Ұсталық кәсіп
Ұсталық кәсіп – ертеден келе жатқан кәсіп түрі болып табылады, ол көшпенділер өмірінде халықты шаруашылық және тұрмыстық маңызы бар бұйымдармен қамтамасыз еткен.
Ұсталар селебе, жекеауыз, найзаның үш қырлы ұштарын, жебелердің екі қырлы және төрт қырлы ұштарын, тіпті білтелі мылтық соғып, құйған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысының өзінде Қазақстанда жез ыдыс (шәйнек, леген) жасаған. Осы кезеңде жер жыртатын құралдарға арналған шойын тіс, темір тіс; астық ору және шөп шабуға арналған орақ, шалғы орақ; жер қопаратын кетпен; ат әбзелдері – үзеңгі, жүген, темір шығыршықтар, ілгектер мен ауыздықтар, қой қырқуға арналған қайшы, сондай-ақ таға сияқты тұрмыстық заттарды қолдан құйып, соққан. Сонымен қатар, ұсталар сәндік-қолданбалы бұйымдар: ілгектері бар сырық түріндегі киімілгіштер, ер-тұрманға арналған өрнекті әшекейлер жасаған, оларды содан кейін қазақ зергерлері күміспен қақтаған.
Ұсталардың шеберханасы және еңбек құралы ретінде – аспаптары болған. Жұмыстарында металды қыздырып соғу, дайын қалыптарға құю, түрлі бөлшектерді шегендеу, сымкәптау (ширатпалау) және қаралау (алалау) әдістерін қолданған.
Қару-жарақ соғатын ұсталар аса сыйлы болған. Тіпті ұстахана киелі орын деп есептеліп, ерекше қастерленген.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ұста туралы шығарма, ұста туралы, шығарма, ұста, туралы, уста туралы шыгарма, сочинение мастер на казахском языке, шығарма ұста, шыгарма уста, сочинение на казахском языке, ұсталық кәсіп шығарма, усталык касип шыгарма