ертеде даңқы алысқа кеткен ,елдің қарғысына ұшыраған бұзақы кісі өмір сүріпті.Жаратушыдан түрлі сынақтар келіп сәтсіздіктерге ұшырап өзінің жасаған күнәлары есіне түсіп өкіне бастапты. Ғалым, білімді бір кісіден ақыл сұраса адамдардың қарғысын адамдардың алғысымен,рахметімен ,батасыменғана жеңе аласың деп кеңес береді.Ол жамандықтардан арылудың жолы; адамдарға шын жүрекпен,есепсіз жақсылық жасау еді. Сол күннен бастап ол кісі адамдарға барынша көмектесіп,сауап жасаумен болды.Шөлдалаға су апарып өтіп бара жатқан жолаушыларға тегін су беріп ,батасын алып отырған күндердің бірінде алыстан асығып келе жатқан атты жолаушы көрінді.Тағы су беріп қуантамын деп тұрған шағында жол сұрап болған атты кісі асығыспын тегін суыңды өзің іш деген дөрекі жауап алған бойда ашуланып найзасын атты жолаушыға лақтырып жіберді.Найза кеудесіне қадалған жерге құлап ,қаны тамған жерден гүл өсіп шығады.Жасаған қылмысына,өскен гүлге таңырқаған тегін су иесі жолаушының қолындағы өз отанының толық баяндайтын сызбасын көреді.Өз отаның жауына сатқалы асығып бара жатқан сатқынды өлтіріп күнәләрі кешірілген кісі баянды өмір сүріпті деседі.

 

Айгерім АМЗЕ



Пайдалы сілтемелер:


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу