Қазақ халқының салт-дәстүріндегі ойын элементтерінің бала тәрбиесіндегі ролі


Қазақ халқының салт - дәстүріндегі ойын элементтерінің бала тәрбиесіндегі рөлі

«Қазақстанның дамуындағы индустриалдық - инновациялық басымдықтар: жаңа белестер» атты Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияда оқылған.

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынының түп - төркіні сонау 6 - 8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата - бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста, зергер болғаны екенін дәлелденді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан - жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім танымдылық рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып - терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елен - жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, басқалармен қарым - қатынасы атаулының барлығы салт - дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі./1, 3 - бет/

Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан - ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым - қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол - жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата - бабадан қалған материалдық және мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың «Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар», «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» деуінің мәні бұрынғыдан қалған салт дәстүрімізді басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.

Қазақ - дәстүрі бай және қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез - құлқы, наным - сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады.
Салт – дәстүр ұлттық тәрбие. ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім баланың жас дара ерекшеліктеріне сай қазақтың ойындары, мақал - мәтел және алуан түрлі салт - дәстүрді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті.

Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі.
Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдердің маңызы зор. Оларда адамдардың күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар, намыс, қайсарлық, ержүректік туралы түсінігі, ептілігі, шыдамдылықты, жылдамдықты, күш - қайратты, әсем қимыл - қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге, сонымен бірге жеңіске жетуге деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, «Асау мәстек» ойыны ептілікке, шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырса, «Қалай айтуды білемін» ойыны табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Жан - жануарлардың мінез - құлқын, олардың сыртқы көрінісін, жануарлардан шығатын дыбыстарды айнытпай салып беруі тиіс. Ойын аздап театрланған ойын - сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген – білгендерін есте сақтай білу қабілетіне мән беріледі. /2, 129 - бет/
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да дамуға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрлысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал./3, 3 - бет/

Ойын дегеніміз - жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, іздемпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай – ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Сондықтан ойынды сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже береді.
Сабағымда ойын элементтерінің әр түрін қолдану арқылы оқушылардың ынтасын, сабаққа деген қызығушылығын арттырамын. Сабаққа қатыспайтын оқушы болмайды. Сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын ашық айту мақсатында «Журналист жолға шықты» - ойынын ойнатамын.
Ойын: «Журналистер жолға шықты» ойынының шарты. Әр топтан екі оқушы шығып, келесі топ мүшелеріне кез - келген тақырыпта сұрақ қояды, сөйтіп олар өздерінің шешендік өнерін көрсетеді.

«Алтын қақпа» ойыны
Бұл ойынға бүкілі қатысады. Бірнеше сұрақ беру арқылы оқушы таңдалып алынып, келесі бөлімдегі сұрақтарға бірінші болып жауап берген оқушы келесі қақпаларға өтеді. Ойынның соңында «Алтын қақпаға» кім жетсе сол жеңімпаз болып саналады.
Келесі қызықты ойындарымыздың бірі «Көкпар» ойыны.

«Көкпар» ойынының ережесімен таныстырайын.
Топ бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне ат қояды. Оқыған сұраққа қай команда бірінші жауап берсе сол команда серкені алды деп есептейміз. Тағы сұрақ оқылады оған жауапты серке алған команда жауап береді, егер жауап бере алмаса келесі команда жауабын айтады. Ойын осылай жалғаса береді.

Келесі ойынымыз «Қалай айтуды білемін» ойыны.
Ойынның шарты
Үлестірмелі қағазға төрт түліктің суреті келесі жағына есеп беріледі. Есепті шығарып, суреттегі төрт түлікке байланысты мақал айту керек, егер мақал білмесе, онда сол төрт түліктің дыбысын салады. Мысалы қойға байланысты мақал. «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір» т. б

«Асау мәстек» ойыны
Ойынның шарты
Үлестірмелі қағаздың, сыртына құлын, жабағы, тай, байтал, бие т. б аттың жас ерекшеліктеріне байланысты жылқының түрлеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі де, орындалғаннан кейін осы жылқының түрлеріне анықтама береді.

«Ғажайып қоржын» ойынына ертедегі ата - бабаларымыз қолданған өлшем бірліктерді алдық. Бұл ойынның қызықты өтуі көбіне ойынды жүргізетін жетекшіге байланысты. Оның көпшілікті өзіне үйіріп алуы, сөз шеберлігіне, таңдап алған материалына, оны жеткізе білуіне, яғни даярлығына байланысты екен.
Ойынның шарты: белгі салынған асықтар.
Қоржынға қол салғанда, қолға ілінген асыққа (+) белгісі салынған болса, сөздің қалаған бір әрпін ашуға болады, ал (+2) таңбасы бар асық болса, ұпайы екі еселенеді, (көк) асық шықса күйсін, (қызыл) асық – сыйлық, (Ғ) белгісі бар асық шықса, музыкалық сәлем.
1 топ. Тақтайшада ата - бабамыздың пайдаланған ертедегі ұзындық өлшем бірлігі: (шақырым)
Көрермендермен ойын. «Шақырым» біздің ата - бабамыздан қолданған ұзындық өлшем бірлігі, ал бізосы өлшем бірлікті қазір қандай атаумен қолданып жүрміз? ( километр) ойын осылай жалғаса береді. /4, 29 - бет/

«Қалауың білсін» ойынында әр топтан бір - бірден оқушы шығып, үстел үстіндегі заттардың білезік, сырға, жүзік, торсық, қамшы т. б. қалағанын алып, ондағы белгі қағаздағы есепті шығаруға кіріседі және сол заттардың қазақ тұрмысындағы орнына, жасалу жолдарын тоқталады./4, 31 - бет/
Осы ойындарды ойнау арқылы оқушылардың ойы тынығады, өмір танымы кеңейеді, бірлеседі, ұйымшылдыққа үйренеді, сабаққа деген қызығушылығы артады.
Осыған байланысты мен мынандай ұсыныс жасағым келіп отыр, әр ұстаз өз сабағында ойын элементтерін байланыстырып өткізсе, келешек ұрпаққа өз салт – дәстүрлерімізді құрметтей білуге, қастерлеуге, қазақ халқы өзінің керемет бір үлкен ұлт екенін, өзінің қаншалық мұрасы бар екенін сезінеді. Рухани зор байлығымызды бойымызға ана сүтіндей сіңіріп өсірейік.
Өйткені ертең елімізді ел ететін, Отанын жаудан қорғайтын ер жүрек батыр – жас ұрпақтың мойынында.
«Халқыңның қандай екенін
Салтынан сынап біл» - деген жақсы халық даналығы бар.
Кімде - кім дәстүрсіз өмір сүрем десе, бұл - оның жетесіздігінен туындаған бос қиялы, кеудемсоқ таяздығы ғана. Ғасырлар бойы даму барысында жас алған қоғамның өмір сүру салтына айналған салт - сана, дәстүрден бас тарту атам заманғы жабайлыққа қайта оралғысы келгендіктен басқа ештеңе емес. Сондықтан да қазақ елінің келешегі де, өнеге салты да, ерлігі де, елдіге де жас ұрпақ сіздерге аманат!.

Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
№ 17 кәсіптік лицей, Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу