«QYZYQ EKEN»


Мақсаты: Студенттердің ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Студенттерді шапшаңдыққа, икемділікке, топта ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Түрі: танымдық, интеллектуалды ойын
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: шарлар, слайд
І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар, студенттер! Бүгінгі студенттер арасында өткелі отырған «QYZYQ EKEN» атты сайысқа қош келдіңіздер.
«QYZYQ EKEN» интеллектуалды сайысының ашылу салтанатына М. Тынышбаев атындағы Ақтау көлік колледжінің директоры Болат Әмзеұлы Досжанов мырзаға сөз береміз.
ІІ. Сайыстың жүрісі:
Жер үстінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен аспанға жол салынар!- деп білімдерін сынауға келген студенттерді қошеметтеп ортаға шақырайық.
1 - топ: Ақсұңқар
2 - топ: Алғырлар
3 - топ: Болашақ
1. Үш топ ортаға шақырылып көпшілікке таныстырылғаннан кейін, ойынды бастау үшін топ басшылары «Қанталапай» ойнайды. Жеңген басшының тобы ойынды бастайды.
2. Ойынға үш топ қатысады, әр топ жетекшісі сайланған.
3. Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.
I айналым: Таңдаулы тақырыптар
II айналым: Тұлғадан сұрақ
III айналым: Қисыны қандай
ІV айналым: Жекпе - жек
V айналым: Салт - дәстүр
Сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазыларымызды таныстырып өтейік. Әділқазылар алқасының құрамы:
1. Досжанов Б. А.– төраға, колледж директоры
2. Кезбаева Р. Т. – төраға орынбасары, тәрбие ісі бойынша директор
орынбасары
1. Жамурова А. Н. – оқу ісі бойынша директор орынбасары
2. Жұмағалиева Н. К. – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегендей «Бір Аллаға сиынып, кел студенттер, сайысымызды бастайық».
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таңдаулы тақырыптар»
I айналым: Таңдаулы тақырыптар
Шарты: Экранға 12 - түрлі тақырып шығады. Әр команда өзінің қолайы мен біліміне сай тақырыптан таңдайды. (Әр дұрыс жауапқа 1000 тг ұпай беріледі)
Сайысымыздың келесі бөлімі II айналым: Тұлғадан сұрақ
Шарты: Алдарыңызға қазір 2 тұлғаның белгішесі шығады. Олардың есімдері белгісіз. Сіздер жауап беретін тұлғаны топ басшысы таңдайды. Экраннан таңдаған тұлғалар сұрақ қояды. (дұрыс жауап 5000тг ұпай)
III айналым: Қисыны қандай
Шарты: Білгірлердің алдына 1 бейне көрініс көрсетілетін болады. 3 команданың қайсысы 1 - ші болып мұның қандай ұғымды білдіретінін немесе қандай зат екенін дәл айтса 10000 тг ұпай беріледі.
Қазақтың ежелгі әскери дәстүрінен қойғым келіп отыр. Назарларыңыз экранда болсын.
Сырт пішіні ұршыққа ұқсайтын аспапты, әскер басылар мен батырлар жорық кезінде ұстаған. Қолға ұстауға ыңғайлы, ұзын сабы сапқа бекітілген сегіз қырлы күмбезді сопақша шанағы, шанақ сыртында қайысқа байланған. Қатты ағаштан жасалған салпыншақ түймелері бар аспап бірнеше дабыл дүңкілдеп тұрғандай дыбыс шығарады. Сілкіп ойналатын дәстүрлі саз аспабы қалай аталады? (Дудыға)
ІV айналым: Жекпе - жек
Шарты: Қазір мен 1 капитанға қаратып сұрақ бере бастаймын. Ол кідіріссіз жауап береді. Ал жауабын білмесе келесі сұрақ деп айтады. Осылайша 1 минут ішінде барынша көп сұраққа жауап беруге тырысады, ұмтылады. Назар аударыңыз әр бір дұрыс жауапқа бұл жолы 500 тг ұпайдан жазылып отырады. 3 капитан кезек кезекпен сынға түседі.
1 - топ
  • 1. «Атұстар» сөзі кімге байланысты қолданылады? (Ер балаға)
  • 2. Грек тілінен қазақшаға аударғанда «тас» дегенді білдіретін металл (Лити)
  • 3. Тоқсан градустан кіші бұрыш (Сүйір бұрыш)
  • 4. Қазақстандағы ең биік телемұнара орналасқан төбе (Көктөбе)
  • 5. Құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан (Желі)
  • 6. Аспанда созыла орналасқан ақшыл жолақ (Құс жолы)
  • 7. Дантенің «Құдіретті комедиясының» I бөлімін қазақ тіліне аударған ақын (М. Мақатаев)
  • 8. Киіз үйдің ішкі жағынан жабылатын екі бөлек тақтай есік (Сықырлауық)
  • 9. «Шабандоз қыз» фильмінде Айдар рөлін ойнаған әртіс (Қожабек)
  • 10. Күннің көзіне тура қарай алатын құс (Бүркіт)
  • 11. Ең көп әріптен тұратын қазақша ай атауы (Желтоқсан)
  • 12. Күнді өте тез айналатын ғаламшар (Меркурий)
  • 13. Темекі құрамындағы улы зат (Никатин)
  • 14. 1993 ж шыққан 10 теңгеде кімнің суреті бейнеленген (Ш. Уәлиханов)
2 - топ
  • 1. «Тіс қаққан» сөзінің мәні (Айлакер)
  • 2. Жануарларды бейнелейтін суретші (Анималист)
  • 3. Қабырғалары түзу құрайтын бұрыш (Жазыңқы бұрыш)
  • 4. Париждегі әйгілі мұражай (Лувр)
  • 5. «Алтын сақа» ертегісіндегі балаға көмектескен құс (Қарлығаш)
  • 6. Қазақстанның батысындағы ең шеткі портты қаласы (Ақтау)
  • 7. Ожау секілденген жеті жарық жұлдыздың қазақша атауы (Жеті қарақшы)
  • 8. Бастапқыда «Шауғар» деп аталған, Ясауи өмір сүрген қала (Түркістан)
  • 9. Абылай хан Қабанбай батырды қалай атаған (Дарабоз)
  • 10. Шахмат ойынының басында әр ойыншыда неше фигура болады (16)
  • 11. 2018 ж қысқы олимпиада ойындары қай елде өтті (Оңтүстік Корея)
  • 12. Дінге сенбейтін адамды не деп атайды (Атеист)
  • 13. Ата түріктің шын аты - жөні (Мұстафа Кемал)
  • 14. Абай Құнанбайдың неше қара сөзі бар (45)
3 - топ
  • 1. «Аузын қу шөппен сүртті» тіркесінің мәні (Барды жоқ дейді)
  • 2. Күзгі күн мен түннің теңелуі болатын ай (Қыркүйек)
  • 3. Тоқсан градусқа тең бұрыш (Тік бұрыш)
  • 4. Петербордағы әйгілі мұражай (Эрмитаж)
  • 5. Ханға 40 өтірікті мүлдірместен айтып берген кейіпкер (Тазша)
  • 6. Жер шарындағы шөлі жоқ дүние бөлігі (Еуропа)
  • 7. Аспанда орын ауыстырмайтын жұлдыз (Темірқазық)
  • 8. Электр генератордың қозғалмайтын бөлігі (Статор)
  • 9. Аустралия сөзінің латын тіліндегі мағынасы (Оңтүстік)
  • 10. Бұрын «Теке» деп аталған қаланың қазіргі атауы (Орал)
  • 11. Жылқы тобы (Үйір)
  • 12. Алтын Орданың алғашқы ханы (Батый)
  • 13. Африка мен Азияны бөліп тұрған теңіз (Қызыл теңіз)
  • 14. Екі қатынастың теңдігі (Пропорция)
V айналым: Салт - дәстүр
Шарты: Командалар үшін қазір экран арқылы 2 сауал тасталады. Кім бұрын әрі дұрыс жауап берсе ұпай сол команданың қоржынына түсетін болады. 1 сұрақтың бағасы 2000 тг ұпай.
1 - сұрақ: Белгілі бір дәрежеде «қайта туу» тұспалын білдіретін ырым бойынша, жас баланы елге елеулі би - шешен, батыр - балуан адамдардың үзеңгісінің астынан өткізіп алатын болған. Бұл ырым не үшін істеледі?
Жауабы: Ырым жұғысты болсын деген сеніммен перзентіне ұлық адамның құты жұқсын жақсылығы жұғысты болсын
2 - сұрақ: Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата - ананың еңбегіне ерекше мән берілген. Күйеу жігіт енесіне «сүтақы» деп аталатын сый ұсынған. Ал атасына берілетін сый қалай аталады?
Жауабы: Жігіт түйе
Осыменен байқауымызды тәмәмдасақ,
Тағы да өткізерміз аман болсақ!
Сөз береміз әділқазы алқасына,
Әр топтың білімдерін сараласақ!
Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.
Сонымен сайысымыздың нәтижесі бойынша колледжіміздің ең зерек әрі тапқыр тобы анықталды. Бүгінгі сайысқа қатысушыларды марапаттауға колледж басшысы Болат Амзеұлына сөз береміз. Бүгінгі «QYZYQ EKEN» атты интеллектуалдық сайысы аяқталды.
Жарайсыңдар, студенттер! Сәттілік тілейміз!
Құрметті қатысушылар мен олардың жанкүйерлері, барлығымыз бірге сөзі әнін орындауға шақырамыз.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу