Бопай ханым (1690-1780)

 Бопай ханым (1690-1780)

Бопай ханым балаларымен. Джон Кэстла суреті. 1736 жыл.

Бопай, Бәтима (шамамен 1690 жылы дүниеге келген, 1780 жылы Елек өзені бойында қайтыс болған) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре тұқымынан шыққан.

Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған.

Бопай ханым (1690-1780)Сондықтан да Әбілқайырдың саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Бұл ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымына Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігі жазған хаттарынан айқын көрінеді.

Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының орыс бодандығы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен.

Ол ханымның 1731 ж. 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 ж. 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай ханшайым ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай ханым батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А. И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініштер хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. Нұралыны «қырғыз-қайсақ ханы» етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А. П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай ханым Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға «аттандатпай», Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өз бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ-жоңғар қатынастарына тигізген әсері, Қайып хан мен Нұралы ханды бітістіруге бағытталған әрекеттері Бопайдың ел бірлігін қамтамасыз етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшылығымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоанновнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі жазады.

Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайырдың саясатын жүзеге асыру үшін баласы Нұралыны әке орнына 1749 26 қарашада хан тағына Елизавета Петровнаның жарлығымен отырып, Бопай хан тағында батыл әрі нақты қадамдар жасайды.

Бопай ханшайымның Күйеуін өлтірген Барақ ханнан өшін алу үшін ең мықты Цин империясымен құда болуды көздеп ұлына оның қолында жүрген Намұрын қызға құда түседі. Бірақ бұл құда түсу ақыры ұзаққа созылмай қыз аяқ асты өліп қалады, артынша Барақ хан да дүние салады.

Канцлер А. П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы- ханым саясатының жеңісі еді. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Джон Кэстлдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуліктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Бопай Клекке құятын Жосалы өзенінің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген.

Бопай ханым Әбілқайырдың жан-жақты мәселелерін шеше отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы.

Қазақ жеріне жан-жақтан қалмақтар мен жоңғарлардың шабуылы кезінде, Әбілқайыр хан қай елден көмек сұрауды ойлағанда, қасында отырған жанжары Бопай ханым Ресей елімен достық қарым-қатынаста болуды, олардан қару алуды сұрастыру жөнінде бағыт берген ханымның бірі.

Тарихта еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктен Бопай ханым ел есінде қалған.

Ресей елінің император ханымы Анна Иоанновнаның басшылық етуімен, елшілікке Тевкелевтың жіберіп, екі ел арасындағы достық қарым қатынасты дамытыу мақсатында Бопай ханым Ресей елшілігін қабылдаймыз деп өз мөрімен қол қояды.

Бопай ханым басқа ел басқарушыларға да өзін болашақта үлгі тұтады деп бұл елшілікті үлкен мәртебе тұтты, қазір ол тарихта қалды.

Бопай ханшайым 1780 жылы 31 майда қайтыс болып, күйеуінен кейін 32 жыл ғұмыр кешеді. Жосалы жерінің Елекке қараған маңындағы жерге Бопай ханшайымның сүйегі қойылады.

Бопай ханшайымның мавзолейі болған, қаншама адам барып табынып отырған. Бопай анамыздан жаны қысылған да, жәбірленгенде, қиындықта барып жалбарынып, құран оқып отырған. Кейін патша үкіметі құлаған кезде мавзолейдің кірпіштерін алып адамдар үй тұрғыза бастаған деп айтады.

Бірақ біздің есімізде тарихта Бопайдай анамыз болғанын ешқандай адамзат есінен шығармайды деп ойлаймыз. Ол кісінің істері әрбір адамға өнеге үлгі бола бермек.

Қазақстан мен Ресей елінде достық қарым-қатынасты орнатқан тұлғалар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру