Ер есімі-ел есінде
Базарбай Нұрила
9 сынып Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі
Қарасай ауданы
Жетекшісі: Жарылқасымова Б.

Біздің жүрегіміз темір емес .Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да, ерітіп , күйдіріп жібере алады . Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік. Бауыржан Момышұлы
Осыдан тура 75 жыл бұрын фашистік Германия 1941-жылы 22-маусымда таңғы төртте 1939-жылы жасаған келісім шартын өрескел бұзып,ойламаған жерден КСРО аумағына шекарамызды бұзып, баса көктеп кірді. Жер шарын дүрліктірген соғыс жайлы суық хабар атақты диктор Левитанның радио арқылы хабарлауымен бүкіл елге тарады. Олар жолындағы деревнялардың бәрін өртеп, адамдарды,тіпті жас балаларды да аяусыз қырып, мал-мүлкін тартып алып,ойына келген жауыздықтарын істеді.
Гитлердің басты мақсаты КСРО –ны жеңгеннен кейін бүкіл елді өздеріне бағындырып ,Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда бірыңғай герман аумағын құруды көздеді .Бірақ ол кезде он бес одақтың қаймағы бұзылмаған, бірге болатын.Кеңес Одағынан қолына қару ұстар азамат болса, соғысқа шақырты- лып, өз Отанын қорғауға аттанды. Бес жылға созылған бұл соғыс күллі адамзат баласының есінде мәңгі қалды. Сан мыңдаған адамдардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының қасіретін тартпаған бірде –бір шаңырақ қалмады. Күнде почта арқылы келген «Қаралы қағаздар», «Соғыста белгісіз жоғалды»- деген жүректі шошытар хаттар, «Майданда ерлікпен қаза тапты » - деген суық жеделхаттар қарт аталар мен әжелерді сүйенішсіз қалдырып, қайран аналарымызды жесір, балалықтың бал дәмін татар шақта бейкүнә сәбилерді қамқоршысыз ,аңыратып, жетім қалдырды. Ауылда қалған кәрі ата-әжелер таңның атуы, күннің батуы жарғақ құлақтары жастыққа тимей заводтарда, егіс алқаптарында еңбек етті. Аналар, бұғанасы қатпаған жас балалар мен қыздар ауыр жұмыстарды атқарып, жеңіс үшін өз үлестерін қосты. Өздері аш-жалаңаш жүрсе де, бар тапқан-таянғанын соғыстағы жауынгерлерге жіберіп отырды. Соғыс жылдарындағы туылған балалар балалықтың не екенін де білмей , жетімдіктің , ауыр бейнеттің тауқыметін тартып, ерте есейді.
1418 күнге созылған бұл соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін қасық қаны қалғанша , көкіректерінен жаны шыққанша қазақ халқы да өз үлестерін қосты. Қазақ жауынгерлері Брест қамалынан бастап ,Берлинге дейін барды. Қайран ерлер Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде ,Ленинград пен Москва үшін болған шайқастарда көзсіз ерлік көрсетті.Көптеген елді мекендерді азат етті. Олар одақтастарымыз Польша, Румыния, Чехославакия Болгария, Германия жерінде орақ пен балға бейнеленген қып-қызыл туды желбіретіп өтті. Тек қана қазақстаннның өзінен соғысқа бір миллион екі жүз мыңнан астам адам шақырылды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған Кеңес одағының бас көтерер азаматтары өз Отанын қорғауға аттанды. Алғашқылардың бірі болып Наумов бастаған 312-атқыштар дивизиясы ,генерал-майор Панфилов бастаған 316- дивизия Коротков бастаған 238атқыштар дивизиясы ,Мәскеу үшін болған шайқаста көзсіз ерлік көрсетті.Олар: Бауыржан Момышұлы,Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рашид Жанғозин,Т. Елебековтар «Бәрі де Отан үшін !Бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қасық қаны қалғанша қасиетті Отанын қорғады. Елім деп еңіреген ер жүрек азаматтар мен қыздардың өздері сұранып, майдан –ның алғы шебіне аттанды.
Қазақ қыздарының ерлігінің символы болған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерлігін ұрпақтары әлі ән қылып айтып жүр, әлі де айта бермек. Гитлер Совет халқын оп-оңай жаулап аламын деп ойлап, қатты қателесті. Жеңіске жету үшін ата-әжелеріміз өздерінің қасық қаны қалғанша күресетіндерін ойламаған да болар.Тіпті тұтқынға түскендердің өздері де өз елін ,намысын ,ұрпақтарының келешегі үшін жандарын қиды, олардың көкіректеріне немістің крестерін басып ,күйдіріп, дарға асып ,пеште көздерінше тұтқындарды өртеп жатқанда да міз бақпай ,түбінде жеңіске жететіндігіне сеніп,сұм ажалды қасқая қарсы алды. Тек қана Ленинград үшін шайқас үш жылдан астам уақытқа созылды.Жаудың қоршауында қалған батыр қалаға қазақстаннан қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар, жылы киімдер ,аяқ киімдер мен азық-түлік тиелген көптеген эшелондар жөнелтілді. №310,314-атқыштар дивизиясы ерекше ерлікпен көзге түсті.
Соғыстың басынан аяғына дейін ерлік көрсеткені үшін қазақстанда жасақталған 12 дивизияға құрметті атақ берілді.Дивизияда ерлік көрсеткен батырлар әр түрлі ордендермен марапатталды. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін жүзден астам қазақстандықтар орден және медальдармен марапатталды. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды.Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова мен Талғат Бигелдинов бастаған төрт ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алды.
Бұл атақ Бауыржан Момышұлы атамызға ол өмірден озған соң ғана берілді. Жау Москваға таяп қалды.Сол кездегі еліміздің жүрегі болған Москва үшін шайқаста отандастарымыз бен бірге біздің еліміздің азаматтары да ерен ерліктерімен ерекшеленді. Москвағаға аз-ақ қалғанда немістер жеңіліс тапты. Немістер елді жаулап алмақ түгілі ,енді өз қара бастарын алып қашып, шегіне бастады.Жауды тықсыра қуған батырларымыз немістерді өз елдеріне дейін шегіндірді.Өз Отанына деген махаббат пен ыстық ықылас, намыс , ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті сезінген батырларымыз жауды тықсырта қуып, ең соңғы ұясы Рейхстагға дейін шегіндіріп апарып ,бір-ақ талқандады.
Рейхстагқа ту тігу бақыты да Рақымжан Қошқарбаевқа бұйырғаны қазақ халқының беделін тағы да көтеріп тастады. Биыл соғыстың аяқталғанына 71 жыл толды. Біз өскелең ұрпақ ешқашан да ата-бабамыздың ерлігін ұмытпауымыз керек.Олардың алдында осындай бақытты балалығымыз үшін өмір-бақи қарыздармыз.Отанымызды сүю,қорғау-біздің басты міндетіміз.Енді ешқашан соғыс болмасын !Жұмыр жерде мәңгі-бақи тыныштық болсын! Елін, жерін сүйген ақылды,білімді, тәрбиелі ,батыр, ұрпақтарымыз көбейе берсін! Өзімнің шығарған бір-екі ауыз өлеңіммен шығармамды аяқтаймын.
Сұм соғыс жалмап алды боздақтарды,
Зар илетіп аяулы әже, аналарды.
Балалық бақытты шақ көре алмаған,
Қалайша аямассың балаларды?
Қанша адам қайта алмай туған жерге,
Ажал құшты ерлікпен бөтен жерде.
Әр жерде пайда болып қабірлері,
Ұрпақтары тағзым еткен ерлеріне.
Арадан өтсе -дағы сонша уақыт,
Батырын туған елі ұмытпаған.
Жеткізді ұрпақтарын қандай бақыт!
Қан кешсе де, еш ажалдан қорықпаған.
Енді соғыс болмасын!
Елде болсын тыныштық!
Ұрпағың қару алмасын,
Бейбіт өмір тым ыстық!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Ер есімі-ел есінде туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ер есими-ел есинде на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ер есімі-ел есінде