file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Білім керек бәріне

 Білім керек бәріне

Баланың тілі неғұрлым бай болса, оның ойы да соғұрлым кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кеңейте түсу үшін, әдеби шығармалардың үзінділерін тоқытып, таныстырудың маңызы зор. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез жатталатын шығармадан үзінділер оқып үйрену, үйренгендерің өз сөздерінде қолдана білу , оқушылардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.

Оқушы өз ойын түсінікті, ұғымды, бейнелі, ұқыпты сөздермен айта білуге, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап үйретіледі. Осы мақсатты көздеп екінші сынып оқушыларына ана тілінен қосымша құрал ретінде дидактикалық материалдар жинағын құрастырдым. Бұл жинаққа бастауыш сыныптың тілін дамыту текстері – қысқа әңгіме, ертегі, өтірік өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, ойын, өлең және жаңылтпаштар енген.

Оқушылардың тіл байлығын молайту үшін, пайдаланатын дидактикалық материалдардың маңызы зор деп ойлаймын. Дидактикалық материалдардың мақсаты – көркем мәтіннің мазмұнына көркемдік табиғатына байланысты тапсырмалар мен ойлауға жетелейтін сұрақтар бере отырып, оқушыны ойлана білуге машықтандырып, оның логикасын дамыту, пәнді оқып үйрену барысында алған білімдерін кенейте түсу арқылы ана тілімізге деген ынта-ықыласын арттыру.

Бұл дидактикалық материалдар 2 сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай жасалынған. Әр мектеп мұғалімдері ана тілі пәні бойынша қосымша дидактикалық материалдар ретінде тиімді пайдалануға болады. Бұл жинақ оқушыларды байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік туғызады деген сенімдемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру