Тұлғаның дамуы

Тұлғаның дамуы

Философияда тұлға — қоғам мүшесі ретіндегі, әлеуметтік даралық сапасындағы адам, қоғамдық қатынастардың жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.
"Тұлға" ұғымын "жеке адам" және "жеке тұлғалық" ұғымдарымен шатастыруға болмайды. Тұлғаның бірегейлігіне, қарапайым тілмен айтқанда, даралығына ешкім шек келтіре алмайды.
Адамдардың қоғамдық организм ретінде өмір сүруінің өзі олардың үнемі өзара әрекеттесулерін қажет етеді. Ол әрекеттесулер екі жақты болады. Қоғам жеке адамға әсерін тигізіп қана қоймайды, жеке адам да қоғамға сондай әсермен жауап беріп отырады. Адамның тұлға ретінде дамуына қажетті алғышарттардың бірі — оның табиғи қабілеттері болып табылады. Бұл, негізінен, қызмет объектісі болып табылатын адам өмір сүріп жатқан қоғамда іске асады. Жеке адам өзінің адам ретінде дамуына объективті жағдай бар қоғамда өмір сүрудің белгілі бір тарихи формасын табады.
Тұлға мәселесін философтар, тарихшылар, әлеуметтанушылар, өнертанушылар, экономистер, антропологтар зерттеу объектісі ретінде қарастырады. Педагогтар мен психологтар үшін тұлғаны қалыптастыру — ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын мәңгілік тақырып.Ғылымның әр саласы зерттеудің мәніне өзіндік ұстанымдармен келеді.Олардың жұмыстарының нәтижелері қоғамдық тәжірибемен өлшенеді.
Ғылыми әдебиеттерде тұлғаның оңдаған айқындамалары ұшырасады. Классикалык көркем әдебиетте тұлғаның түрлі әлеуметтік-тарйхи типтері, бірегей кейіпкерлер жасалған.Тұлғаны бейнелеуге арналған өнер туындылары да аз емес.
Тұлға негізі отбасында қаланады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы-балабақша, отбасы-мектеп одақтарының ықпалымен өтеді. Тұлғаның қалыптасуына адамның (баланың) бос уақытын өткізетін ортасының, ол жүрген ұжымның әсері мол.Өмірде баланың ресми тәрбие орындарынан төрі, кездейсоқ ортадан алған әсерлер жетегімен кететін жағдайлары да ұшырасады.
Тұлғаның қалыптасу шегін айқындау мүмкін емес. Ол үрдіс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бақыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастаса, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады
Материалистік ұстанымға сәйкес, адам — тарихи процестің субьектісі, Жердегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы (homo zapiens түрінің өкілі). Адам табиғатынан мәдениетті игеруге,қоғамға енуге, әлеуметтік жан, тулға болуға қабілетті.
Егер адам қоғамда өсіп, өмір сүрсе, оның әлеуметтену қабілеті дамиды. Егер оның өмірі қоғамнан тыс болса, онын әлеуметтену қабілеті өшеді. Адам - тек қоғамда ғана адам.
Әлеуметтену, әлеуметтік рольдерді орындау барысында адам өзін қоршаған ортадан бөле отырып, өзінің "жеке"өмір сүруі туралы санасын қалыптастырады, өз мінез-құлығъшың негізі, өзегі ретіндегі өзінің субьективтік "Менін'' сезінеді. Ол сондай-ақ мәдени идеалға ие болып, оған сәйкес келуге ұмтылады.
Барлық адам белгілі бір жалпы, барлығына ортақ қасиеттерге ие. Сыртқы келбеттерінің айырмашылықтарына қарамастан, барлық адамдар биологиялық тұрғыда бір түрге жатады. Жалпы қасиеттер социумға енуге қабілетті мінез-құлықтың жоғары дәрежедегі икемділігі.
