1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

 1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.
Тақпақтар
Ендеше бүгін Білім күні мерекесін сиқырлы пойызда атап өтеміз бе? Әр станцияда пойыз тоқтап сендер түрлі тапсырмаларды орындайсыңдар. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар пойыз әрі қарай жүреді. Ал, дайынсыңдар ма? Ендеше кеттік! (Балалар пойызбен жүреді)

Бірінші станция «Әндер» деп аталады.
«Шар»

Жүрг: Жарайсыңдар, балалар! Әрі қарай кеттік.

Келесі станция «Ойын» деп аталады. Жүрг: Балабақшада мектептегі сияқты сабақтар бар. Балалар көп нәрсені үйренеді: санауды, ән салуды, достасуды. Қазір біз “Ал мектепте...” деген ойын ойнаймыз. Мен балабақшада балалардың не істейтінін айтамын, ал сендер мектепте не істейтіні туралы жауап бересіңдер.
Балалар хормен жауап береді:
- Балабақшада — тәрбиеші, ал мектепте кім? (Мұғалім)
- Балабақшада сендерді балалар дейді, ал мектепте?(оқушылар)
- Балабақшада - үстел, ал мектепте? (парта)
- Балабақшада - топтар, ал мектепте? (сынып)
- Балабақшада - оқу іс - әрекеті, ал мектепте? (сабақ)
- Балабақшада - меңгеруші, ал мектепте? (директор)
- Балабақшада сендер ойнайсыңдар, ал мектепте не істейді? (оқиды)

Келесі станция «Жұмбақтар» деп аталады.

Оқу - білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы. (Сөмке)

Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамасың түгін де. (Желім)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Келесі станция «Ертегілер» деп аталады.

Балалар, мұнда ертегілер көп екен, бірақ олардың бәрі шатысып кетті.
Ойын «Адасқан ертегілер». Мақсаты: неше ертегі бар екенін табу.
«Көңілді алақандар» биі
Келесі станция «Орман» деп аталады.
Жүрг: Біз орманға келдік. Самал жел соғып, ағаштар шулайды.
Жүрг: Қане, құстардың дыбысын тыңдайықшы.
Мыстан: Ал сендер кімсіңдер? Орманға не үшін келдіңдер?

Жүрг: Бізде бүгін мереке, саяхаттап жүрміз.
Мыстан: Қалайша, менсіз бе? Мені білмейді деп ойладыңдар ма? Менің мұрным бәрін сезеді. (түшкіреді). Не менен қорықпайсыңдар ма? Дұрыс! Кім көңілді жүрсе, ол ештеңеден қорықпайды. Иә, бүгін менің көңіл - күйім тамаша болып тұр, тіпті билегім келіп тұр. Менімен билейсіңдер ме?
Жүрг: Балалар, қараңдаршы, Мыстан әжеміз әдемі киініп алыпты, өзі сондай мейірімді. Бізді биге шақырады. Билейміз бе?
Балалар: Иә!
Жүрг: Ендеше балаларды биге шақырамын.

«Достық» биі
Мыстан: Жарайсыңдар!
Жүрг: Мыстан әже, орманда жақсы екен. Енді біздің балалар ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын «Мыстан әже».
Ойын шарты: 2 топ қатысады. Көрнекілігі: шелек, сыпырғыш.
Оң аяқты шелекке салып, сол қолға сыпырғыш ұстайды. Шелектің құлағынан ұстап белгіленген жерге дейін жүгіріп бару керек. Қайтып келіп заттарды келесі ойыншыға береді.
Біздер әрі қарай жүрейік.
Мыстан: Келгендеріңе рахмет! Ал менің тәттілерім қайда? Жоғалтып алдым ба? Міне екен ғой, ала қойыңдар балалар! Жолдарың болсын! Сау болыңдар!
Жүрг: Қане, балалар, әжемізді көңілді әнмен шығарып салайық.

«Балабақша»
Жүрг: Жарайсыңдар! Біз балабақшаға қайтайық.
Жүрг: Міне, біздің балабақша!......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру