Тәуелсіздіктің ақ таңы
Қарқын Көктем
11 сынып, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кеңсай ауылы,
Кеңсай орта мектебі,
Жетекшісі: Толесова Меруерт Молдагалиевна

Қыстың бірінші күні. Желтоқсан айы. Ақ ұлпа қарға бөленген кішкентай ауылымның әсем табиғатына үнсіз ғана көз тастаудамын. Аспан төрінен шуағын шашқан алтын күн нұрымен шағылысқан кең байтақ қазақ сахарасы, ауыл халқының қарбаласқа толы, тыныш тіршілігі – бәрі-бәрі тәуелсіздігіміздің сыйы екенін тағы да бір мәрте есіме салды. Белес-белес созылған тау жоталарына қарап, тарихтың қатулы қатпарларына енгендей боламын. Сонау ақтабан шұбырындыдан бүгінгі күнге дейінгі «Елім-ай» деп еңіреп, аттары ауыздығымен су ішіп, бабаларымыз етігімен су кешкен қиын-қыстау замандардағы халқымыздың зарлы үні, үмітке толы тағдыр жолы елестейді.Иә, бұл -қазақ атты ұлы елдің қиындығы мен қуанышына, жеңілісі мен жеңісіне куә болған Желтоқсан айы. Ал, мен сол жеңісті күндердің, тәуелсіздіктің , бейбіт ұрпағымын! Мен осы таңға жету үшін қаншама тер, қаншма қан төгілгенін көзіммен көрмесем де, жүрегіммен сезініп үлгердім. Осындай тамыры тереңге созылған, 550 жылдық тарихы бар ұлы хандықтың, айбыны асқақ мәңгілік елдің ұрпағы болғаным үшін мен бақыттымын. Тәуелсіздік маған асқақ арман сыйлады, кемел болашағыма деген сенімімді арттырды және парыз бен міндет жүктеді. Ал мен тәуелсіздікке мәңгілік тағдыр сыйлағым келеді. Осы күнді келер ұрпаққа баянды етіп жеткізу де, еліміздің атын әлемге танытып, даңқын шығару да, көсегесін көгертіп, шаңырағын құлатпай, тіктеп ұстау да біздің, бүгінгі ұрпақтың, басты парызы.
Тәуелсіздік демекші, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заман елімізге орнағаннан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр түрлі бағытта сарабдал саясаттар жүргізіп келеді. Менің бойымдағы Отаныма деген махаббат пен кіршіксіз адал ниет те- осы Елбасы ұстанған саясат пен шешімнің нәтижесі. Себебі, барлығымыз білетіндей тоқсаныншы жылдары тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан кейін Президент шеттегі қазақ диаспораларын жинап құрылтай ашып және сол құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім шығарып, «Көшіп келу туралы» Заң негізінде шеттегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғандығы айтылды.
Әрине, бұл шешім қабылданып, ата жұртын аңсап жүрген қазақ халқы мәре-сәре болып жатқан кезде мен тіпті дүние есігін ашпаған да едім. Менің балалық шағымның, балғын шағымның он жылы Күн асты елі атанған ҚХР-да өтті. Алып ұшқан сәби кездерімде мен Отан дегеннің не екенін түсінбейтінмін де, бала көңілімде барлық жер қазақтың жері деген ой болатын. Атам мен әжемнің еркесі болып өскендіктен де көп нәрсеге бас ауыртып жатпадым, ақ әжемнің ертегісі, атамның айтатын шежірелері мен үшін өмірлік мектеп болды. Бірде, мен білетін абзал атам бұрын айтпаған тың тақырып бастады: «Балам, білесің бе? Сен өсіп келе жатырсың, Құдай қаласа , менің үмітімді ақтайтын үлкен азамат боласың. Бірақ, есіңде болсын, сенің ата-бабаңның туған жері, сенің тарихи Отаның-Қазақстан»- деді. Мен сонда ғана түсіндім, өзімнің өзге елде өмір сүріп жатқанымды. Аташым ары қарай ұзақ әңгіме айтты. Ол кісінің сол кезде айтқан әр сөзі әлі күнге жүрек түкпірімде, мен сонда алғаш көріп едім атамның көздерінен мұңға толы сағынышты. Осылайша, уақыт зулап өте шықты. Бірер жылдардан кейін біз отбасымызбен атажұртымызға қоныс аудардық. Мен мектептегі оқуымды да осы жерден жалғастырдым, жаңа достар таптым, алдыма үлкен мақсаттар қойдым. Ал, қазір атам мен әжем немерелері мен балаларының ақылшысы болып ортамызда аман-есен осы күнге жетті, бізге үнемі тәуелсіздіктің Алланың қымбат сыйы екенін айтудан шаршаған емес. Отан отбасынан басталады демекші, біздің отбасы ең бақытты отбасы, себебі біз бейбіт күн астында, ең бастысы өз елімізде, біреудің қолына қарамай тәуелсіз өмір сүрудеміз.
Қасиетті қара шаңырақ-біздің жарқын болашағымыздың темір қазығы. Көреген басшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, береке мен бірлікті сақтап, бізді қолдап, жебеп отырса, бізден бақытты ұрпақ болар ма?!..
Біздер, жас буын, тәуелсіздік тағылымдарын танып, қастерлеп,құрметтеп отыруымыз керек.Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат. Сондықтан да бәріміз еліміз үшін еңбектеніп, халқымыз үшін қызмет істеуіміз керек.Тәуелсіздікті қорғап, оны қастерлей білу- тек біздің қолымызда.Мен осындай еркін, азат елдің ұланы екенімді мақтан етемін! Күн дидарлы Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, кірпіш болып қалану,тәуелсіздік туын биік ұстау-перзенттік парызым.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Тәуелсіздіктің ақ таңы туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиздиктин ак таны на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіздіктің ақ таңы