Әлемнің құлпырған кезі
Әбіл Эльмира
8 сынып, Қ.Шорманов орта мектебі
Райымбек ауданы, Текес ауылы
Жетекшісі: Какымбекова Л.Т.
8 сынып, Қ.Шорманов орта мектебі
Райымбек ауданы, Текес ауылы
Жетекшісі: Какымбекова Л.Т.
1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Ауылымызды ақ қар жапқан
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат- аспан, жерді аттандатқан.
Мұқағали Мақатаев
1941жылдың жазы! Дүниенің ажары кіріп, әлемнің құлпырған кезі. 22маусым күні неміс басқыншыларының КСРО жеріне басып кіруі жайлы суыт хабар осы мамыражай уақыттың шырқын бұзды. Табиғатқа да , адамзатқа да бұл хабар ауыр соққы болып тиді.
Германия тағылық таңбасын жасыра алмайтын зорлық- зомбылықтың еліне айналды. КСРО халықтары "өлсек өлерміз, бірақ жерімізді неміс басқыншыларына бере алмаспыз",-деп Отанды қорғауға аттанды. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қолдарына қару алып, Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстанда құрылған әскери бөлімдер Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес әскерлерінің құрамында мыңдаған қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Брест қамалдарын қорғауға қатысты. Ұлы Отан соғысындағы біздің қазақ халқының, қазақстандықтардың ерлігі ғаламат. Жас берендеріміз ата- бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін жалғастырды. Ұлы Отан Соғысында қазақ халқының жауынгерлік, Отаншылдық рухы әлемге танылды. Қазақ халқының жауынгерлік рухын көтеруде Алатаудың ақиық ақыны Жамбыл Жабаев :
Шегінгенің - өлгенің,
Ерлер, енді соны ойла.
Елді жауға бергеннен,
Өлген артық одан да,- деп саңқылдай жар салды.
Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап кеңес жауынгерлерінің қатарындағы қазақстандықтар шайқасқан барлық майдан далаларында фашистік басқыншыларға қарсы кесілескен ұрыс жүргізілді. Мәскеу түбінде генерал- майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316- атқыштар дивизиясының өшпес ерлігі әлемге таралды. Өшпес ерліктің мәңгі алауы Алматы қаласының орталығында "28 Панфиловшылар" атындағы паркте алаулап тұр. Бұл алау Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы Отанға деген сүйіспеншілігінің алауы. Сталинград қаласы үшін ұрыстарда полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73 гвардиялық дивизиялар ерекше ерлік үлгілерін көрсетсе,
Жанды- жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер,
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен, - деп Мұқағали Мақатаев Ұлы Отан Соғысына тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесін көрсетті. Тыл еңбеккерлерінің соғысқа қосқан үлесі ұшан- теңіз. Тыл еңбеккерлерінің Отанға сүйіспеншілігін еңбегімен көрсетті. Ұлы Отан соғысы басталған кезде 9-10 жастағы балалардың өзі үлкендермен қатар жеңіске өз үлестерін қосты. Сол қыслтаң кезде жас баланың қолынан не келеді ?- деп ойлайсың. Ал сол уақыттағы жас жеткіншектер астық бастыруға, масақ теруге, малдардың көші- қоңына көмектесіп, жеңісті жақындата түсті. Менің атам Қоқымбеков Мүшірбек: Соғыс жылдары небары 10 жастағы бозбала болдым, бірақ- та үлкендерден қалыспай жылқы бақтым. Қыста жылқыларды ит-құс жеп кетпесін деп, артынан қалмай бағып отырдық. Атам үнемі балалардың бір ғана тілегі бар болды: Отанымыз соғыста жеңіске жетсе! КСРО халықтарының армандары осы болды. Жеңіс жалауы желбірегендегі ауылдағы халықтың қуаныш көз жасын мен ешқашан ұмытпаймын! Біздің балалық шағымыз осылай өтті,- деп күрсінуші еді. Еңбегі еленіп, бірнеше орден, медалдармен марапатталған. Изенбаева Қанбала соғыс басталған кезде небары 10-11 жастағы қыз болған. Қанбала апа соғыс кезінде жазда шалғы шауып, шалғышыларға сусын тасып, мая салды, ал күзде қырманға ат арбамен астық тасып, жел соққанда қырманға барып, бидай ұшырды. Қыс мезгілінде малды жайып, түнде шұлық тоқып соғысқа өз үлесін қосты. Бұл еңбегі еленбей қалған жоқ. Бірнеше еңбегі үшін арнайы төсбелгілермен марапатталған. "60 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945г.г"т.б Әшімбаев Бөденбай : Кездесудегі сөзінен үзінді: Соғыс басталғанда біз де сендердей бала едік. Бірақ біздің балалық шағымызды соғыстың жеңіспен аяқталуына бағыттадық. Сол сұрапыл жылдары соқаны өгізге жегіп, жерге дән септік, егіннің бітік шығуы үшін күні- түні егістік басына түнеп, арықтар қазып, егінді суардық. Егініміз бітік шығып, қырманға астық тасып, астықты ұяға салғанша мен ғана емес бар бала тыным таппадық. Ал қыста қой бағып, үлкендермен қатар жұмыс істедік. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегіміз еленіп, бірнеше орден, медалдармен марапатталдық.
Сол уақыттағы бар бала соғысқа осылай өз үлестерін қосты. Ауылымызда тыл ардагерлерімен үнемі кездесулер ұйымдастырылады. Атаапаларымыздың арасы сиреп барады. Ауылымызда тыл ардагерлеріне арналған " Ана мен бала" ескерткіші бой көтерген. Әрдайым оқушылар "Ана мен бала" және "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға" арналған тақта ескерткіштер ауласын тазартып, көгалдандырып, гүл шоқтарын қойып, үнемі еске алып отырады.
Жүздеген мың оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдары масақ терді, металл сынықтарын жинады. Олар өздері тапқан қаржыларын "Қазақстан пионері" қорына аударып, "Қазақстан пионері" танк колоннасы жауды талқандауға қатысты.
Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір- бір батыр жасапты.
Батыр жұртым, сол жылдарды өткердің,
Сонда да сен жақсы көрдің, жек көрдің
Қара ешкідей қатып қалған әжеңді,
Кейінгі ұрпақ, батыр емес деп көргін!
Соғыс Қазақстан халқына да үлкен сын болды. Соғыстың сұрапыл сындары да, жанға батар шығындар мен жеңіс қуанышы да, кескілескен шайқастардағы ерлік те, еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайым ұлылығы да өз көрінісін тапты.
Ер есімі- ел есінде мәңгі сақталады!
Әлемді отпен ораған, Ана мен бала жылаған.
Ауаны оқпен бораған Болмасын, соғыс, болмасын,
Айырып әкені баладан, Әлемде тыныштық орнасын

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Әлемнің құлпырған кезі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Алемнин кулпырган кези на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Әлемнің құлпырған кезі