file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Туған жерді сүйемін

 Туған жерді сүйемін

Алматы қаласы Алатау ауданы
№182 жалпы білім беретін орта мектептің
2-сынып оқушысы Əшім Зере Оңдасынқызы
Жетекшісі: Смаилова Динара Асқарқызы
Ақындар жырға қосып жырлағандай, туған жер маған күш-қуат беріп, үлкен азамат болуға шақырады. Мен балалық жүрегіммен өз өлкемді, аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен, шын жүрегіммен сүйемін. Жас нәресте шағымнан соның ауасын жұтып, суына шомылдым.

Туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік өз үйіңді, өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасында бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген шексіз сүйіспеншілікке айналады. Қызыққа толы балалық шағым өтіп жатқан туған жерім – Алматының ауласын еш уақытта ұмытпаспын. Өйткені алғаш балабақшадағы күндерім, онан соң мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сыныптас достарыммен алғашқы таныстығым...

Бәрі, бәрі ұмытылмас сәттер.

Ата–бабаларымыз: туған жерді қадірлеуді, қорғауды қасиетті борыш санаған. Сондықтанда бабаларымыздың қорғап қалған кең-байтақ қазақ жері – өз ұрпақтарына тапсырған аманаты деп білемін.


Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру