Ауылым алтын – бесігім

 Ауылым алтын – бесігім

Молжігіт Айжан Маратқызы
Бағыты: Қазақ тілі

Қарап отырсам, үлкен тұлғалардың бәрі осы ауылдан шыққан. Менің де ауылым кішкентай болғанымен, өз ерекшелігі бар. Екі өзеннің ортасына орналасқан, шағын ауыл болса да, маған сондай-ыстық. Ешбір қалаларға теңгермеймін.Өзенінде балығы тайдай тулаған, шұрқырап жылқы суға құлаған, қозы – лағы маңырап шулатқан ауылдың тыныс тіршілігінің өзі бір ғанибет емес пе? Жазда балалар өзенге суға түсіп, балық аулап демалыстарын қызықты өткізеді.Қой бағуға барған кездегі табиғатты айтсаңшы. Айтып тауыса алмайсың. Ауасы қандай! Жұта бергің келеді, жұта бергің. Ал қыста бұзау жегіп, өзенге суға барудың өзі - қандай тамаша! Екі бетіміз алмадай қызарып, бір –бірімізбен қар атысып, сырғанақ теуіп мәре –сәре болып қаламыз. Қыс қызығын тауысып айта алмайсың ғой. Қаладан бұның бірін көрмейсің. Себебі, демалысқа қаладан келген жиеніміз осындай қызықтың бәрін көргеннен кейін , кеткісі келмей қалды. Келесі жылы тағы ауылға келем,енді барлық демалысымды ауылда өткіземін деп кетті.Ауыл міне осындай. Адамдары бауырмал, бір-біріне көмекке дайын тұрады. Қандай істі бастасаң да ауылдың адамдары жабылып, көмектесіп жібереді. Ақын Қ.Мырзалиев атамыздың «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі дәл ауыл адамдарына арналғандай. Жалғыз атын сойып, шапан жауып жіберуі де ауыл адамдарына тән. Бізде осылай.Міне, менің ауылым осындай.Осындай ауылда туып, өсіп жатқаныма қуанамын.Ертең өскенде ауылымды көркейтуге мен де өз үлесімді қосамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру