Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (1932)

 Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (1932)

Дүниеге келгені: 1932 ж. сәуірдің 26-ында
Сырымбет ауылы, Айыртау ауданы, Көкшетау облысы
Мансабы: Сәулетші

Уәлихан, Шот-Аман Ыдырысұлы (Шота Уәлиханов) — сәулетші. Уәлиханов Шота Ыдырысұлы (26.4.1932 ж. туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауыл) – сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).

Жыл Оқиға
1956 ж. Мәскеу мемлекеттік сәулетші институтын бітірген;
1956 – 65 ж. Қазақ қала құрылысын жобалау институтында, КСРО құрылыс және сәулетші академиясы Қазақ бөлімшесінде сәулетші, кіші ғылымының қызметкері болды;
1966 – 67 Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары;
1967 – 70 Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау институтының аға ғылымының қызметкері;
1971 – 78 ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының орынбасары;
1976 жылдан ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының 1-орынбасары;
1973 – 82 Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы;
1975 жылдан КСРО Сәулетшілер одағы басқармасының хатшысы;
1982 жылдан Қазақ азаматтық село құрылысын жобалау институтында бас сәулетшісі;
1990 – 95 ж. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институтындағы өнер және сәулетші бөлімінің меңгерушісі;
1995 жылдан ҚР Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төрағасы әрі Халықаралық Абылай хан қорының президенті.

Мазмұны
Жетістіктер;
Қысқаша өмірбаяны;
Негізгі шығармашылық жұмыстары;
Марапаттары.

Жетістіктер
Ш. Ы. Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы (1958), «Универсам» дүкені (1979), «Казгипрозем» үйінің (1983) ғимараттары; Уәлиханов ескерткіші (1969; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1970), Ә. Жангелдин, Т. Бокин (екеуі де 1975), Ғ. Мұратбаев (1984), Шығыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылындағы Абай (1970), Көкшетау қаласындағы Т. Бигелдинов (1998), Қостанай қаласындағы А. Байтұрсынов (1999), Астана қаласындағы Кенесары Қасымұлы (2001), т. б. ескерткіштері; Д. Қонаев бюсті (1985), Тәуелсіздік монументі (1996, жоба авторы әрі жетекшісі), т. б. Уәлиханов 1996 ж. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауында ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба (қараңыз Герб) авторы. Сондай-ақ ол Қазақстан сәулет және бейнелеу өнерінің көкейтесті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақалалар; сонымен қатар бірқатар драмалық шығармалардың да («Шоқан», алғаш рет 1962 ж. қойылған; «Ағнұр», 1982; «Тағдыр», 1984; «Террор», 2000) авторы; бірқатар пьесалары республикалық (Алматы) және облыстық (Көкшетау, Қарағанды, Шымкент) театрлары сахнасында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12 – 13, 20-конгрестеріне (Мадрид, 1975; Мехико, 1978; Пекин, 1999) қатысты. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қысқаша өмірбаяны
1932 ж. сәуірдің 26-ында Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (1932)Мәскеу сәулетшілік институтын бітірді.

«Қазақстан қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары,

Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды.

Республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.

Шот-Аман Уәлихан — төре руының өкілі, әйгілі қазақ пен ресей ғалымы Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы. Қазақ ақыны Бахытжан Қанапияновтың немере ағасы.

Негізгі шығармашылық жұмыстары
* Алматыдағы Шоқан Уәлиханов (1969);
* Әліби Жанкелдин (1975);
* Тоқаш Бокин (1975) ескерткіштері;
* «Динамо» стадионы құрлысының (шығармашылық топ құрамында) жобалары;
* Алматы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998);
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының ауторы.
Марапаттары
* Қазақстанның мемлекеттік сыйлық иегері (1990);
* Қазақстанның еңбек ciңipгeн қайраткері‎.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру