Ш.Уәлихановтың еңбектері

Ш.Уәлихановтың еңбектері

Ш.Уәлихановтың еңбектері

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындау дәуірі еді.
Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.
Теріс бұтақ, Құндызды, обаған өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстанған Атығай, қыпшақ, керек, уақы, руларының қалың елі осы Шыңғыс аға-сұлтанына бағынады.
Бұл жерлерді Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852ж) өзінің жазулары мен суреттерінде бейнелейді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрын болып Уәлихановтар семьсы осы бекініске көшті.
Мұнда Шыңғыс 20 жыл тұрды. Алғашқы үш баласынан басқасының бәрі осында туылды.
Шыңғыс семьясымен Сырымбетке 1853 жылдың шілді айында қайта оралады. Шоқанның жастық шағы көбінесе осында өтеді. Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлері көп, Сырымбет тауының басындағы биік жерлер, жартас ел аузында көп айтылды.
Шоқан сол төңіректе тау көрінстерімен туған елінің суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен.
1960 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланды. Бұған Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен. Шоқанның ықпалы да елеулі әсер еткен.
Шоқанның әкесі және ғалым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы ретінде ШЫңғыс Москва мен Петертургке, әсіресе, актропологиялық және географиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған бала жалғыз Шоқан емес, тағы да бірнеше баласы болды, інілерінің ең қабілеттісі Сақыпкерей еді. Ол жас кезінде қайтыс болған ол өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақын серімен бірге бірсыпыра ән мен күй шығарған. Ішіндегі әйгілері: «Айкөкек», «Сырымбет», «Көкенің аманаты» сүйікті ағасы Ш.Уәлихановқа арналған еді. Шоқанның тағы бір інісі Мақы Мақажан Уәлиханов (1844-1923) суретші болды.
а) Шоқанның жастық шағы
Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені Сырымбетте өткізген. Шоқан ең алдымен Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуларын меңгерді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумасыннан дарынды, сезімтал балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға ескі хикаялары мен аңыздарын қызықты етіп әңгімелеп отырған.
Сол кез дің дәстүрі бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін білу парыз еді, сондықтан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін меңгерген.
Шоқанның жас кезінде қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Жас Шоқан сұңқар салып, салттық құпуға өте құмар болған.
Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман өзен алабының қалың тоғайлары мен биік құздарды тамашалап, Шоқан өзінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат алғандайды.
1847 жылдың күзінде туған елінен 1-ші рет ұзақ сапар шеккен он екі жасар Шоқан әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібір кадет корпусына түсіреді. Герцен мен Белинскийдің идеялары, сол кезде Шоқан оқып жүрген Сібір кадет корпусына да жетті. Омбы кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Монғолиямен, ОРта Азияны зерттеуші П.Н:Потанин оқыды. Кадетте аса көрнекті тәрбиеленушілердің қатарына Ш.Уәлиханов пен П.Н.Потаниннің досы, ақырында атақты ғалым – публицист және статистик Н.Ф.Аненский де жатады. корпустың оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы тарих, орыс және Батыс Европа әдебиеттері, жалпы география, философия негіздері, химия, физика, арифметика, ал гебра, тригонометрия, геометрия, пәндері де қамтылған, сонымен бірге сурет салу, сызу, орыс француз тілдері де оқытылатын. Кадет корпусы сегіз жылдық оқу орны еді.
Қазақ әншілер мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне әкесі келіп жүргендегі де Шоқанның халық поэзиясын қастарлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер еткен. Ш.Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» және «Ер көкше» атты халық дастанынан ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы Косылецкийге берген.
Шоқанның ғылымға ден қоюына, әкесінің алдыңға қатарлы орыс интелегенциясының өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А.И.Шренк, Сібір казактарының облыстың басқармасында жұмыс істеген декабристер С.М.Семенов, В.М.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан университетінің студенттері С.Соткиков, Н.Ф.Костылецкий, С.Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған.




3. Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі

Ш.Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп, шығысымен-ақ бірден басталды. Ресми жағынан сібірдің қазақ әскерлерінің алтыншы атты әскер полкының официері болып тағайындағанымен, шынында, Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының жанында қалдырылады да, арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқарып отырған генерал. Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды. Сонымен қатар өлкенің Бас басқармасы бойынша Ш.Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктелді. Бұл ортаның көпшілігі қаризмнің отаршылдық аппаратын билеп төстеп отырған реакцияшыл офицерлер мен чиновниктер еді. Сондықтан ол өзіне қарама ортаға тап болды. Олардың басында генерал Гасфортпен Сібірлік қырғыздар облысын басқарған оның көмекшісі Фон Фридрихс тұрды.
Отаршылдық аппараттағы чиновниктердің қылмысты әрекеттері жөнінде Батыс-Сібір мен Қазақстанға келіп-кетіп жүрген прогресшіл ғалымдар мен (жолаушылардың) жазушылардың, саясатшылардың бәрі де жазған, о лардың жауыздығы жайлы Петербургтағы Д.М.Достаевский, А.Н.Майков, В.С.Курочкин, К.К.Путковский және басқа достарына Шоқанның өзі де талай ызалы хаттар жазған.
Тікелей Фридрихетің басшылығымен жұмыс істеуге тиіс болған Шоқанның жағдай өте ауыр болды. Шоқанның Петербургтағы достарына жазған хаттарынан көрінгендей, Дюгамель, Фридрихс және олардың сыбайластары Кройерус пен Кури өздерінің қылмысты істерін әшкерлеп, заңсыздыққа, талаушылыққа, парақоршылыққа қарсы, патшаның отаршылдық аппараты тудырған зұлымдық атаулының бәріне қарсы аянбай күрескені үшін Шоқанды үнемі қудалап, зәбірлеп отырған. Дарынды Ш.Уәлихановтың зор табыстарын күндеуші патша чиновниктері оның ғылыми бастамаларына кедергі жасап, қамқор экспедициясын жоққа шығарды. Шоқан бұл қорлыққа шыдай алмай, соның зардабының құруға да шалдығады.
Шоқан туған еліне творчествалық жемісті еңбек етуді аңсады. Ақыры осындай творчестволық мүмкіндігіне ие болды. Бұл сол кезде Қазақстанда Ұлы жүз қазақтарымен Ыстық көл қырғыздарының Россияға өз еркімен қосылуы нәтижесінде туған тарихы жаұл сол кезде Қазақстанда Ұлы жүз қазақтарымен Ыстық көл қырғыздарының Россияға өз еркімен қосылуы нәтижесінде туған тарихы жағдайдың өзгешелігіне байланысты. Гутковский, Хаменоговский, Перемышельский – Уәлихановтың ең жақын достары еді. Олар білімді офицерлер озық көзқарасты адамдар. Қазақ пен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-ғұрып, халық поэзиясын күш салып зерттей бастады.
1855 Шоқан Гасфортпен сапарға шығады, Орталық Қазақстанды, Жетісу, Тарбағаьайды аралайды. Ол тұңғыш рет қазақ еңбекшілерінің өмірімен кең танысады, олардың тарихы аңыздары мен өлеңдерін жазып алады.
1856 жылдың басында оған поручик шені беріледі. Осы жылы оның ғылыми еңбегінің дамып, өркендей беруіне кең өріс ашылды. Жетісумен Тянь-Шаньды саясатта жүріп П.Т.Семенов қазақ және қырғыз халқының тұрмысы мен этнографиясы жөніндегі сарқылмас білім бұлағы болған Ш.Уәлихановпен достық және ғылыми байланысты бірден-бір үзбеген 1856-1857 ж ол Жетісуда жиі кездесіп, өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарын сонымен бірге жүргізеді.
1856 жылдың күзінде екеуі Құлжаға барып қайтады. Бұл жайлы және ғылыми мағлұматы бай кісі екеіндігін Н.Н.Семенов өзінің күнделігінде бірнеше рет атап көрсетеді.
Ш.Уәлиханов Жетісу мен Тянь-Шаньда кездескен ерте заманғы мәдениеттің өте сирек ескерткіштері үлкен жер етеді. Ол әсіресе Ыстық көлдегі ерте заманғы қала мәдениетінің, суландыру жүйелерінің қалдықтарына, сәулет өнерінің ескерткіштеріне, эпиграфикаға және тастан ойылған бейнелерге ерекше зейін салады. Ол Ыстық көлдің флорасы мен фаунасын зерттейді.
Шоқан Тянь-Шаньмен Ыстық көл бассейні қырғыздары арасында ғылыми іздестірулер жүргізіп жатқан кезде Петербургете Шауемек қаласындағы орыс факторияға өртелгеннен кейін үзілген Қытаймен сауда қатынастарын реттеу жөнінде Қытай үкіметтерімен келіссөздер жүргізу үшін «Айрықша адамдарды Құлжаға аттандыруға мәселесі шешіліп жатты. Осы мәселені екі жаққа да тиімді етіп шешу үшін Қытай үкіметіне» өзара ой-пікірді талап ететін нәрселерді Құлжада талқылайтын екі жақтан сенім көрсетілген адамдар тағайындау ұсынылды. Бұл ұсынысты Қытай үкіметі қабылдады, бастапқыда Ресей өкілі ретінде ұлы жүз қазақтарының приставы, подполковник Перемышельский тағайындалған еді, бірақ ақырында бұл міндет Ш.Уәлихановқа тапсырды.
1856 жылы тамыз айының бас кезінде Ш.Уәлиханов ресми түрде Құлжа қаласына барады және жолшы бойы бай Қытайдың бірнеше шекаралық аудандарына соға жүреді. Ол ҚҰлжада Қытай ұлықтарымен мәжіліс құрып, онда ол 3 айдай болды. А.К.Гейнстің сипаттауы Уәлиханов Құлжаға баруы «Тарбағатай келісіміне және емшілік ашуға» негіз салды.



3. Ш.Уәлихановтың психологиялық көзқарасы

Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Ш.Уәлиханов бүкіл әлемдік ғылыммен білімнен мейлінше мол сусындаған жан-жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді.
Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әртүрлі сипаттағы деректер баршылық. Шоқанның алдына қойған мақсаты өз халқының өмірін және зерттеп, кең даласы мен дарқан халқын берісі орыс, әрісі Европа жұртшылығына таныстыру еді. Ол қазақтардың рухани байлығын цивилизациясын аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады:
«Түрік тектес халық тардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ 1-ші орын алады деуге болады. Біздің шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтарда бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын». Ұлттық психика өнер саласында ерекше көрінеді.
Ғалым қазақ халқының ұлттық психология әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтауменде, соттың шешімдеріменде полициялық шараларменде, ең ақылдылардың қатарына қосылды. Өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, әдеп-ғұрпы мен психологиясын осыншама жоғары бағаланған шоқанды қайтіп қана қадір тұтпайсың!
Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілерінің бірі – сол халықтың тіл байлығы, сөз (байлығы) өнері, шешендік қасиеттері.
Ғалым Шығыс-Түркіснады мекендеуші көптеген халықтардың (қырғыз, түркімен, өзбек, қытай, т.б.) психологиялық ерекшеліктерін, олардың әрқайсысына тән әдет-ғұрып салт-дәстүрлерін өте білгірлікпен көрсете біліп, бұларды ерекше дәріптемей психологиялық жағынан бір-бірімен тең түсіп отыратындығын айта келіп томағай – тұйықтық көзқарасқа да соққы беріп отырды.
Шоқан қазақ халқындағы ұғымдық шығу тегін түсіндіргенде, оның психологиялық жақтарын ешқандай да материалистік позицияны берік ұстанды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру