Төлдер - Ботақан, Бұзау, Қошақан, лақ, құлыншақ


Ботақан – түйенің баласы,

Көздері мөп-мөлдір қарашы.

Жылқының баласы – құлыншақ,

Кекілі секілді тұлымшақ.

Бұзау ғой сиырдың тұқымы,

Томпайған мүйіздің тұқылы.

Қошақан – қойдың бұл қоңыры,

Төлдердің ішінде момыны.

Ешкінің еркесі – лағы,

Сүйкімді қалқиған құлағы.

Барлығы төрт түлік құнары,

Санашы қанша төл шығады?


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу