Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу және азайту
Математика пәні
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 100 ден 110-ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру.
Түзете-дамытушылық: Таным, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру,сергіту сәті, ажырата білу, ойлау,ойын.
Көрнекі-құралдар: кеспе цифрлар, үлестірме материалдар, тақта, бор.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық:
Көңіл күйлерің қалай?
Керемет!(Қолдарын көтереді)
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Тамаша! (Алақандарын соғады)
Ынталарың ше?
Ғажап!(Қолдарын көтереді)
Ендеше бастайық
О-О-О (Бас бармақтарын көрсетеді)
III. Жаңа сабақ. Бүгін үш таңбалы сандарды баған түрінде қосып, азайтамыз. Сандар қандай түрлерге бөлінеді( бір, екі, үш таңбалы) -5,7,2 цифрларын қатыстырып үш таңбалы сандарды санап жазу.
Ой ширату.
Тақтаға үш таңбалы сандар қатары ілінген. Балалар мұғаліммен бірге сандарды қосып азайтамыз. Балалар шаттық шеңберде өлең шумақтарың қимыл- қозғалыспен айтады .
Оқып білім аламыз
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.
«Кім шапшаң» Үш таңбалы сандарды жазып, орында!
101, 102, 103, 104, 105, т.б
IY.Сергіту сәті. Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Допты алды қолына
Допты қойыды жолына
Оңға қарады, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Тапсырма: Сандарды өсу ретімен орналастыр.
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
«Жасырынбақ» ойыны. Шарты: Үш таңбалы сандар беріледі. Сол сандардың 2-уін жасырамын. Балалар жасырылған сандарды тауып тақтаға жазып көрсетеді.
IY.Сергіту сәті.
«Поезд» құрастыру ойыны.
Шарты: Вагондарға сандар жазылады. Сол санның шешуін тауып вагонға тіркеу керек.Мысалы: 100 105 107 110
Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және айды жазу.
«Сүйкімді қонжықтың тапсырмасы». Шардың ішінде жасырылған сандарды дәптерге жазу.
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Есептеу тәсілін түсіндір: Бірінші бағанды өзім түсіндіріп, шығарамыз, қалған бағандарды 3 топқа бөліп беремін.
90+10=100 63+17=80 56-40=16 54+34=88
100+10=110 80+20=100 40-40=0 56+42=98
36-17=19 68-47=21 41 + 12= 53 54-36=18
Тақтамен жұмыс.
Үш таңбалы сандарының құрамын анықтау.
Дидактикалық ойын «Көршісін тап» 105, 107, 109
«Неше рет?» ойыны.
Мақсаты: заттар мен құбылыстарды санау дағдыларын бекіту.
Шарты: Мұғалім қол шапалақтайды, балалар соған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді.
IY.Сергіту сәті.
IV апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
«Суреттегі заттарды сандармен сәйкестендір»
Мысалы: 10,............ сандарды 1 заттын, пішіндердің суреттерімен сәйкестендіру керек.
«Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған сандардың есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір санды алып қояды. Жоғалған санды табу керек.
IY.Сергіту сәті.
Дидактикалық ойын: «Сандарға үй жасаймыз".
(әр балаға ішінде геометриялық пішіндер бар конверт беріледі)
Шарты: берілген пішіндерден құрастырып үй жасап шығу. Қай бала бірінші құрастырса, сол балаға жұлдызша беріледі.
- Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Мадақтау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.
Күтілетін нәтиже: Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосып,азайтып, табады, салыстырады,екі амалмен шығарылатын есепті әртүрлі әдіспен шешуді көрсетеді.
Меңгереді: Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу, азайту, салыстыруды;
Игереді: Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу және азайтуды игереді.
Біледі: Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу және азайта алуды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сертификат дайын