Шорман би Күшікұлы (1799 - 1837)

 Шорман би Күшікұлы (1799 - 1837)

Шорман Күшікұлы, Шорман би (1799–1837) – төбе, аға сұлтан. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Орта жүз арғынның ішіндегі қаржас руынан шыққан, өз еліне танымал Сәтиұлы Күшік шешеннің ұлы. Шын есім – Жұмабай. Қуандық руының Қожы төре бастаған жігіттері қаржастардың жылқысын барымталауға келгенде екі жақ сойылдасып, барымташылардан үш адам (ішінде төренің өзі де бар) қаза табады. Мұны естіген Уәли хан қаржастарға қыруар жылқы құн кеседі.

Шорман би Күшікұлы (1799 - 1837)Осы даулы, шешімі қиын мәселені өз руының пайдасына шешіп шыққан 15 жасар Жұмабай «бала би» атанды. Бұл жөнінде өз еңбектерінде Ш. Уәлиханов та жазған. Осы оқиғаның тағы бір нұсқасы Шоңмен (Шоң — Баянауыл округінің аға сұлтаны болған белгілі би) байланысты баяндалады. Жұмабай ханнан жеңіспен оралған соң Шоң оған Шорман атағын беріп, қаржас руының төбе биі етіп тағайындаған. Ол төрелерге билік бермеу мақсатымен сүйіндік арасынан хан тұқымын аластау жөніндегі Шоң бидің саясатын қолдап, оны іске асыруға көмектескен. Шорман бидің «қара қылды қақ жаратын» әділдігі ел аузында аңызға айналған.

Оның төрелігіне тек Баяннан ғана емес, бүкіл Кереку өңірінің түпкірінен келетін болған. Шорман би жер дауын шешу, жалпы қазақтарды жерге орналастыру мәселелері бойынша 1822 жылдан бастап Шоңмен бірге Батыс сібірдегі отарлық әкімшілікке бірнеше рет хат жолдайды. Шоңның тапсыруымен Тобыл, Омбы, Кереку, Қызылжар қалалары мен Ірбіт, Үркіт (Иркутск) жәрмеңкелеріне барады. Мұрағатта Шорманның 1830 жылы Омбыға, 1832 жылы Тобылға барып, губернаторға жолыққаны жөнінде дерек сақталған. Баянауыл округі ашылғанда ол аға сұлтанның орынбасары болып тағайындалды да, Шоң қайтыс болғаннан кейін оның орнын басты.

Алайда Шорман аға сұлтан міндетін бір жылдай ғана атқарып, келесі жазда дүние салды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазуы бойынша Шорман Ақмырза өзінің Сілетіге құяр тұсына жерленген. Шорманның тұңғыш қызы Зейнеп — Шоқан Уәлихановтың анасы. Үлкен ұлы Мұса Шорманов белгілі адам болған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру