Туған жерге құрмет – перзенттік парыз


 Кез-келген перзент үшін алтын ұясы – ата мекенінен артық жер болмайды. Мейлі оның шөбі шұрайлы, жері құнарлы, қыратты болмаса да аңзақ желі мен аң-құстарының өзіне бауыр баспайтын, басқан әр белдерін аңсамайтын адам кемде-кем. Өйткені туған жер – алтын бесігіміз.


«Әр адамның  демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, болу керек құдіретті төр ана» деп қазақ халқының қайсар ақыны Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай  демеп жүретін, жебеп жүретін қасиетті де, қуатты күштің бірі, төрт ананың алғашқысы осы – туған жер.  Негізінен жалғыз мен үшін ғана емес, туып өскен кіндік қаның тамған жер – әр перзент үшін де ыстық  деп ойлаймын. Олай болуы заңдылық. Сол үшін де әр перзент өскен өлкесін, ата жұртын құрмет тұтып, қастерлеуі керек деп білемін. Себебі бұл да, перзенттік парыз.

Таңдайна жыр құсы жұмыртқалап, ауызымен құс тістеген  ақындар мен ділмарлығы дәуірден-дәуірге жалғасып келе жатқан шоқ тілді шешендер де, байлыққа бергісіз сарқылмас қазына – тіл  шеберлігін  туған жерден дарыған деседі. Туған жер – адам өмірінде киелі орын. Киелі орынды бағалап, басындағы бағына балаған барлық жастың келешегі де кемел емес пе?! Өйткені, Отан – отбасынан басталады. Туған қалам, туған жерім, тұрған ауылым, тіпті табаным тозып жүгіре жөнелетін  көшеме дейін мен үшін отбасым спеттес.  Бәрі-бәрі мен үшін баға жетпес байлық десем артық  айтқандығым емес.

Мұнымен менің айтпағым, тек өскен ортаны ғана Отан деп білемін деген сөз емес. Туған жерім ол әрине ел алдымен менің елім, менің Қазақстаным. Адам баласының татулыққа ұмтылуы әр халықтың қанында бар. Ал қазақ халқының берке-бірлікке, ынтымақ пен татулыққа ыждақаттылықпен қарау тіпті бөлек. Осы бауырмашылдғымыз ұшін де біз бүгінде барша ұлт өкілдерін бауырына басқан көпұлтты мемлекетпіз. Бір тудаң астында, бір үйдің баласындай ұйысып тіршілік етіп жатқан қазақстандықтарға шет елдердің таңданатыны да сондықтан. Осының барлығы қазақ халқының жомарттығынан. Осы өлкелерге тағдыры айдап келген өзеге ұл өкілдеріне құшағын кең жайып, пейілін  тарылтпаған қазақ халқының мәрт мінезінен болып отыр.

Сондықтан да біздің елді мекен еткен әр азамат, мейлі ол шет елдік болсын, барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі тиіс. Өйткені Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Елге, тілге құрмет бағзыдан баурайна құт қонған қазақтың жеріндегі бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық болса – болашақта Отанымыздың өркендеп, гүлденуінің басты кепілі.

Қорыта айтқанда, «туған жер» мен «туған ел»  деген осы  екі ауыз сөздің өзінде қаншама мағына, қаншама ой жатыр.  Бәлкім, туған жердің қадірін  әр адам әр қалай түсінетін шығар. Ал мен үшін туған жер – дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған туысым, аға-әпкелерім  деп білемін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйі,  әр перзент үшін өз туған жері баға жетпес байлығы. Міне осындай баға жетпес байлығымыздың құны мен қадір қасиетін  білейік дегім келеді. Құлқынның қамы үшін емес, қазақтың бағы үшін «бір шегеміз артық болса туған жердің шаңырағы шайқалмас үшін уықтың басына бекем етіп қағайық».

Туған жер – жаулығына жасын сүрткен қарт ана болса, ол жерден түлеп ұшқан әр адам сол мекеннің мәңгілік перзенті болып қала береді. Мәңгілік... Қарт ананың бауырына сағындырмай жиі келіп тұрайық адамзат!..

 

 

Алмаз Абдумуталипов


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу