Ана - өмір шуағы (8 наурыз туралы шығарма)

Ана - өмір шуағы (8 наурыз туралы шығарма)

8 наурызға арналған шығарма

Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!
Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі.
Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!


Пайдалы сілтемелер:





Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 9
  1. Ару қыздар туралы шығарма
    0 + 1 -
    Ару қыздар — мереке құтты болсын!

    «Жер жұмағы – ен дала, ел сұлуы – қыз бала» — деп Бернияз Күлеев айтқандай, еліміздің сұлулары барлығы дерлік көз тартатын арулар. Олар еліміздің көрігіне көрік беретін жайқалған гүлдері десек қате айтқанымыз емес. «Қыз қонақ» дейді, яғни, «қыз мұраты кету» дегендей,«қыз жат жұрттық» Сондықтан бұрынғы заманнан-ақ қыз баласын құрмет тұтқан. «Қызды қырық үйден тыю» дейді, яғни, қазақта қыз баласы инабатты, ибалы, кішіпейіл, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, биязы болуы қажет саналған. Сыпсыңдап өсек айтуға, жарыса сөйлеуге, жалғыз өзі қыдыруға, тағы да осы сияқты қазаққа жат қылықтардан тиып, көрегенділік пен ақылды болуға тәрбиелеген. Өйткені, қыз баласы ертеңгі ана, олардың мінез құлықтары ұрпақтың тәрбиесіне бірден бір әсер етеді. Осы тұрғыда «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» — дейді Ғабит Мүсірепов атамыз. Қыздың тәрбиесі болашақ ұрпақтың тәрбиесі болары сөзсіз.
    Қазіргі таңда шет елдерге қазақ елін танытып жүрген көптеген аруларымыз, шет елдерде қазақтың даңқын шығарып жүрген көптеген сұлуларымыз бар. Оларды расында да мақтан етеміз.
    Қыздар біздің — гүліміз,
    Қыздар біздің — үніміз.
    Шырқап айтар жүрекпен,
    Әніміз бен жырымыз —
    — деп сөзімді өлең жолымен тұздықтай отырып, қазағымның көрікті де сүйкімді, қылықты да ажарлы, инабатты, ибалы, биязылық қалыпын жоғалтпаған аруларымызды, жалпы барша қыздар қауымын, барша аруларды көктеммен бірге келген 8-наурыз — «Халықаралық әйелдер» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер ертеңгі күні бір-бір үйдің түтінін жағатын ақ жаулықты анасыздар. Сіздерге қарап ой түзейтін, сіздерге қарап бой түзейтін адамдар бар, сіздердің өмір жолдарыңыз ашық болып, қиындықтар қашық болсын, құрметті сұлу да, сүйкімді ару қыздар!
    Гүл көктемдей құлпырып жайнаңыздар,
    Күндеріңіз шаттыққа, нұрға толып.
    Бар жақсыны тілеймін ару қыздар,
    Ортамызда жүріңіздер аман болып! —
    — дегім келеді, 8-наурыз мейрамы құтты болсын, ару қыздар!

    «Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
  2. аналар туралы шығарма
    0 + 0 -
    Ардақты аналар — 8-наурыз мерекеңізбен!

    Ана — жүрегінде мейірім бар, әлемдегі ең ардақты да аяулы жан. Олар бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін нағыз ақ пейілді жандар болып табылады. «Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз» — дейді Оноре де Бальзак. Яғни, қаншалықты қателік жасасаң да ана жүрегі мейірімге толы, кешірімді. «Анасы бар адамдар қартаймайды» дегендей, анасы бар адамдар ең бақытты жан деп айта аламыз. Рас, кей кездері анамыздың көңіліне тиетін сөздер айтып, ренжітіп жатамыз. Көңіліне қаяу салып, жүзіне мұң ұялатамыз. Мұның бәрі аналардың жүрегін ауыртатыны сөзсіз. Қателігімізді дер кезінде түсініп, аналарымыздан кешірім сұрап, көңілдерін таба білсек аналарымызды қуантып, жүздеріне шаттық пен бақыттың көрінісін келтіре алсақ біз үшін үлкен бақыт болмақ. Өйткені аналарсыз бұл өмірдің шаттығы мен бақыты сезілер ме еді, кім білсін?!
    «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді» — дейді В. Г. Белинский. Расында да, аналардың махаббатытынан күшті нәрсе жоқ. Олардың алдында басқа дүниелердің бәрі әлсіз келеді.

    «Аналар — гүлді бағымыз,
    Аналар — намыс, арымыз.
    Аналардың алдында,
    Баламыз біз бәріміз» —

    — деген өлең шумағым арқылы аналарымыздың біз үшін қадір-қасиетін жеткізе алдым деген үміттемін. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астындағы кұн сайын өсіп келе жатқан сәбиін мейірлене күтіп жүрген, аспандағы айды алып беруге әзер тұратын аналарымызға басымызды иеміз.
    Ақ сүтімен мәпелеп өсірген, балаларының жайқалып өсуіне, тәлім-тәрбиесіне бірден бір жауапты адам, Меккеге жеті рет арқалап барсаң да олардың алдындағы қарызымызды өтей алмаспыз. Өйткені, ананың аты қашанда — ана болып қала бермек.
    Сөзімді «Ақ шашты ана:«жастығым — балам» дейді.
    Ақылды бала: «ай-күнім — анам» — дейді» мақалмен қорытындыласам, мейірлене «балам» дейтін — аналар, «ай-күнім — анам дейтін — балалар көбейіп, ана мен баланың арасындағы үлкен махаббат, ынтымақ, бірлік, сыйластық арта берсін деген ниетпен барша ақ жаулықты аналарды, әжелерді келіп жеткен 8 наурыз — «Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Гүл жайнаған аналар гүлді бағымыздың сәні болып, амандықта бала-шағасының қызығына тоймай, жүздері күлімдеп, біздерге бағыт-бағдар көрсетіп жүре берсін!
    Ардақты да аяулы аналар, сіздерді тағы да көкемнің алғашқы мерекесі, 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

    «Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
  3. 8 наурыз туралы шығарма
    0 + 0 -
    8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен!

    8-наурыз десек, бүкіл әлем бойынша тойланатын, бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық мейрам — «Әйелдер» мейрамы еске түседі. Әйелдер туралы өлеңдер жазылып, әйелдер туралы ән де шырқалып жатады. «Әйелдер» деген атаумен кеңінен тарап кеткен бұл мейрамды сөзімізге әсемдік қосып, әрлеп, құлағымызға жағымды, нәзік атаумен атайтын болсақ, яғни, «Аналар» мерекесі деп. Біздер үшін, аналардың орны әрқашанда бөлек болып саналады. Бір қолымен бесік тербеп, екінші қолымен әлемді тербейтін аналарға жететін жан жоқ шығар сірә!
    «Ана деген — асыл жан, мерейіңді асырған» демекші, расында да аналарсыз бұл әлем қара түнекке айналарма еді, кім білсін! Жұмысқа да баратындар — аналар, баланы да табатындар — аналар. Отынды да жаратындар — аналар, тәуекелге баратын да — аналар. Уа, Аналар, аман болшы әрдайым, Уа, аналар, бар жақсыны арнаймын — деп, аналарымызға деген үлкен құрметіміз бен, ілтипатымызды білдіре жүрейік!
    Сәби күнінен бастап, өсіп, сұлуланып, қос бұрымын тарамдап жүретін ару қыздарымыздың өзі ертеңгі болашақ ана, болшақ әже. Сондықтан, барша әйелдер қауымын, барша аналар мен әжелерді, қылығымен баурайтын, биязылық қалпында өсіп-өніп, тамыр жайып келе жатқан сүйкімді қыздарымыз бен көрікті аруларымызды осы атаулы мереке 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Гүлдей жайнап, күлім қағып, жүздеріңізден күлкі кетпей, амандықта, саулықта жақын жандарыңызды қуантып жүре беріңіздер дегім келеді.

    «Ғажайып Қазақстан — 2050» жұрналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
  4. 8-наурыз шығарма
    0 + 0 -
    Әр көктемнің шырайына шырай беретін, барлық жерлер түрленетін, бір ғажайып күйге енетін, аналарымыз мейірлене, әжелеріміз күлім қағып, қыздарымыз, аруларымыз сұлуланып көктемнің бүкіл дүниежүзі бойынша тойланатын көктемнің ең алғашқы ауқымды мерекесі ол әрине — 8 наурыз, «Халықаралық әйелдер» күні. Бұл күнді тойламау мүмкін емес, 8-наурыз дегеннен-ақ әкелеріміз бен аға-іні, бауырларымыз өзіне жақын жандарды осы мерекемен құттықтап, жүректен шыққан ақ тілектері мен сыйлықтарын ұсынып жатады. Бұл әрине көңілге қуаныш ұялатады. Тіпті қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналар, әжелер, кішкентай қыздар, бүлдіршіндер барлығы да дерлік бір-бірлерін, жақындарын осы атаулы мерекемен құттықтап, сыйлықтарын ұсынып жатады.
    Осы бір, әлем бойынша тойланатын атаулы күннің шығу тарихына аз-маз тоқталар болсам, 1957 жылы, 8 наурыздан бастау алып, дүниежүзі бойынша бүкіл ер адамдар әйелдер қауымына көңіл бөліп, осы күні көңілдерін көтеріп, сыйлықтарын табыстайтын болған. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын, яғни наурыз айын «әйелдер» мейрамы етіп, әйелдеріне үлкен құрмет көрсетіп, сый-сияпатын жасайды. Бұл деген сөз нәзік жанды әйелдер қауымына деген үлкен құрмет пен ізет деп білеміз.
    Аталмыш мереке біздің қазақ елінде де кеңінен тойланып, аталып өтіледі десем қате айтқаным емес. Ең бірінші аналарды қуанту, аналарға деген ыстық ықыласымыз бен сүйіспеншілігімізді білдіру әрбір ұл-қыздың міндеті деп білем. «Бұл өмірге әкелген, мәпелеген, ақ сүт беріп, өсірген, жетелеген. Аналарға жететін жан бар ма өзі, кешірген жан кетсе де қате менен» — деп, ойымды бір қортытындылап, барлық аналар мен қыз-келіншек, әпке-сіңілілерді, ұстаз апайлар мен түрлі сала мамандығында жұмыс жасайтын әйелдер мен қыздар қауымын осы ерекше де тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, саулық тілей отырып, «Гүл көктемдей жайнаңыздар әрдайым, Көңілдерде шаттығы көп, жоқ уайым. Жүздеріңіз балбұл жанып, күлімдеп, Бұл өмірді сүріңіздер балдайын» дегім келеді...

    «Ғажайып Қазақстан-2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
  5. Venus Venus
    Venus Venus 09.02.2016 17:03
    0 + 0 -
    Размер
  6. Zhanna
    Zhanna 20.01.2016 13:52
    0 + 0 -
    Thank you!☺☺☺
  7. Zhanna
    Zhanna 20.01.2016 13:52
    0 + 0 -
    Үлкен рахмет выручили!☺☺☺
  8. Даниил Инвия
    Даниил Инвия 17.09.2015 20:05
    0 + 0 -
    ребят выручили РАХМЕТ
  9. Daniyar Kokenov
    Daniyar Kokenov 12.01.2015 14:41
    0 + 0 -
    рахмет