Нәпсі
НӘПСІ... Қаншама жерден ұйықтама ұйқы қысса да, Тамақ та жеме қарныңыз қатты ашса да, Тәрбиесіне нәпсінің көңіл бөліп қой, Нәпсіңіз сіздің ығына келмей жатса да. Ең алдыменен ұнатқаныңнан бас тартсаң, Нәпсіге ауыр істерді жәй-жәй бастасаң, Көнеді әлі-ақ, көнбей ол қайда барады? Нәпсіқұмарлықты бойыңнан алып тастасаң. Тамақтан тыйсаң өзіңді он күн айына, Нәпсімен күрес, ешқашан шаршап, мойыма, Өзіңнің нәпсің өзіңе бағына алмаса, Қалған істерің, барлығы қалар жайына. Рухани бай бол, мақсаттарыңды орында, Жеңілме бірақ, сол мақсаттарыңның жолында. Нәпсімен күрес - ең ауыр соғыс өмірде, Жеңіп шығуың тек бір өзіңнің қолыңда.
Оңалбаев Дәрмен
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Нәпсі, Оңалбаев Дәрмен, Нәпсі туралы шығарма, напси туралы шыгарма казакша, напси туралы эссе казакша, нәпсі туралы эссе, сочинение на тему похоть на казахском языке