Азаттық туы астында

 Азаттық туы астында

Алыева Айгерім
9 сынып, «Атамекен орта мектебі»
Бейнеу ауданы
Жетекшісі: Абытова А.А.

Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп кқрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен,- деп басталатын әр сөзі саф алтындай салмақты: өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр.
Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.
Қанша айтса да тозбайтын ананың аты секілді, қанша емсең де дәмі азбайтын ананың ақ сүті секілді, қайран азаттық, еркіндік, саған не жетсін! Тарихта тұңғыш рет жас мемлекетті бастау, оны тұғырына қондырып, басына ту байлау, бақытты дербестік жолына жаңылмай алып шығудан артық қиын жұмыс болмақ емес.
Қабылданған аспанкөк туымыз, айшықты елтаңбамыз, ізгілік пен ақпейіл жігерге толы әнұранымыз сондай ас қиын сараптауларда көп көңілінен шығып, тәуелсіз мемлекетіміздің атынан сөйлейтін ресми белгілерге айналды. Олардың басты қасиеті – халқымыздың табиғатына етене жақындығы, төлтума өнер тілімен терең сыр шертіп , асыл аңсарларымыз бен алыс-жақынға деген ізгі пейілімізді кемел жеткізе алуында. Әлемде жалғыз-ақ вексиллология «ту» деген латын сөзінен шыққан, вексилллология – ту институты бар.1973 жылы Лондонда
вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты. Конгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры америкалық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басөарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор энтузиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын өабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексиллологтер тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді . Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польщаның туларына ұқсас болып кеткен. Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жариялады.
Біздің ұлттық белгілеріміз де шетелдік мамандар тарапынан да жоғары баға алды.Мысалы, Бонн қаласындағы дүниежүзілік вексиллология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р.Климеш бізге жазған хаттарының бірінде: «Мемлекеттік туларыңыз ғажап екен! Мен оны алғаш рет теледидардан, Барселонадағы олимпиадалық ойындарды тамашалау кезінде көргенмін» деп жазды. Көк ту – қазақтың қасиеті. Көк ту – қазақтың рухы. Көк ту – ұлттың ұлылығының белгісі. Көк туды қорлағаның – рухыңды қорлағаның. Көк туды қадірлегенің – ұлтыңды қадірлегенің. Көк ту – әрбір шаңырақтың төрінде, әрбір мекеменің төбесінде ілініп тұруға тиіс. Көк туды қадірлеу арқылы рухымызды оятамыз. Ұлттық санамызды қалыптастырамыз. Халықтың болашағы саналатын келер ұрпақ та қазақтың мемлекеттік рәміздерін қадірлеп өсуі керек. Өкінішке орай, қазіргі таңда ұлттық нышанымызды аяқ асты қылып жүрген жастар да бар. Мәселен, көк тудың суретін неше түрлі тәтті кәмпиттердің қағазына салады. Ал ол қағаз болса, қоқыс жәшігінде немесе аяқ астында жатады.Сондай-ақ, көк тудың суретін жеңіл автокөліктің артына салу үрдісі де халық арасында кең жайылған. Бұл қалай болғаны? Сонда ұлттығымыз, азаматтығымыз қайда қалды? Бұл азаматтығымызға үлкен сын. Біз тәуелсіздікке аңсап,зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналар тұсы – осы! Бұл баға жетпес байлығымыздың қадіріне жете білейік.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру