Өлеңдермен өмірін өлшеген ақындар кімдер?

 Өлеңдермен өмірін өлшеген ақындар кімдер?

Ақын қай кезде де болмысы бөлек, тау төбе тұлға.Бір қызығы,тіпті таңқаларлығы,қазақ ақындарының басым көпшілігі:Көрегенділігі мен болашақты көре білуі қасиетімен ерекшеленеді. Ең құрығанда өз өмірлерінің бұралаң жолдарын,бұлыңғыр шақтарын көре біледі.Оған дәлел:Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлеңі:”Өзімнің есебімше”деген.
Мен биыл,
Қырықтың бесеуінде.
Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде.Расында ақын 45 жасында төсегінде емес, сайып даланың төсінде мәңгі ұйқыға кетті.
Мұқағали туралы айтқанда,ауыздары көпіріп,ішімдікке әуес болған,түбіне жеткен сол деп жатады. “Дін – ғылымның анасы”деген бірер сөзге мән беріп қарайықшы.Сондай ішімдікке ғұмар адам,Дін ғылымдарының докторы айтпаған сөздерді айтып,бүкіл ғаламды-бір сөзге сыйдырды ғой.Міне көрегенділік,міне тапқырлық.Осындай ақындардың тізімін Сұлтанмахмұт Торойғыров жалғастырып тұр.
Сұлтанмахмұттың мына бір өлең жолдарына назар аударып қарайықшы,
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа-деп өз ғұмырын өлеңмен өлшеді-ау?
Бәріміз білеміз ақын 27 жасында бөл фәнимен қоштасайын деп жатқанда жазған өлеңі екен.
Cұлтанмахмұт Торайғыровтың ‘’Түсімде’’деген өлеңінде;
Басында жаназаның қызғыш көрдім,
Сырты — қой, іші — қасқыр бұзғыш көрдім.
Жұрт көзінше сүзіліп, түсін бұзып,
Тәсбиқ деп кез жарым тас тізгіш көрдім.-деп жазды.Бұл тізімнің бергісі ғана зерттелмегендер жетерлік. Бұл тізімнің бергісі ғана зерттелмегендер жетерлік.Ақын жаны нәзік,сыршыл дерсіз, бірақ Төлеген Айбергеновтай сыршыл жазған ақын болмаған шығар.Бұл кісі де өз өмірінің қысқалығын білгенен ба,"Бір тойым бар" деп кетті.Өз өмірін тіпті, неше өмір сүретін дәлме-дәл айтқандардың бірі де, бірегейі-Мәшһүр жүсіп бабамыз.Шәкәрім екеуі бір жылда дүниеге келіп,бір уақытта қайтпасы бар ма?Біріміз адам қолынан,біріміз өз ажалымыздан өлеміз деді-Мәжһүр бабамыз.Айтқандай,Шәкәріміз атамызды құдыққа тастап кетсе,Мәшһүр атамыз ақ ажалдан қайтты. Керек десеңіз бір жыл бұрын асын беріп кеткен екен көзі тірісінде. Қызығы сол ,ол кісі қайтқан соң,алапат аштық болған.Мына ғаламда әлі біз үшін құдды бір сиырдай қанша ма дүние бар десеңізші?Жаратушы,жаппар иеміздің құдіреті шексіз ғой,шіркін.

Елік Бердімұрат


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру