Экология және экономикалық тәрбиелеу жайлы ұғым

Экология және экономикалық тәрбиелеу жайлы ұғым

Орманды қорғау – міндет. 2002 жылы 16 шілдеде еліміздің Үкіметі шет елге ағаш экспорттауға тыйым салды. Орман ағаштарын кесуді лицензиялау жөнінде қаулы қабылдады. Орман ша¬руа¬шылығы мамандары табиғат қорғау прокуратурасы, қаржы полициясымен бірлесе отырып, заңсыз түрде ағаш өнім¬дерін дайындайтын кәсіпорындарды тексеріп, анықтауға қол жеткізді. Олар енді орман ағаштары өнімдерін облыс¬тық орман және аңшылық шаруашы¬лы¬ғы аумақтық басқармасының келісімінсіз теміржол бойымен басқа жаққа апара алмайтын болды. Орман шаруашылық¬тарын¬да күзет те күшейе бастады. Табиғат байлығы орманды қорғап қалу үшін ортақ іске жұмылған орман қорғау полициясы, қаржы полициясы, табиғат қорғау прокуратуралары құрылды. Орман сақшылары мен жанашырларының қатары көбейіп, күрес күшейген тұста қарақшы¬лар¬дың да ағаш ұрлау тәсілдері өзгере бастады. Олар ұрлыққа енді бұрынғыдай үлкен КамАЗ-дармен емес, шағын қорап¬ты тракторлар мен ГАЗ-53 маркалы авто¬көліктерді, ат-шананы пайдалануға көш¬кен көрінеді. Қарақшылар орманшы¬лар мен күзетшілердің басқан іздерін аңдып, бір-бірімен рация арқылы хабарласып отыратын болып шықты. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, орман жиегінде отырған ауылдарда ағаш кесетін пилора¬ма¬лар, шпалорезкалар көп. Күнкөріс үшін ұрласа да, ұйықтамаса да сату үшін ағаш дайындауға кіріседі. Ағаш кесудегі, табиғат байлығын аямаудағы заң бұзу¬шы¬лықтар ауыл ішінде тоқтамай, орманды сақтап қалу қиын. Жабағылы деген бір ауылдың 9 үйінде ағаш кесетін құралдар орналасқанын құқық қорғау орындары анықтаған. Заңсыз ағаш кесу, оны дайындап өткізу орталықтары Маралды, Көкжал ауылдарында да болды.
“Ертіс орманы” мемлекеттік резерва¬тында орманды қорғау жөніндегі облыстық комиссия жиі бас қосып, табиғатты қорғауға ат салысатын қала, аудан, ауыл деңгейіндегі барлық мекемелер жұмыстары жайлы есеп тыңдалатын болды. Ағаштарды кесуге мүлдем тыйым салынып, алдағы уақытта тек жанған ағаштарды ғана әкетуге рұқсат беріледі. Осындай құрықтаулар, жоғарыдан жеткен шешімдер арқылы орманды сақтап қалуға деген көзқарас түзеліп, ағаштарды отау, өртеу бұрынғы жылдарға қарағанда бір¬шама беті бері қарағанмен де, әлі де бол¬са, орман өрті, ағаш ұрлау тыйыла қойған жоқ. Арагідік ел арасында орманды өртейтін де, ағаштарды ұрлайтын да орманшылардың өздері екен деген алып-қашты сөздер есті¬леді.
Депутаттар куә болды. Жалпы мә¬ліметтер еліміздің мемлекеттік орман қоры 26,2 миллион гектарды алып жатқанын көрсетеді. Жеріміздің 4,6 пайызын орман алқапты құрайды. Солардың бір пайызы қарағайлы орман ағаштарына бай Павлодар облысының үлесіне тиесілі екен. Орман шаруашылығы мамандарының айтуына қарағанда Семей өңірімен шектесетін орман алқаптарының 50 пайызына дейін өрт жалмап тастаған. 1947 жылы өсірілген қарағайлардың 80 пайызына дейін жоқ бо¬лып кеткен деген де мәліметтер бар. Облыс¬тық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы 2004 жылдың 8 айында облыс аумағындағы бүкіл орман ша¬руашылығында 188 рет өрт оқиға¬сын тіркепті. Өрттің салдарынан жалпы аумағы 195 гектар орман алқабы күлге айналды. 2003 жылы 164 өрт болып, 5 мың гектардай жер өртенген. Кінәлі адамдар ұсталып, жауапқа тартылып, айыппұл салынуда. Осы жылдары 1841 текше метр орман ағаштарын отаған заңсыз ағаш кесуге байланысты 239 оқиға тірке¬ліпті. Басқарма мамандары бұл жайлардың бұрынғы жылдармен салыстырғанда азайғаны деп отыр.
Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамай¬ды. Ағаштарды Қытай асырып сатып, аяусыз отап-кесіп жүргендердің, жәйі келсе өртеп жіберетіндердің кімдер екенін, алып-қашты сөздер айтады. Ал осыдан бес-алты жыл бұ¬рын орман алқаптарын аралаған Парламент Мәжілісі экология комитетінің мүшелері жер¬лесіміз, депутат Тито Сыздықов бастап жұрт¬тың аузында жүрген сөздердің расты¬ғы¬на көз жеткізгендей болды. Ағаш кесіп, тақтай тіліп, сату үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып ала қоятындар шыға бастады. Парламент Мәжілісі депу¬тат¬тарының ағаш ұрлығы, бей-берекет өртке ша¬лынуы жайлы дабылдарынан кейін ұры алыс¬тан келмейтінін айтып, ормандағы ағаш ұрлығы мәселесімен енді жергілікті прокуратура орындары айналыса бастады. Облыстық прокуратураның тексерулері барысында 2005 жылы мемлекет тарапынан жергілікті орман шаруашылығы бойынша шаруашылықта еңбек ететін орманшылар са¬нын көбейтуге, материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 208 миллион теңге қар¬жы бөлінсе де, “Ертіс орманының” бас-шылығы мемлекеттің орман қорын сақтауға қол жеткізбей отырғандары анықталған.
Қойды қасқырға бақтырғандай... Облыстық прокуратураның тексеру қоры¬тындылары облыс аумағындағы ормандарда ағаш кесу, сату, тасымалдау заңнамасының сақталмауына, өрескел бұзылуына орай, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Заң бұзушылардың өздері “Ертіс орманы” мемлекеттік орман-табиғат резерваты бас¬шы¬лары С.Теміршотов пен оның орын¬ба¬са¬ры К.Жүнісовтер болып шықты. Бұл депутаттар да шет жағасын байқаған “орман ұр¬лығы мен өрт оқиғалары”, “қойды қас¬қыр¬ға бақтырып қойғандай” деп мысал кел¬тірген Шерхан ағамыздың да сөзін анықтай түседі. Өз міндеттерін дұрыс атқара алмаған қос басшы облыстық прокуратура орын¬дары¬ның тексерулері нәтижесінде орындарынан алынды. С.Теміршотов бұған дейін де 2002-2005 жылдар аралығында “Бесқарағай” ор¬ман шаруашылығында басшылықта болған ке¬зінде жеке жауапкершілік тәртіпке шақы¬рыл¬ған. Облыстық прокуратура қызмет¬кер¬лері резерват басшысы С.Теміршотовты орнынан алу жөніндегі өздерінің тексеру жұмыстары барысының қиынға соққанын айтады. Еліміздің Ауыл шаруашылығы ми¬нистр¬лігі орман және аң шаруашылығы комитеті басшылығы тарапынан С.Темір¬шо¬тов¬ты орнынан алу жөніндегі ұсыныстары қолдау таппай, қайта, оны “Ертіс орманы” мемлекеттік орман-табиғат резерваты бас¬шы¬лығына жоғарылатып тағайындап қояды. Прокуратура қызметкерлері С.Теміршотовтың бас¬шылығы кезінде орман шаруашы¬лы¬ғын¬да орманшылардың кәсіби дайын¬ды¬ғы, кадрлық құрамы, дайындықтарының жайын тексерді. Өткізілген ағаш өнімдерінің есебі тиісті деңгейде жүргізілмеген көрінеді. Жа¬санды әкімшілік материалдарды әзірлеу¬ге жол берілген. 1995-2002 жылдары “Ертіс орманы” резерватына қарасты Шалдай мен Бесқарағай орман шаруашылықтарында 71 мың гектар орманды алқап жанып кеткен. 2003 жылдары осы аталған орманда 2222 гектар орманды алқап жанды. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақ¬тық басқармасының хабарларына қарағанда, өткен жылы облыстың орман шаруашылық¬тарында 183 рет өрт оқиғасы тіркеліп, 6138 гектар жердің орман алқабы өртеніп кеткен. Орман өрттерінің жиі болған жері Шалдай орман шаруашылы¬ғында, өткен жылдың өзінде 140 рет өрт оқи¬ғасы тіркелген көрі¬неді. Ал биылғы жылы облыстың орман ша¬руашылық¬тарын¬да 19 рет өрт болса, оның 9-ы осы Шалдай ормандарында шыққан. Сәуір айында облыс жұртшылығын дүрлік¬тірген өрт осы орман шаруашылығының Бауыртал бөлімшесінде болды.
Кінәлілер анықталды ма? Орманшы А.Қаденовтің өрт сөндірушілерге берген түсі¬ніктемесінде көршілес Галкин орман ша¬руашылығында орналасқан “Орман ерте¬гісі” демалыс орны маңайында үйілген қо¬қыс¬тың жанып жатқан үстінен түскені айтылған. Орманшылар кенеттен күшейген желдің екпініне ілесе көтеріліп кеткен от-жалынды қолмен сөндіруге шамалары кел¬ме¬генін айтады. Жолында тосқауыл жоқ тіл¬сіз жау Бауыртал ауылына осылай келген-ді. Дәл орманның іргесінде тұрып, қалың ағашқа бай табиғат байлығы көз алдарында тұрғанын біле тұра, сақтық шараларын орын¬дамай қыс бойы үйілген қоқыстарын өрте¬мек болған “Орман ертегісі” демалыс ор¬нының қызметкерлері алапат өрттің шы¬ғуы¬на себепші болған бұл “ойындары” үшін жауапқа тартылар деген ойдамыз.
Орманшылардың айтуын¬ша, балапан қарағайды өсіріп, ағашқа ай¬нал-дырып, өндірістік мұқтажға пайдалану үшін кемінде 70-80 жыл уақыт кетеді екен. Қарағай бүрлерінен тұқым өндіріліп, дай¬ын¬далады. 1 га жерге шамамен 60 кило¬грамм тұқым себіледі. Осыдан бір миллион 200 дана түп шыбық өсіп шығады. Жас шы¬бықтар екі жылдай уақыт күтіп-бапталып, үшінші жылы бойлау үшін қарағайлардың арасына трактормен жыртылған жерге механикалық түрде отырғызылады.
Сөз соңы. Жалпы, Ертіс өзені бойында осы бір сирек қарағай түрі біздің елден кейін Канада жағында кездесетін көрінеді. Ғалымдар Ертіс қылқанды орман жолағы мұз дәуірінде пайда болған десе, Асан Қайғы бабамыз бұл жерлердегі қарағай¬ларды көріп: “Мына қарағайлардың біреуі кейін бес аттың құнына тең болады” деген екен. Ертеден бері Кереку, Семей өңірінің аумағын алып жатқан қалың қарағай жалдары Ертіс орман жолағы деп аталады. Орманшылардың айтуларынша, қарағайлы орман жолағы деп атайтын себебі, орманның ені – 0,4 шақырымнан 40 шақырымға дейін жетеді. Сөйтіп, біз тақырыбымызға арқау етіп отырған Шалдай ормандары Алтай тайгасына барып қосылады.
Жұртшылық ауылдарының дені орман шетінде отырған Шарбақты ауда¬нына жаңадан әкім болып келген Сапаркелді Смағұловқа көп үміт артады. Жаңа әкім жұмысқа келген күннен бастап орманды өрттен қорғау шараларын қатаң түрде қолға ала бастады. Әкім бастаған бұл игілікті іске бала кездерінде дала сарымсағы мен жуасын, қарақат, жидегін теріп, зыр жүгірген орманның бүгінгі күйіне наразы қарттар біраз сейіліп қалды. Қиын жылдардың өзінен аман-есен қалған Шалдай ормандары өртке оранып, ағашты кесіп, ұрлық-қарлық белең ала беретін болса, еліміздің байлығы, жеріміздің көркі, кең даланың сәні мен мәні, табиғат тынысынан айырылып қаларымыз да кәдік.
Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау ісінде адам денсаулығының экологиясы табиғат экологиясымен бір қатарда тұрғаны белгілі екендігін ескерсек, бұл істе құқық қорғау органдары секілді сот органдарының да алдында үлкен келелі істер тұр.
Табиғат қорғау заңдылығын сақтамай қоршаған орта байлығын үдемелі түрде игеру Атырау өңірінің экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр.
Атырау облысы аумағында жұмыс істеуші мұнай компанияларының бүгінгі күнгі ең басты міндеті - қоршаған ортаны рұқсат етілмеген жолмен ластауды болдырмауға бағытталған нәтижелі шараларды жетілдіру. Осы бағытта олар мұнай-газ игеру жұмыстарын жүргізу барысында халықаралық тәжірибеде қабылданған стандартқа сәйкес барынша тиімді тәсіл мен технологияны таңдауы қажет.
Аталған мәселенің маңыздылығы Каспий шельфінің жеделтетілген түрде игерілуі мен осының салдарынан Каспий теңізінің ластанғандығы жөніндегі орын алған фактілерге де байланысты. Бұдан басқа, ұзақ уақытқа сақтауға бекітіліп қойылған (законсервированные) су астындағы ескі скважиналардан кез-келген уақытта төнген мұнай ағып кету қаупін де естен шығармауымыз керек.
Экологиялық сақтандыру мәселелері. Мемлекеттік экологиялық сақтандыру экологиялық апаттардан сақтайтын, ал олар болған жағдайда кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, сонымен бірге азаматтарға, меншік объектілеріне және табыстарға келтірілген залалдың орнын толтыратын мемлекет пен қоғаммен бекітілген шаралар жүйесі.
Сақтандыру тәуекелі - яғни, рұқсат етілген, бірақ күтпеген жағдайлар (экологиялық және стихиялық апаттар және т. б.).
Экологиялық сақтандырудың қажетті субъектілері: сақтандырылушы және сақтандырушы. Мемлекеттік сақтандырушы мемлекет болып табылады.
Сақтандыру өндірістің қажетті элементі, бұл процесс кезінде стихиялық және басқа да апаттардан үлкен залалдар мен олардың орнын толтырулар болуы мүмкін. Сондықтан, сақтандыру тәуекелі мен қорғану шараларында өндірістік сақтандыру қорғалудың және жалпы ұлттық шаруашылықтың экономикалық категорияның негізі көрінеді.
Ұлттық шаруашылықты қорғау түрлі сақтандырушының натуралды запастар мен ақшалай сақтандыру қорлардың жиынтығы ретінде сақтандыру қорларды құрумен сипатталады. Сақтандыру қорларын қалыптастырудың қажеттілігі бір жағынан, адам мен өндірістік қызметтің арасындағы, екінші жағынан табиғатпен қарама-қайшылықтардың өсуімен байланысты.
Мұнда сақтандыру қатынастарының барлық жиынтығын 4 түрге бөлуге болады: меншіктік, азаматтардың өмірлік деңгейін сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелділік пен жауапкершілікті сақтандыру.
Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыруда табыстарды жоғалтудың тікелей және жанама тәуекелділіктерді сақтандыру көрінеді.
Сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы сақтандыру қатынастары келесі сақтандыру түрлері бойынша орындалады:
Жауапкершілікті сақтандыру — сақтандырушының белгілі бір әс-ірекеті немесе әрекетсіздіктің себебінен үшінші тұлғалар (заңды немесе жеке тұлғалар) алдындағы болатын жауапкершілікті сақтандыру саласы. Мүліктік және жеке сақтандыруға қарағанда жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты — әрбір берілген сақтандыру жағдайында өзінің нақты ақшалай көрінісін табатын залал келтірушілердің экономикалық мақсаттарын сақтандырушылық қорғау.
Жауапкершіліктің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттендірілген — сақтандырушының меншікті зақымдануды немесе жоюды әкелген жағдайда.
Экологиялық сақтандырудың экономикалық маңызы экологиялық сақтандыру қоры арқылы сақтандыру субъектілері арасындағы сақтандыру төлемдерінің оқшауланған қайта бөлінуі.

Экономикалық тәрбиелеу
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, валдық ішкі өнімнің тұрақты түрде өсуіне қол жеткізу мақсатында.
Осыдан-ақ БЭК-ті құру экономикасы бір-бірімен тығыз байланысқан Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь мемлекеттері үшін саяси және экономикалық жағынан да тиімді болатынын аңғаруға болады. Тек бұл тұста кеңістікке мүше әр мемлекеттің экономикалық мүдделерінің теңгермелі түрде екенін ескергені жөн. Кеңістікке қатысты Украинаның ұстанымы өзгерген жағдайда да БЭК құру жұмысы тоқтап қалмайды. Ал, Ресей бұл бастаманың әу бастан-ақ жақтаушысы. Ендеше, БЭК-тің болашағы бұлыңғырлау деген болжамның өзі күмәнді. БЭК-ті құру идеясы толық жүзеге асатын болса, бұл ең алдымен оған мүше мемлекеттердің аймақтағы экономикалық қуатының артуына және олардың әлемдік экономикамен ықпалдаса дамуына ықпал етпек.
Ресей, Қазақстан және Беларусь үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін Біртұтас экономикалық кеңістік ауқымындағы 29 құжатқа қол қоймақ. Бұдан басқа, 2006 жылдың 1 наурызына дейін осы құрамдағы елдер Біртұтас экономикалық кеңістік ауқымында тағы да 15 құжатқа қол қоюы тиіс. Президент Путиннің айтуынша, осы елдер арасында бірыңғай кеден ережелерін құру үшін қажетті жағдайлар қалыптасқан. Бірлескен мәлімдемеде көрсетілгендей, «төрттік» ауқымында жұмыс істеуге тиісті құжаттар пысықталып, әзір болғаннан кейін оған Украина да қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, Ресей Президенті Путин, «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің әрқайсысы экономикалық ықпалдасу жоспарларын өздері айқындауы тиіс» деп отыр.
Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйесшің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Әрине, бұған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті жоспарын алдын ала әзірлеген жағдайда ғана жетуге болады.
Табысқа жеткен үкіметтер, әдетте ықашам келеді әрі мемлекет қана атқара алатын ең басты бірнеше функцияларға жұмылады. Әлбетте, оңтайлы үкіметтер өз қызметін аз санды басымдықтарға және осы мақсатқа жету жолындағы стратегияларды іске асыруға ұмтылады.
Үкіметтің тиімділігі өзара байланысты үш факторға: оның құрылымдық ұйымына, стратегиялық үйлесімділігіне және кадрлар даярлығының дәрежесіне негізделеді. Біздің таяу болашақтағы міндетіміз стратегиялық жоспарлау әдістерін меңгерген қабілетті, әрі адал кадрлардан тұратын шағын, оңтайлы аппарат құру болады.
Экономикалық әдістер
Экономикалық құралдарға нарық процестерін қажетті арнаға түсіретін мемлекеттің ықпал жасау іс-шаралары жатады. Жеке алғанда, экономиканың жалпы сұранымы мен ұсынымына, капиталдың шоғырлану деңгейіне, әлеуметтік және құрылымдық жақтарына ықпал жасау әдістері туралы сөз қозғалып отыр. Экономикалық шаралар құрамына қаржы (бюджет, салық) және ақша-несие (монетарлық) саясаты; бағдарламалау (программирование) мен болжаулар (прогнозирование) кіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру