Қызғалдақ

 Қызғалдақ

№42 Жалпы білім беретін мектептің
6 "Б" сынып оқушысы: Әтіке Әмина
Жетекшісі: Салтанмуратова Эльмира Хамитовна

Көктем ... Шуақты көктем, шұғылалы көктем. Әсіресе, бұл көктемді бақ иелері мен дихандар қалай күтеді десеңізші! Көктем шығысымен олар жер ананың төсін гүлге орайды. Гүл. Біздің ата-бабаларымыз «жердің көркі - гүл» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Көктемгі бақтың ең әйгілі гүлі – қызғалдақ (тюльпан). Қаhарлы қыстан жалыққан адам көңіліне қуаныш сыйлап, сәулелі сезімді қытықтап оятатын да осы гүл. Сондықтан да бақ иелері өздерінің бақшасын гүлдендіруді қызғалдақтан бастайды. Сондай ақ, бұл гүл мектеп ауласында да әдемі көрік береді.

Негізінен қызғалдақтың Отаны - Орталық Азия. Ол түрік көшпенділері арқылы Азияның басқа бөліктеріне тарап, парсы, түрік мемлекеттері патшаларының сүйікті гүліне айналды. Қызғалдақ ХҮI ғасырдың ортасында Түрік еліндегі неміс елшісі арқылы Германияға жетті. Осы кезден бастап, Еуропа байлары үшін қызғалдақ ерекше орын алды. Ал, голландиялық бай саудагерлер үшін қызғалдақ - байлықтың белгісі болды. Тіпті, ерекше түрлері үшін бар байлығын жұмсағандар да кездесті.

Жалпы, қызғалдақ - лалагүл тұқымдасқа жататын пияз текті көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның жүз елуге жуық жабайы түрі болса, 32 түрі Қазақстанның далалары мен тауларында өседі. Қазақстанның эндемигі болып саналады. Селекционерлердің бірнеше жылдар бойғы еңбектерінің арқасында бүгінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар.

Бұлардың биіктігі 5-50см.ге дейін. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Жемісі - қауашақ.

Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі.

Қызғалдақтың жер астындағы бөлігі көктемде қысқа уақыт ішінде дамиды. Олар 20-25күн бойы гүлдейді.

Қызғалдақтың ең алғашқы тобы сәуір айының екінші жартысынан гүлдей береді; Брийан Стар биіктігі 20-25 см.-ге дейін, түсі қызыл қоңыр, Ибис биіктігі 20-25 см.-ге дейін, түсі ашық сары, Электра биіктігі 20-25 см.ге дейін, түсі - шымқай қызыл (қара қошқыл), Мурильо- биіктігі 20-25см.ге дейін, түсі ақ.

Кеш гүлдейтін қызғалдақтар; мамыр айының ортасынан соңына дейін гүлдейді; Нифетос- биіктігі 60 см, сарғыш түсті, Мадам Баттерфляй- биіктігі 65-70 см, ашық сирен түсті, Принцесса Элизабет- биіктігі 45-50 см, таңқурай түсті.

Қызғалдақтар күн сәулесі мол түсетін, желден ық жерлерде өте жақсы өседі. Олар жақсы құрғатылған, құнарлы құмды топырақты сүйеді. Қызғалдақты сабағының биіктігіне байланысты жерге 12-15см. төмен егеді.

Жалпы, қызғалдақтар пиязының жанынан өсіп шығатын қосымша пиязшығы арқылы көбейеді. Олар қыркүйектің соңында жерге егіледі.

Қызғалдақтың жапырақтары сарғайғаннан кейін,оның сабақтарын жыл сайын жаз айларында (мамыр- маусым) қазып алу керек. Қазып алынған пиязшықтарын қораптарға салып, жертөледе немесе құрғақ, күн түспейтін, бірақ ауа алмасып тұратын бөлмеде, 15-17 градустық жылы жерде сақтау керек. Тіпті, жыл сайын қаза бермей жылда қазып алып, сабағын бөлсе де болады. Ол үшін жапырағын қалдырып, жаз айларында азырақ суару керек.

Қызғалдақты көшені, ауланы әдемілеу үшін көп пайдаланады. Сондай-ақ,теплицада гүлдетіп, наурыз мейрамында сатады. Әрине, бойына, түсіне байланысты қызғалдақты егу әдісі де әртүрлі. Мүмкіндігінше түр түсіне қарай қызғалдақтарды топтап еккен әдемі көрінеді. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде- кем. Осы себепті де Қазақстан - қызғалдақтың отаны болып саналады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру