Ахмет Йүгінеки (XII ғ)
Ахмет Йүгінекидің туып- өскен елі Түркістан қаласы маңындағы Жүйнек деген жер. Әкесі Махмұд ақын болған. Ахмет араб тілінде еркін сөйлеген. Кейбір деректерде оны туғаннан соқыр болған десе, енді бір деректер: «соқыр адам қалайша табиғат сұлулығын тамашалап, поэтикалық тілде қалай суреттейді?!»- деп теріске шығарады.
Осыдан еліп, ақын жанарынан уақыт өте келе айрылған деуге болады. Өз заманының қадірлі де беделді адамы болған. Білімпаздығы үшін «Әдиб (оқымысты деген сөз) Ахмет» атаныпты.
Қожа Ахмет Йассауидің шәкірті. Ол түркі халқы әдеби тілінің қалыптасуына ықпал еткен. Өзінің атақты «Хибатул-л-хақайық», яғни «Ақиқат сыйы» деген еңбегін жазады. Кітап 466 жол өлеңнен тұрады, 20 шақты тақырыптарға бөлінген. Шығарма арзу өлең өлшемімен түркі тілінде жазылған. Бір-бірінен айырмашылығы аз үш түрлі нұсқасы және әр түрлі үзінділері бар.
Оның ойларының бір алуаны мынадай: «Адам дүниеге Алла мен ғылымды танып- білу үшін келеді. Жердің құпиясын білу-бақытты өмірге барар жол. 18 мың ғаламды жаратқан Жаратушыны мақтамаған жер-дүниеде ешкім жоқ. Алла жақсылықты 100 бөліктен жаратты. Оның 99-ын өзіне қалдырып, тек біреуін ғана жерге жібереді. Жер бетіндегінің бәрі Алла еркімен істелінеді. Өзіне жақынды да, алысты да — адамдардың бәрін сүй, Алланың хикметін сезіне біл. Егер адам өздігінен ғылымға бет бұрмаса, оны қанша оқытқанмен, құмға сіңген сумен бірдей. Ешқашан біреу жайында жаман айтпа, сол кезде ешкім сен жайында жаман айтпайды.
Егер өз көзіңмен көрмесең не оған толық көзің жетпесе, куәлік берме, жала жаппа. Болмаған іс жайында ешнәрсе айтпа. Бұл үлкен күнә болып саналады.
Адамдар, әлеуметтік һәм басқа да жағдайларына қарамастан, құдай алдында бірдей. Адам өзінде бар нәрсеге қанағат тұтуы керек. Егер олай етпесе, біріншіден, тегін айтып, мақтана алады, екіншіден, басқа рудың өкілдерін өзінен төмен ұстауға ұмтылады, үшіншіден, ауа райы жұлдыздарға байланысты дегенге сенеді, төртіншіден, өлген адамды көп жоқтап жылайды.
Адамдарға тәтті де ащы нәрсе-тіл. Жақсылық та, жамандық та тілден келеді. Айтылған сөз атылған оқпен тең. Тіпті, бір сөз айтар алдында әбден ойлану керек…»
Ақынның осы атақты кітабының қолжазбасы Стамбұл мешітінде сақталған. Шығармалары 1444 жылы Арслан, Әмір мен 1480 жылы Түрік ғылымы Нәжит Асыл жасаған көшірмелерімен белгілі. Түрік тілінде алғаш рет Рашид Рахмети Арат жариялады. Ал қазақ тіліндегі транскрипциясын Әмір Нәжит (1981 жылы) жасады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ахмед йүгінеки туралы қазақша реферат, ахмет иугнеки туралы казакша реферат, ахмет иугнеки туралы казакша омирбаяны, ахмед йүгінеки туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке ахмет иугнеки, биография на казахском языке ахмет иугнеки, биография на казахском языке, ахмет иугнеки, реферат на казахском языке, ахмед йүгінеки туралы, қазақша реферат, ахмед йүгінеки, ахмед иүгінеки туралы қазақша реферат, ахмед иүгінеки туралы қазақша өмірбаяны, ахмед иүгінеки туралы, ахмед иүгінеки