Өз елім менің – өзегім менің
Құрымова Мейрамгүл
4 сынып , №76 ЖББОМ
4 сынып , №76 ЖББОМ
Әр оқушы өзінің халқының, туған жерінің тарихын кең көлемде білген кезде ғана Отанына деген махаббатын, патриоттық сезімін бойына сіңіре алады. Бұл әлемде адам басынан не өткенін білу үшін тарихтың бетіне тереңнен үңілу керек деп білемін. Еліміз егемендік алғаннан бері тарихымызды терең парақтауға ден қойдық. Тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді білмесек ата-анамызды білмейтін жетім бала сияқты әркімнің жетегінде кете бермесімізге кім кепілдік бере алар еді?
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ. Біз бірде-бір соғыс өртін бастаған емеспіз. Біз бірде-бір елді жаулап, даламызға қосып алған емеспіз..., ендеше тарихымыздың жабулы жатқан кейбір беттерін ашуға, зерттеуге, белгісіз немесе айтылмай келген тарихи шындықты айтуға қорықпай сенімді түрде алға басқан жөн»
Иә, тәуелсіздік туы көтерілгелі өшкеніміз жанып , өлгеніміз қайта тірілді. Жуан жұдырықтың күшімен бұрмаланған ата-баба дәстүрі қағылған қазығына қайта оралды.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел-қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз,қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келеді.Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілі мен дарыған.Ана әр адамда біреу- ақ,ендеше Отан-ана да біз үшін біреу ғана. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,ең аяулысы-анасына балайды.Өз анасын, елін сүймейтін,өз Отанын мақтан тұтпайтын адам ешқашан да үлкен азамат бола алмайды.Осының бір көрінісі ән ұранның сөзінің мазмұнында жатыр емес пе? Мен де өз Отаным- Тәуелсіз Қазақстанның бір бөлшегімін,қазақ елінің ең жас ұланымын.Егемендігімнің айғағы-аспан түстес азат байрағым, елтаңбам, әнұраным дүниеге келді. Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты.Бұлай дейтін себебім телеарнадан көрсетілетін «Шет елдегі қазақ балалары» деген бағдарламада шет елдіктердің біздің қара көз балаларды асырап алғандығы, олардың тұрмыс-тіршілігін көрсетеді. Сондай көріністе бір баланың үйінің бұрышында бүркіті қалықтаған көк байрақты көрген кезде, жүрегім шым ете қалды .Бала байрақты аса бір құнды дүниесіндей қастерлеп оны дәріптегенде төбем көкке жеткендей болды. Менің елімнің көк байрағының құдіреті өз елімнен басқа елде жүргендерге үлкен демеу, зор қолдау екенін түсіндім. Мен де бөлмемнің төріне еліміздің рәміздерін іліп қойдым.Күнде мектепке барар кезде иіліп рәміздерге тағзым етемін.Бұл маған қуат,күш -жігер беретіндей болады.Мемлекеттік Рәміздеріміз біздерге, жас ұрпаққа жол нұсқайтын жарық жұлдызымыз бола берсін демекпін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өз елім шығарма, оз елим менин шыгарма, елім менің шығарма, елим менин шыгарма, менин елим казахстан сочинение на казахском, менин елим сочинение на казахском, сочинение на казахском языке менин елим, сочинение на казахском языке елим менин казакстан скачать