22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Балабақша | Жыл басы - Наурыз)

 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Балабақша | Жыл басы - Наурыз)

Сценарий тақырыбы: Жыл басы - Наурыз!

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Сценарий барысы:
І Кіріспе
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы - наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!

3 бала : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар ойналады.
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әенл бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
- Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!
Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен?
( Тақтақтатып Махамбет келеді)
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы қандай күн туды
деп ат басын бұрып едім.
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр.
Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
- Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі.
ІІІ. Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: балабакша наурыз сценарий, наурыз мейрамы сценарий балабақшада, наурыз мейрамы қазақша сценарий балабақшада, балабақша, наурыз мейрамы ертеңгілік балабақшада, Наурыз мейрамы, Наурыз праздник на казахском языке сценарий, наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, наурыз мейрамы сценарий қазақша, наурыз ертеңгілік, наурыз мереке туралы, наурыз мейрамы ертеңгілік, мереке, мейрам, Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы, 22 наурыз сценарий балабақша, 22 наурыз мейрамы сценарий балабақшада, 22 наурыз мейрамы қазақша сценарий балабақшада, 22 балабақша, 22 Наурыз мейрамы, 22 Наурыз праздник на казахском языке сценарий, балабакша 22 наурыз сценарий, 22 наурыз мейрамы ертеңгілік балабақшада, 22 наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, 22 наурыз мейрамы сценарий қазақша, 22 наурыз ертеңгілік, 22 наурыз мереке туралы, 22 наурыз мейрамы ертеңгілік