Шырайлым – Шұбайқызылым!

 Шырайлым – Шұбайқызылым!

Шаяхмет Абылайхан
9 сынып, М.Әуезов атындағы ОМ
Бәйдібек ауданы
Жетекшісі: Әлжанова С.С.

Шырайлым – Шұбайқызылым!
Табиғаттың тылсымы ғажап қандай!
Сөзбен өрнек салайын қарап қалмай.
Құрсауынан ақ қыстың босанған соң,
Бүгін міне, көңілім азат қандай!
Табиғаттың тылсымы ғажап қандай!
Жеміс ағаш гүлдеуге аз-ақ қалды-ай.
Елестейді гүл десе сұлу қыздар,
Егіз қылып екеуін жаратқандай.
Көктем бізге гүл сезім ала келген,
Қызыл шырай қызға ән сала келген.
Шұбайқызыл шоқысы қане, досым,
«Қызыл төбе» аталып қала берген?
Қызыл төбе жайлаған қызғалдағым,
Өткен күнде сеземін ызғар барын.
Қасиетті Жер-Ана сыйға тартқан,
Сұлулықты бағалау – ізгі арманым.
Тарихымнан білемін нөпір істі,
Қызыл Одақ шарпыған оты күшті.
Кім болса сол табиғат сұлулығын
Иемденіп алғаны өкінішті...
Өкінішті, басқаша аталғаны,
Өз атынан айырылып Отандағы.
Голландия есімін таңып қойып,
Жаңалыққа балады жаһандағы.
Шоқыға кеп ғалымдар таңданғаны,
Белгілі ғой қуанып жанған бағы.
Нидерландқа телінген қалай ғана,
Сарытөрдің сап-сары сарғалдағы?
Табиғатты қорғайық тұрқы кашкан,
Шетелдіктен сақтасын құлқыны асқан.
Грейг пенен Кауфманды танымаймын,
Қызғалдақтың отаны -Түлкібаста.
Шұбайқызыл шоқысын көрсем деймін,
Құшақ қылып гүл шоғын терсем деймін.
Алдыменен анамды қуантып ап,
Сосын ару қыздарға берсем деймін.
Мен біргемін табиғат тылсымымен,
Таныс болғым келеді қыр-сырымен.
Аялайық желегін туған жердің,
Жер –Анамыз қалмасын күрсінумен.
Шежіреге бай өлкем – Түлкібасым,
Жылқың ойнап баурыңда шұрқырасын.
Талай тұлға туғызған бұл мекеннің,
Қасиетін мәңгілік жыр қыласың.
Туған дала, өзіңмен еңселімін,
Борыштармын, ақтаймын ел сенімін.
Жарық күнге ұмтылған қолын созып,
Табиғаттың мен де бір бөлшегімін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру