1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Елбасым)

 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Елбасым)

Макажанова Камила
4 сынып, № 15 орта мектебі Балхаш қаласы
Жетекшісі: Тергеубаева К. А.

Менің Елбасым - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол – өте ақылды, білімді адам. Елбасымыз біздің Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуін, өсуін, ұрпақтардың бақытты болуын қалайды. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысып, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керектігін айтқан. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екендігін үнемі есте сақтау біздің парызымыз. Ал білімді болу үшін, ең басты денсаулықтың мықты болуы шарт. Елбасымыз балалардың салауатты өмір сүргенін қалайды. Сондықтан да, біз жат әдеттерден аулақ, денсаулығымыз мықты, спортты сүйіп өсудеміз. Ол үшін әрқашан дене шынықтырумен айналысуымыз қажет.

Елбасы біздің өміріміздегі үлкен тұлға. Біз апта сайын саптық жиында Қазақстан Республикасының Әнұранын айтамыз, сол әнұранның авторы біздің Елбасымыз. Әнұранымыздың сөздері, жүрегіңді шаттық сезім билеп елге, жерге деген сүйіспеншілік көкірегімді кернейді. Өзімнің қазақ екеніме, Қазақстан деген кең байтақ мемлекеттің ұланы екеніме мақтанамын, қуанамын.

Мен «Балалық шағымның аспаны» атты фильмді көріп, сүп-сүйкімді бала Нұрсұлтанның өмірге келген шағынан бастап, өмірін тамашалап, оның қандай өткелдерден өтіп, ержеткенін білдім. Сол жақсы фильмнен кейін «Адам сәби болып туады, есейеді және талпынса, оқу мен еңбекке құштар болса, абыройға жетеді екен» деп ойладым. Ол үшін кітапты көп оқып, іздену керек. Нұрсұлтан атаның әжесі , әке-шешесі өте ақылды адамдар болған. Әрине, әрбір ата-ана баласының жақсы азамат, өзіне қолғанат, елінің елеулісі болғанын қалайды ғой, мен де ата- анамның үмітін ақтап «өмір» атты үлкен жолға адаспай қанат қақсам деймін. Арманым - бас қаламыз Астанада білім алсам. Еліме еңбек етсем. Өйткені, елордамыз сәулетті де, әсем қала.

Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым-Астанам.

Ол да зәулім, салтанатты жас қала, ондағы барлық алып құрылыстар - Нұрсұлтан атаның еңбегі. Астана - Елбасымыздың қолтаңбасы. Мен бақыттымын, өйткені бақытты елде өмір сүремін.

Еліміз, Елбасымыз аман болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру