Әбділда Тәжібаевтың „Портрет” поэмасындағы өз бейнесі

 Әбділда Тәжібаевтың „Портрет” поэмасындағы өз бейнесі

Портрет. Мүсін. Бейне. Бейне – адамның келбеті, мінез-құлқы, сыртқы көрінісі. Адамның бағалануының шыңы „идеал” деп аталады. Әлемде идеал адам болмайды. Бірақ әркім өзіне идеал іздейді. Сүйген жары өз идеалым деп, ақын Әбділданы таңдады. Оның идеал адам екенін „Портреттер” поэмасынан анық көруге болады. Ақын Әбділда шынайы өмірде қандай адам?

Өмір. Өлім. Өмір бар жерде өлімнің де болатыны – заңдылық. Өлім жас талғамайды. Өмірден дүниеге жаңа келген шарана да, ержетіп келе жатқан жасөспірім де, қолына таяқ ұстап, еңкейген кәрі де өтеді. Әбділда қорғанышы – әкесінен, жол көрсетуші ағасынан ерте айырылды. Қос өлім ақынның сағын сындырды. Өмірге „қаталсың” деп сын айтқан ол өз әрекетінің дұрыс еместігін түсініп, отбасына қорған болу үшін күйзелістен шыға білді. Бұдан ақынның өмір сынағына төзе білетін қайтпас қайсар мінезін көруге болады. Қайсарлық – нағыз ер жігітке тән қасиет. Ендеше, ақын жас оқырманын қайсарлыққа тәрбиелеуді мақсат еткендей.

Естелік. Мұра. Аманат. Аманат – адамға басқа адамның дүниеден өтер алдында беретін сыйы. Аманатқа қиянат жасамаған адамға берілетін жоғары шен – „адал адам”. Ақын Әбділда – адал адам. Ол өзіне берілген сағатты бүкіл байлығынан жоғары санады. Ол – қарапайым шойын сағат, алайда әкесінен қалған естелік, әкесінің аманаты еді. Оның соншалықты қымбат болуын:

Сағатым, міне, алдымда менің,

Әкемнен қалған тозбайтын шойын,–

деп түсіндіреді. Материалдық құндылықтан руханы құндылықты жоғары қоятын ақын болмысы қызықтырады.

Жаңа күн. Айлы түн. Өмір. Күйбең тіршілік. Өмір осылай сырғып өтуде. Әбділданың өмір сүруге деген құштарлығы күн санап өсті. Оған негізгі себеп – болашаққа деген сенімі еді. Ақын Әбділда „сенімнің әлемді құтқаратынын” дәлелдеді. Ол жас ұрпақтың білімді болатынына, әркімнің айдауында жүрмейтініне сенді. Мағжан „Мен жастарға сенемін” десе, ақын Әбділда:

Ертеңнің тағы иесі келер,

Тапсырдым, сендім жас балаларға,–

деп, жас ұрпаққа үміт артады. Бүгінгі таңда ақын үміті ақталды. Қазіргі қазақ баласының бәрі білімді, ақылды, алғыр.

Адам өзінің артына ұлағатты сөз, өшпес із қалдыруы керек. Абайша айтқанда, „атын адам қойған соң”, надан болмауы тиіс. Әбділда „Портреттер” прэмасы арқылы ел есінде мәңгі қалды. Ол өмірден өз орнын тапты. Бала күнгі „ақын” боламын деген тәтті қиял уақыт өте шындыққа айналды. Ақын бала күнгі армандарының орындалғанына масаттанады. Оқырманы, біз де, қызығып, өз қиялымызға ерік бергендейміз. Поэманың „Портреттер” деп аталуында үлкен себеп бар. „Портрет” – ақынның бала күнгі естелігі, автобиографиясы. Ал кейіпкерлері – санада сақталған, тозбайтын портрет иелері. Өмірдің әр белесі – бір естелік. Ондағы әр бейне – бір портрет. Адам жадындағы портреттер шаң басуға тиіс емес. Ақынның айтпағы осы деп ойлаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру