Мен - қазақпын, қазақпын деп мақтанамын

 Мен - қазақпын, қазақпын  деп  мақтанамын

Төлен Анар
9 сынып,"Қоссейіт" ЖОМ
Шардара ауданы

Иә, мен - қазақпын! Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ұрпағымын.
Ата-бабаларымыздың асыл арманы еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп,"Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас"деп жырлап өткен ата-бабаларымыздың арқасында мың өліп, мың тірілген қазақ халқы
талас - тартыспен жүріп, тәуелсіздікке ұмтылумен келді. Тәубә! Бұған да жеттік!
Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуындағы барлық жетістіктеріміз, ерекше өрлеуіміз, өркендеуіміз, дүниежүзілік дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасауымыздың бастауы - біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінде. Тәуелсіздік халқымыздың талай ғасырлардан бері ата-бабаларымыздың арманы болғаны - тарихи шындық. Сондықтан да бұл тарихи шындықты кеудесінде қазақ деп соққан жаны бар, әрбір азамат жүрегімен сезінуі керек. Әлемнің көптеген озық елдерінің басшылары бұл шындықты мойындап, қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз. Мақтанышпен де айта аламыз.
Еліміздің тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп өркендеуі, нығаюы үшін ең бірінші - ұлттың бірлігі керек. Бірліктің арқасында елімізде қаншама ғажап өзгерістер, жаңарулар болуда. Елді бірлікке бастап, өзінің еңбегімен, көрегендігімен ұйымдастыра білген Елбасының орны ерекше. Елбасымыз қазақ елінің жаңа кезеңін ұлтымыздың өркендеп, өркениетке ұмтылуын керемет ұйымдастыра білді. Тәуелсіздікті сақтап қалу - тәуелсіздікке жетуден де күрделі екендігін өз сөзінде айтып өткендей, сан түрлі толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып, алға оза шыққан бүгінгі қазақ елін тіл көзден сақтасын дегім келеді.
Дана халқымыз: "Бір басшыға - мың қосшы" - деп бекер айтпаса керек. Елбасыны сайлап алып, соңына ерер халқы болмаса, "жалғыздың үні шықпастың" күйін кешпесіне кім кепіл?! Ертеде бір ойшыл: "Саясаткер -
сайлау мен сайлау арасында ғана көрінетін белсенді. Ал шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты", - деген екен. Қандай да басшының сөзі, іс-әрекеті және сол әрекеттің нәтижесі ел
көңілінен, жалпы жұрттың ойынан шығып отырса ғана халықтың сеніміне ие болады. Біздің Елбасы - сондай ел сенімін арқалаған азамат. Сондықтан да оның соңынан ерген халқы бар, "Нұр Отан " партиясы
бар. Біздің еліміз - көппартиялы ел. Отанымыз нұрлы, жарқын болсын деген мақсатта "Нұр Отан" халықтық - демократиялық партиясы құрылды. "Нұр Отан" партиясының мақсаты - егемен еліміздің қарқынды дамуы үшін қызмет ету. Партияның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - жеке тұлға деп айта аламын. Ол "сегіз қырлы, бір сырлы" ерекше жаратылған жан. Ол - сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем кісі. Елбасының " жұмылсақ - жұдырықпыз, жұмылмасақ - құрыдық біз" деген сөзі нағыз шешеннің сөзі емес пе ?! Нұрсұлтан Әбішұлы жыл сайын халқына жолдау арнайды. Әр жолдауында еліміздің ілгері дамуы үшін жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Өткен жылдағы жолдауында "Қазақстан - 2050" стратегиясын жария етті. Стратегияның мақсаты - Қазақстанның әлемдегі ірі 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Біз бұған жетеміз! Биылғы жолдауында "Мәңгілік ел" жобасын беріп отыр. Еліміздің болашағы - жастарға сенім артып "бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" арқылы бәсекеге қабілетті болуға талпынып, алдағы асулардан өтуге даяр болуымыз керек. Біз Мәңгілік елде өмір сүруге тиіспіз. Қазақ елі- Мәңгілік ел болуға әбден лайықты ел. Өзінің тарихы да "мың өліп, мың тірілген" қазақ елі енді ешкімге тізе бүкпейтін,
еңкейгенде еңкейетін, шалқайғанда шалқаятын азат ел болды.
Елбасымыздың "Мәңгілік ел" идеясын біз де қолдаймыз. Еліміздің болашағы-жастардың қолында деп біздердің, жастардың мүдделерімізді қорғап, терең білім, сапалы тәрбие, болашақта өмірден өз орындарымызды табу үшін қамқорлық танытып келеді. Ата-бабаларымыз: "Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз!"- деп ұрандаған болса, енді біз өз тізгініміз өз қолымызда болғанда неге мемлекетімізді Қазақ елі деп атамауымыз керек. Мен бұл идеяны қолдаймын және ел болашағы болып табылатын барша жастарды Елбасы бастамасын қолдауға шақырамын. Өйткені Мен - қазақпын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру