Ер есімі ел есінде

 Ер есімі ел есінде

Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Оқырман Ақерке
    Оқырман Ақерке 23.04.2021 00:21
    1 + 1 -
    Бұл мақалама шілде шығармасы

    Бірақ сондай күшті жазылған
  2. Оқырман Айым
    Оқырман Айым 27.02.2021 10:37
    2 + 2 -
    Оте керемет жазылган шыгарма????????
  3. Парасат
    Парасат 26.01.2021 16:30
    8 + 0 -
    Ер есімі ел есінде дегенде бірден ойымызға Ұлы Отан соғысына қатысқан ағаларымыз ойымызға келеді.Олар ел намысын қорғау үшін аянып қалмады.Біз сол ағаларымыздың арқасында кең байтақ жерде өмір сүріп жүрміз.Сол себепті олардың есімі ел есінде.Мысалы Бауыржан Момышұлы.Ол соғысқа қатысқанымен қатар,жазушы.Оның көптеген шығармалары бар.
    Ер есімі ел есінде деп тағы жарыстарға қатысып,еліміздің беделін көкке көтеріп жүрген ағаларымызды да айтуға болады.Мысалы Серік Сәпиев,Данияр Елеусінов,Елдос Сметов сынды ағаларымыз.Олардыңда есімі ел есінде.
  4. Оқырман Асыл
    Оқырман Асыл 26.01.2021 16:29
    8 + 1 -
    керемет шығарма
  5. Aselhan
    Aselhan 06.12.2015 13:29
    5 + 1 -
    Керемет Көп рахмет!
  6. Арман Айтжанов
    Арман Айтжанов 18.05.2015 12:17
    4 + 1 -
    Рахмет
  7. Айару Еслямова
    Айару Еслямова 22.04.2015 17:24
    5 + 2 -
    Керемет