Тәуелсіздік – халықтың бақ жұлдызы
Жамалов Аябек
10 сынып лицеисі, «Арыстан» мамандандырылған лицейі
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» Қоғамдық қорының филиалы
Жетекшісі: Умерджанова Ж.Т.

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл – еліміздің тәуелсіз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдермен деңгейлес. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын Азия барысы. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, оқ пен оттың астында өктем биліктен шектен шықпауды сұрауы және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен, халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді.
Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Енді тәуелсіздікке дейінгі жылдарға шолу жасап өтейін. 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикасының Жоғарғы Кеңес сессиясымен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы атауына ауыстыру туралы шешім қабылданды.Сол сәттен бастап Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы өз тарихын аяқтады. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды. Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап, жаңа мемлекеттің құрылуының заң негізінде кейбір құқықтық актілер шығарылды. Олардың ішіне Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы кіреді. Осы конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдады. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы таратылған кейін кеңестігінің барлық мемлекеттердің ішінен Республика ең соңғы мемлекеттік егемендігін жариялады. Мемлекеттік егемендігін жарияланған сәттен бастап еліміз «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесін тойлай бастады, осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанына 25 жылға толады. Тәуелсіздігін алу негізі халықтың тарихи еркінің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақстан халқының тарихының, оның өмірі және экономикалық - саяси жүйесінің қайта құрылуы болып табылады. 16 желтоқсан күні – 1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңында болған желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу күні.
Осы күні халық орталық алаңға 1986 жылы желтоқсан айында болған оқиғалардың құрбандарын естеріне алу үшін шығады. Республиканың барлық елді мекендерінде жаппай мерекені тойлау, концерт бағдарламалары өткізіледі және белгілі мәдениет, ғылыми, спорт қайраткерлерін салтанатты түрде марапаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап Қазақстан экономика мен саяси қайта құрылуына байланысты экономикасында үлкен табыстарға жетті. Қазақстан өзінің аумағын бекітіп және оның бүтін, бөлінбейтінін жариялады. Халықтың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін ядролық қарудан бас тарты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстары елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың нәтижесі болып табылады, құдды бір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келгендей. 25 жылда Қазақстанның жеткен жетістігі жетерлік. Бірақ тәуелсіз мемлекет ретінде біздің жетістіктеріміз не деген сауал туындаса, мен төмендегі нәтижелерді атар едім. Біріншісі, тәуелсіз, жаңаша ойлай алатын, сыни көзқарастан қорықпайтын жаңа қоғам, жаңа ұрпақ қалыптасты. Бірақ осы ұрпаққа қазақ тарихын ұқтыру, құрмет сезімін қалыптастыру керек. Қазіргі қатардағы азамат өз ойын ашық жеткізе алады, қымсынбайды. Керек жерде талап етеді. Келмеске кеткен Кеңес Одағын аңсамайды. Көпұлтты мемлекеттің жастарының көпшілігі өз болашағын Қазақстанның дамуымен байланыстырады. Екіншісі, Қазақстан территориясы шекарасының толық анықталып, құжатпен бекітілуі, өзге мемлекеттердің өктемдігінен заңмен қорғалуы. Бұл жетістікке жету үшін талай дипломат, топограф, тарихшылар, картографтар және өзге де мамандар сан жылдар бойы тер төкті.
Ал осы іске негіз болған президент Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі шексіз. Елбасы келер ұрпаққа шешілуі қиын әрі ұзақ ұлтаралық, дінаралық жанжалдарды, түйіні тарқатылмаған жер дауын қалдырмау үшін тырысуда. Өз уақытында қиын мәселелерді сыртқы инвестицияның көмегімен болса да шешуге тырысуда. Біздің елімізде түрлі мемлекеттердің бейбіт мақсаттағы жобаларын жүзеге асыруларына жол ашылды. Шетелдіктерге есік ашық. Үшінші – үлкен қиыншылықтармен республикамыздың нарықтық экономикаға толық өтуі. Нарықтық экономика, бәсекеге қабілеттілік деген сөздер тегін айтылмаған. Бұл жеке тұлғаның қоғаммен ынтымақтаса отырып өз кәсібін дамытуы, мемлекеттік шығынды азайтуға үлес қосуы болып табылады. Мемлекеттік бюджетке емес, өз қабілеті мен іскерлігіне сүйенген жаңа топ пайда болды. Енді толағай еңбек пен үлкен қиыншылықтардың арқасында экономикамыз нығайып, дамыған елу елдің қатарына кіру үшін нақты қадамдар жасалды. Бұл жетістіктерді жетілдіру үшін тарихи санамыз таза, толық болуға тиісті. Жетпіс жылда жоғалтқан асылдарымызбен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында табыстық. Алашорда арыстарының халық үшін еткен еңбектері жас ұрпақты ұлттық патриотизмге шақыруға тиісті. Олар болмаса, өз мемлекетіміздің аты да тарихқа бұрыс жазылып кете жаздаған. Тәуелсіздік тек қана мереке емес бір күн не бір ай тойлап қоя салатын. Бұл – үздіксіз жетілу үрдісі, ұлттық сананың толығуы, өткеннен алынатын сабақ. Бұл – ата-бабаларымыздың төккен қаны, аналарымыздың ары!
Ел тәуелсіздігін қалай сақтап, мемлекетті қалай жаһандану дәуірінде гүлдендіруге болады? Әрине, мен қазір оқушымын. Менің қосар үлесім – жақсы оқу, оқуда озат болып, өзімнің қабілеттерімді жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің болашақ білімді офицері болу. Отанымыздың саналы, кемел келешегінен күтері көп. Қол жетпес бағалы тәуелсіздігімізді сақтап, оны болашаққа аманат ету – біздің

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Тәуелсіздік – халықтың бақ жұлдызы туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиздик – халыктын бак жулдызы на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіздік – халықтың бақ жұлдызы