Отбасы күні (Бақытты жанұя - Бақытты ел)

 Отбасы күні (Бақытты жанұя - Бақытты ел)

Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең.

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.

Жағымсыз қылықтарға бой ұрған бір отбасының тәлім-тәрбиесі жұқпалы ауру сияқты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып, күндердің күнінде сол әулетті жоқ етіп тынады. Онымен қоймай, жағымсыз қылықтары көрші-қолаңға жұғысады. Сөйтіп, бір тәрбиесіз отбасының қылығы күллі ауылды немесе әулетті бұзуы мүмкін. Атам қазақ осындайда: «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол» - деді емес пе! Әрине, жанұядағы басты тұлға − ата-ана. Өзара тату ата-ана балаларын тәрбиелеу барысында қиналмайды. Балалары оларға бағынышты түрде айтқанын тыңдайды, бұйырғанын орындайды. Ислам үкімі бойынша, ата-анасын силамаған бала зор күнәһәр. Жанұялық тәртіптің бүлінуіне негізгі себеп болатын дүние отбасы мүшелерінің әр қайсысы өзіне жүктеген міндет-борышын дұрыс атқармауынан. Айталық, әке алқаш болса әрі отбасына халалдан тағам тауып беріп, асырай алмаса, ондай әке балаларынан адамгершілік қағидатын қалай талап етпек! Ана өз міндетін атқармаса, ондай жанұяның балалары жүгенсіз кетпей қайтеді.
Жанұя дегеніміз адамның он екі мүшесі сияқты. Бас ойлайды, қол істейді, аяқ жүреді, көз көреді, құлақ естиді, ауыз сөйлейді т.б. Енді осы мүшелер бір-біріне бағынбаса не болмақ, бастың ойлағанын қол істемей қойса, аяқ теріс жүрсе, ауыз өзім білем деп албаты сөйлесе... Ақыры не болмақ? Ондай адам өмір сүре алмайды, мүмкін жынданып кететін шығар. Жанұя да осы сияқты, әрбір отбасы мүшесі бір-біріне бағынбаса, әкені бала тыңдамаса, әке жөні түзу тәрбие бере алмаса, ол күйреген отбасы. Демек, жанұя һәм отбасы бір-біріне бағынышты және бір-бірін толықтыру шартымен өмір сүреді. Егер де осындағы отбасылық өмір сүру үрдісі дұрыс құрылмаса, ол да қателікке ұрындырады. Мысалы, отбасылық тәртіп қатаң қағидаларға негізделген болса, сол қағидаларды ақиқатқа балап, шырмауынан шыға алмаса, ондай отбасы өмір сүру айдынын тарылтып, қабілетін тұншықтырып тастайды. Күндердің күнінде ол отбасы мүшелері амалсыз тізе бүгуіне тура келеді. Сол себепті, әуелі, жанұяның әрбір мүшесі өзін дара тұлға ретінде сезінуі керек.
Жанұяда елеусіз қалған тұлға қауіпті. Ол өз орнын таба алмайды. Ынжық, кері тартпа кепке түседі немесе «атың шықпаса жер өрте» дейтіндей әулетке пәле боп жабысады. Сондықтан жанұяның әрбір мүшесі отбасында «менің рөлім бар» деп айта алуы керек. Олай болмаған жағдайда, шет қақпайланған отбасы мүшесі басқа ортадан сенімді одақ іздей бастайды. Түбі әулеттен бөлініп дара кетеді. Сөйтіп, әулет бірлігі әлсірейді. Жанұя өмірінде бір-біріне көмектесу, ісіне ортақтасу сезімі қалыптасқан жағдайда өмір сүру дағдысы жеңілдейді, жанұяның ынтымақ-бірлігі нығаяды. Жанұядағы ортақ бірлікті сезінген, оның дәмін татқан адам оны сақтауға күшін салады. Ең маңыздысы, отбасылық бірлікті ұрпаққа жалғастыруды үйретеді. Жанұяда басқаларға жауапкершілік сезімін үйрететін адам − әке. Ең алдымен жұбайына үлгі болуы керек. Ата-ананың арасындағы татулық, силастық байланыс балаға өтеді. Ал бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады. Отбасылық тәртіп имандылыққа құрылған жанұя жоқшылық, тапшылықтың өзін нығметке айналдыра алады. Сол себепті балаға, әуелі, жоқшылық арқылы өмір қиыншылығын жеңудің амалын үйрету керек. Балаларына ешқандай ауыртпалық үйретпеу ол қателік.
Ауыртпалық көрмеген бала өзгенің көмегіне сенім артатын, өз мүмкіндігін пайдалана алмайтын күйге түседі. Жақсы жанұя бақыттың отаны. Ерлі-зайыптылардың жарастығы бақыт ағашы болса, балалары оның жемісі. Мұндай жанұяға тап келген қиындықтың өзі жақсылыққа айналып кетеді. Өмірдің мән-мағынасын терең түсінбеген адам жанұясын діттеген жеріне жеткізе алмайды.

Даналықтың мектебі болған ата-бабаларымыз: «Адамның басшысы — ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық», (Төле би) — деген екен. Шындығында да, отбасы берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек. Басшысы нәфсі, ашу немесе өсек-аяң емес, әрдайым ақылын басшылыққа алса,ой таразысына салып шешім қабылдап, бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушы – сабырды серік етіп, арын – бәрінен де қымбат санаса және ең бастысы өмірін ардақтап, оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса – міне бұл отбасы бақытының кілті болар еді. Ал бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды дүниеге әкелуге қабілетті болмақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Виктор Богров
    Виктор Богров 02.02.2015 19:19
    0 + 0 -
    рахмет
  2. Онгар Смагул
    Онгар Смагул 08.09.2014 18:35
    0 + 0 -
    рахмет ))

Ілмектер: Қазақша шығарма: Отбасы күні (Бақытты жанұя - Бақытты ел), Қазақша шығарма, Отбасы күні (Бақытты жанұя - Бақытты ел) туралы казакша шыгарма, Қазақша шығарма: Отбасы күні туралы, (Бақытты жанұя - Бақытты ел), отбасы туралы шығарма, отбасы туралы шагын шыгарма, отбасы туралы шыгарма казакша, отбасы туралы шығарма казакша, жанұя туралы шығарма, жанұя туралы шыгарма, Қазақша шығарма: Отбасы күні (Менің отбасым менің жанұям), Отбасы күні (Менің отбасым менің жанұям), Қазақша шығарма: Отбасы күні, Қазақша шығарма: Отбасы күні (Жанұя), Отбасы күні (Жанұя) казакша шыгарма, сочинения на казахском семья день семьи, Қазақша шығарма: Отбасы күні (Жанұя) казакша, сочинение на казахском языке о семье, сочинение на казахском языке на тему семья, сочинение на казахском языке на тему моя семья