Қазақ елі

 Қазақ елі

Сағындық Нұрхат
2сынып, Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп
Жетекшісі: Сұраған А.С.

Қазіргі қазақ елі қандай бақыттысың! Аспаның ашық, жерің байтақ. Осыншама кең жер мен алтынға теңер табиғи байлығың бар. Ешкімнен қорықпас егеменсің. Бұдан артық мен үшін мақтаныш сезімі жоқ. Әрбір адам, елін сүйген, елі үшін мақтанып, елі үшін жан күйдірген адам. Өз елі жайлы әңгіме болғанда жүрегі тебіренбей тұра алмайды. Қазақстан – Еуразия материгінің қақ жүрегінде орналасқан тамаша, бірлігі мен достастығы берік мемлекет. Қазақстан – тәуелсіздік жолында көптеген қиындықтар, ызғарлы, қара күндерді басынан өткізді. Ал бүгінгі күнде еліміз − алдағы дамушы елдердің бірі. Тәуелсіздік алғалы еліміз тез бой көтеріп, еліміздің ұлттық валютасы, әнұранымыз, байрағымыз, өз елтаңбамыз бекітілді. Сонымен қатар еліміздің бас қаласы Астанамыз бой көтерді. Дүние жүзінде елбасымыз Н.Назарбаев білікті саясатшы,ақылдылығы мен азаматтығы тең түсіп жатқан тәжірибелі басшы, халықтың болашағын болжай білетін көреген және қазіргідей алмағайып кезеңде елдің бірлігін сақтап,тұңғиықтан жарқын кезеңге алып шығар Президент ретінде бағаланады. «Сан ғасырлар бойы қазақ халқының күш жігері даму жолында емес, тәуелсіздік жолында жұмсалып келді. Мүмкіндіктер бізде әрине бар. Бүгінгі күні қазақстандықтар өз-өздерінің тағдыры мен бас бостандықтарының иелері... Жаңа ғасыр Қазақстан тарихының алды болады. Бұл ғасыр бейбітшілік пен жасампаздықтың нышаны болып біздің тарихымызға енеді.»Халқымның болашағы қалай болмақ деген ой жиі мазалайтын болар. Осындай ақылды, жігерлі Елбасы барда бойымызды тік, аяғымызды нық басуға болады. Міне бүгінгі күнде Елбасымыздың бастауымен біртіндеп елу елдің қатарына қосылудамыз. Бұл бастама жаңа жас мемелекетке үлкен жетістік.
Ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен алған тәулсіздігімізді Елбасымызға мұра еткендей. Менің ойымша Елбасымыз жасаған ерліктері мен данышпандылығын ұрпақтан ұрпаққа қалып отыратын сарынды дәстүр болып сақталатын сияқты. «Ел болғың келсе бесігіңді түзе» - деген қазақтың асыл сөзін Елбасы ертерек түсінген, оған дәлел «Мен жастарға сенемін» ұраны. Елбасымыздың осындай сенімін біз келешек ұрпақ терең түсініп, өмірлік міндетіміз бен мақсатымызға алған жөн.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл есімді кішісі мен кәрісінің барлығы біледі. Сеніммен, үмітпен өзінің уайымын, дауасын, қуанышын Қазақстан Республикасының халқы өздерінің қөзқарастарымен білдіреді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Тап осы Нұр аға біздің мемлекетіміздің және халқымыздың тәуелсіздік жолындағы жаңа жаңғыруының, тәуілсіз, зайырлы мемлекетте тұрамын деп жар салатын, болашаққа нық сеніммен дұрыс жолға бастау алып, тұғырын биік көтеріп қарайтын намысты азаматтардың куәгері мен алға бастар басшысы.
Менің ойымша, ең бастысы – бұл кең байтақ қазақ жерімізде бейбітшіліктің орнауы. Сол себепті біз достық пен түсіністікті сақтауымыз қажет. Осы мақсатта қанша күш-жігерін біздің елбасымыз сіңдірді. Нұр ағаны біздің халық мақтан етеді, аса бағалайды. Әрқашан Қазақстан халқының пікіріне құлақ шалады, халықпен үздіксіз байланыста болады. Нұр аға ұлы ойшыл, өз елінің жарқын болашағының нағыз жақтасы.
Елбасының қатты дәйекті саясатының арқасында, Қазақстан абыройлы және дамушы мемлекеттер қатарына қосылды. Біз болашаққа нық қараймыз, ал болашақ – біздің қолымызда.
Қазақстан – менің елім, ол әрдайым Қазақстан азаматтарының жүрегінде. Мен ҚазақЕлінің азаматымын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру