Электроника әлемі
«Балапан» ортаңғы тобының
ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің қысқа мерзімді жоспары
Күні: 26.02.2021
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем
Апталық тақырып: Электроника әлемі
Мақсаты: Электроника әлемі туралы түсінік қалыптастыру, қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
Әдіс-тәсілі: қол маторикасы, сұрақ-жауап әдісі, сергіту сәті, дидактикалық ойын,мнемотехника әдісі.
Кіріспе бөлім:
Шаттық шеңбері
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы мына суретте не көрсетілген?
-Бұл ненің суреті?
(Электр құралдарының бірнеше суреттері).
-Жәрайсыңдар балалар.Бүгінгі оқу қызметімізде электроника әлеміне саяхат жасаймыз.Бүгін біз тұрмысқа қажетті электроникалық құралдармен танысатын боламыз.
- Ол үшін электроника дүкеніне барғыларың келеді ме?
-Электроника дүкеніне автобуспен барайық кәнекі бәріміз автобусқа отырайық.
-Электроника дүкеніне де келіп жеттік.
(Музыка әуенімен дүкеннің таныстыруы, жарнамасы орындалады).
1.Теледидар – балалар теледидардың пайдасы көп. Көптеген жаңалықтарды, киноларды, ертегілерді, концерттерді, теледидардан көреміз.теледидар көргенде біз теледидардан алыс отырып, қарауымыз қажет. Жақын отырып теледидар қарауға болмайды. Көзімізге зиян.
Калиакпар Дияр
Үйіміздің ішінде,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп ақпарат береді,
Теледидар бұл ғажап.
2.Компьютер – ақпарат құралы. Компьютер арқылы алыстағы достарымызға хат , хабарлама жібере аламыз. Компьютердің адамға көмегі зор. Адамдар жұмыс орнында компьютерді көп қолданады.
3. Телефон – байланыс құралы.Телефон арқылы алыстағы ата-апаларыңмен хабарлассаңдар болады.
Ардаққызы Айлин
Қақпақтарын ашады,
Нүктелерін басады.
Ар жақтағы адамды,
Байланысқа қосады.
4. Балалар бұл не? Ия бұл үтік онымен не істейміз? Киімдерімізді үтіктейміз
Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды.
Неге? - себебі күйіп қалуларын мүмкін.
Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады.
5.Шашкептіргіш- шаш кептіру арналған зат.
6.Шаңсорғыш- Бұл үйдегі шаңды сорып алатын құрылғы.
7.Кір жуғыш машинасы- Бұл біздің лас болған киімдерімізді жуады.
8.Тоңазытқыш (холодильник). Бұл азық -түлікті сақтайтын құрылғы.Тоңазытқыштың түстері де, көлемдері де әртүрлі болып келеді.Тоңазытқыш іші бірнеше бөліктерге бөлінеді.
- Осы дүкендегі барлық электроқұралдар электр сымдар арқылы қызмет атқарады.Элект сымдары тоқ өткізетін болғандықта,балалар үлкендердің рұқсатынсыз қосуға болмайды.
(Тәрбиеші қауіпсіздік ережесін айтып өтеді).
Тәрбиеші:Балалар сендер электроника дүкенінде тұрмысқа қажетті барлық заттармен таныстыңдар,енді тобымызға қайтайық.
-Балалар сендер дүкенде шаршаған боларсыңдар,қанеки барлығымыз сергіп алайық.
Сергіту сәті.
(Әуенмен орындалады).
-Балалар сендер ойын ойнағыларың келема,ойынға дайынсыңдарма?
-Иа
1.Дидактикалық ойын: "Суретті құрастыр"
Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Тәрбиеші балаларға 2-3 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегімен суретті құрастырады.
-Келесі кезекте балалар мен сендермен "Қай зат не үшін қажет" ойынын ойнағым келіп тұр.Тақтамен жұмыс жасайтын боламыз.
2. Дидактикалық ойын : "Қай зат не үшін қажет"
Мақсаты: Электр құралдарының атқаратын қызметін ажырата білу.
Шарты: Тұрмыстық заттардың қай суретке жататынын көрсету.
Қорытынды:
-Балалар біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
- Электр құралдарымен жақынырақ танысу үшін қайда бардық?
- Қандай электр құралдарымен таныстық?
- Олардың күнделікті тұрмыста атқаратын қызметі жайлы ақпарат ала алдықпа?
(Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді).
Тәрбиеші балаларды мадақтап, сыйлықтарын таратып береді.
(Тәрбиеші балаларға смайликтер үлестіріп береді).
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сертификат дайын, балабақшаға ашық сабақ