Сонымен бірге адам - биоәлеуметтік тіршілік иесі:ол-табиғаттың бөлігі және әлеуметтік индивид, нақты қоғам мүшесі. «Адам»ұғымы биолоғиялық және әлеуметтік мәндердің бірлігі, бұл адамның әлеуметтік мәнінде табиғи негіздер жатқанымен, оны табиғаттың өзге бөліктерінен ерекшелендіреді. Әлеуметтік мәннің қалыптасуы, әлеуметтену процесі ондағы биологиялық бастамалардың жойылып кетуін білдірмейді, қоғам қажеттілігіне сәйкес биологиялық сапаларының әлеуметтікке айналуын білдіреді. Егер бұл процесс табысты өтсе, біз жеке тұлға туралы айтамыз. Жеке тұлғаның қасиеттерін түзу нерв әрекеттерінің, темпераментінің, нейродинамикалық, құрылымдық-биохимиялық процестер типінің ерекшеліктеріне байланысты болатынын ескерту қажет.Барлық тұлғалардың өзінің биологиялық, психологиялық сипаттамалары (эмоциялары, интелектісі, әдеттері, мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары және т.т болады. Бұл сипаттамалар әрбір тұлғаға жеке мінез береді.
Жеке тұлға - әлеуметтік сапалар жиынтығы бар адами индивид.Мұндай сапалары аз болған сайын, ол тұлғалық қасиеті де аз. Оны өз ішінднгі тұлға деп атауға болады, өйткені оның тұлғалық қасиеттері оның әрекеттерінен, қылықтарынан және басқа адамдарға қарым-қатынасынан көрінеді. Адамның қылықтары арқылы оның ішкі әлемі, адамгершілік және басқа қасиеттері (жағымды, жағымсыз) туралы пікір түюге болады.
Бұл мәселемен айналысатын ғалымдар "күнделікті маңызды роль атқаратын кейбір мінез-құлық үлгілері инстинкті болуы мүмкін", әйтсе де адамның барлық мінез-құлығын инстинктермен түсіндіруте болмайды, өйткені мұндай реакцияларды көбіне сыртқа жібере алмайды, бірақ туа біткен бейімділіктердің болатынын жоққа шығару қате болар еді дейді (Шибутани Т. Әлеуметтік психология М, 1989,448-бет.)
Оның үстінде, балалық шақта қалыптасқан сезімдер үлгісі бүкіл ересек өмірі бойымен өтетін үрдіс екендігін жоққа шығуға болмайды.Мысалы, кейбіреулер барлық беделді тұлғаларға -мұғалімге, полицияға, шеберлерге және т.б. — көбінесе өз ата-аналарына жасамайтын ілтипат жасайды. Кейбіреулер өз өмірі бойында ата-анасына деген жеке көрушілігін басқаларға аударады.
Әлеуметтік психологтар бәрінен де маңыздысы сезімді өз басьшан өткізеді. Мен - тұжырымдамасын адам әлеуметтік матрица ішінде жасайды, ол өзін өзіне басқалардың (яғни айналадағы жақьш адамдар) қалай қарағанына қарай бағалайды.
Өз құндылығын сезіну адамның өзіне тең санайтын адамының
махаббаты мен құрметіне байланысты.Педагогикалық және психологиялық практиканың көрсеткеніндей, кейбір ата-аналар өз балалары "жақсы" және олардың талаптарына жауап бергенде ғана оларды сүйкімді.Кейбір ата-аналар балаларьш өздері қол жеткізе алмаған ұмтылыстарын жүзеге асырушы деп таниды да, бала кезден бастап баласы ешқандай қызықпаса да, мансапқа жетуге дайындай бастайды.Мұндай балалар көптеген артықшылықтарға ие болады, бірақ олар сәтсіздікке де ұшырап, ұжданы алдында азап шегіп өзін ешнәрсеге қажетсіз деп санайды.
Адам өте жас болып және алда күтіп тұрған табыстар мен сәтсіздіктерге байланысты өзгермесе, оның өзіндік адамгершілік сезімі қалыптасады. Өзін сүйкімсіз деп санайтындардың басқаларды сүюі де қиын. Өзіндік адамгершілігі төмен деңгейдегі адам құрметтеу мен махаббатқа мұқтаж, бірақ ол өзін-өзі қорғау үшін пайда әкелетін нысаннан басқа біреуді сүюге қабілетсіздігін ойлайды.
Зерттеушілер жеке тұлға құрылымы төмендегідей компоненттерден тұратындығын көрсетеді:
Бірінші компонент - әр түрлі қасиеттер, өзара әсерлесетін қажеттіліктер мен мүдделер, идеялар, практикалық мақсаттар жүйесі енетін жеке тулғаның бағыттылығы. Бұлардың ішінде біреуі жетекші мәнге ие, ал қалғаңдары тірек болу ролін атқарады. Мысалы, танымдық қажеттіліктердің жетекші рольге ие болуы интеллектуалды әрекеттердің белсеңділігін арттырады.
Екінші компонент - табысқа жетуде жеке тұлғаның мүмкіндіктері, оның қабілеттері. Қабілеттер өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді. Мысалы, А.С.Пушкин өзін тарихшы, талантты суретші ретіңде көрсете білсе де, оның ақыңдық дарыны басым.
Үшінші компонент —мінез, яғни адамның әлеуметтік ортадағы мінез- құлығының стилі.Мінез — адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасының бірлігінен тұратын күрделі синтетикалық білім беру. Мінез жеке тұлғаны бүтіндей көрсете алмаса да, қасиеттер, бағыттылық пен еріктер, интеллектуалды және эмоционалды сапалар, темпераменттерден (мысалы, сангвиник, холерик және т.б) көрінетін тилологиялық ерекшеліктердің күрделі жүйесін білдіреді. Мінездер жүйесінен жетекші қасиеттерді де көруге болады. Оған, бірінші кезекте, моральдік (адамдарға деген қайырымдылық не рақымсыздық, айналасындағыларға деген жауапкершілік, қарапайымдылық және т.б), екінші кезекте ерік сапалары (табандылық, өжеттік, сабырлылық және т.б) жатады, олар белгілі бір мінез-құлық стилі мен практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін шешеді.
Мінез дегеніміз оған тән мінез-құлыққа алып келетін тұрақты жоғары дәрежедегі дербес жеке тұлғаның ерекшеліктерінін жиынтығы (белгілі бір өмір суру жағдайлары мен шарттарында).
Сапалардың, мінездердің салыстырмалы түрдеіі тұрақты жүйесі бола отырып, бүкіл өмір жолы процесінде қалыптасып, дамиды. Мінез қоғамдық мінез құрылымында, яғни басқа тұлғаларға, өз-өзіне, ісіне қатысты көрінеді. Мінезді өзгермейтін статикалық сапалар жиынтығы ретінде қарауға болмайды. Мінез икемді және оны тәрбиелеуге болады.
Басқаларына сүйенетін төртінші компонент, әдетте "Мен" ұғымын білдіретін басқару жүйесі болып табылады.
"Мен" - жеке тұлғанын өзін тануы жөніндегі білім беру, ол өз-өзіне бақылау жасау және әрекеттер мен қылықтарды реттеу, өмірді жоспарлау.
Жеке тұлғанын шындық өмірмен байланысы психикалық процестерді қамтамасыз етеді, ол арқылы жеке тұлғаның қасиеті қалыптасады. Қалыптасқан қасиетгер ез кезегінде процесс ағымына әсер етеді. Жеке тұлғаның психикалық өмірінің құрылымы күрделі, көп қырлы және қозғалыста болады.Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара шарттас.
Жеке тұлғаның дамуына байланысты оның құрылымында да өзгерістер болады. Сонымен бірге әрбір тұлғаның құрылымы шартты түрде тұрақты. Онда адамды адам ретінде сипаттайтын, одан өмір жағдайларында белгілі әрекеттерді күтуге болатын қасиеттердің типтік жиынтығы болады. Соған сәйкес, әр адам тұрақты және өзгергіш қасиеттер жиынтығы және осындай икемділік қана адамның өзімен өзі болуын қамтамасыз етеді, жағдайға сәйкес икемділік танытып, тиісті өмір сүруге мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның "құрылымы" күрделі. Неғұрлым қарапайым тұлғалық қасиеттер - жеке тұлғаның мәртебесі (статус). Көбінесе жеке тұлға мәртебесі жеке тұлға қасиеті құрылымындағы бастапқы сәт болып есептеледі де, ол көбінесе адамның мінез-құлығын, оның әлеуметтік ролін анықтайды.
Осылайша, "жеке тұлға" ұғымы адамға өз әрекеттерінен өрінетін әлеуметтік-маңызды сапаларын, қасиеттерін, әлеуметтік ағын бейнелейді (мысалы, адалдык, бір беткейлік, парасаттылық, ұқыптылық, білімділік және т.б.).
Жеке тұлғаның құрылысына биологиялық та, рухани да, әлеуметгік те, психикалық та әлементтер енеді. Бұл жеке тұлғаның барлық әлементтері құрылымдануы керек.Яғни олар бір-біріне қарсы келмей, бір-бірін толықтыруы, бір-біріне бағынуы, үндесуі керек. Егер мұндай үндесу болса, бұл басқа адамдармен әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуге қабілетгі, салауатты, қалыпты жеке тұлға. Егер ол болмаса, онда ол ұйымдаспаған болып есептеледі, мұның өзі әлеуметтік байланыстар мен басқа да әмірлік қиындықтарды асқындыра түседі.
Адамның мәні қоғаммен бірге өзгереді және дамиды.Оның қоғамға енуі, қосылуы әртүрлі әлеуметтік қауымдасулар, жіктер топтар арқылы өтеді және осыған байланысты сан алуан әлеуметтік жүйелерге енгізіледі.Бұл жүйелер адамға ықпалын тигізеді.Бірақ адамның дүниетанымының өзгешелігі табиғи ерекшілікіердің негізінде қалыптасады. Адам өзіне ғана тән ұстанымдар мен құндылықтардың ойлау таптаурындары мен жүріс-тұрыстың қалыптарының сүйіспеншіліктер ме жек көрушіліктерінің, мақсаттары мен ниеттерінің, нанымдары мен теріс түсініктерінің кешенін, жиынтығын иеленеді. Бұл адамның балалық шақтан бастал қандай әлеуметтік ортада, отбасында, көшеде, мектепте т.т. өніп өскенін бейнелейтін жағдайларды көрсетеді. Әлеуметтік ортаның өзгеруіне бейімделу ағымында адамның үнемі өзгеріп, дамуына әсері тиеді.
Әлеуметтену жеке адамды қоғамның әлеуметтік маңызды ерекшеліктері мен әлеуметгік қатынастарының тұлғада айқын тұғасқан жүйесі ретінде түсіндіреді. Адамның қоғамға ену үдерісі, оның әлеуметтік байланыстарға қосылуы және әр гүрлі әлеумегтік қауымдасуларға интеграциллануы (біріктірілуі, тұтастыққа кірігуі) барысында даралықтың әлеуметтілігі қалыптасады.Биологиялық тірлік иесі рөлнде адамның әлеуметпк тіршілік жаратылысына айналуынын бүкіл үдерісі әлеуметтендіру деп аталады.Әлеуметтк кеністік биологиялық, табиғи жағдайлар сияқты аламның ішкі негізіне сай лайықты қасиеттер мен белгілерді қалыптастырады.
Әлеуметтену ұлымы пәлсапалық, психологиялық және әлеуметтанулық ғылымдарда жалпы мағынада дара тұлғаның, оның мәнінін жасалуы мен дамуы, қоғамның және әр түрлі әлеуметтік топтардын жасап шыққан мөлшерлерін, құндылықтарын, түсініктерін, таптаурындарын, дәстүрлерін игеру үдерісін бейнелейді.Әлеуметану - көп қырлы күрделі үдеріс.Ол биологиялық алғышарттармен қатар жеке адамның тікелей әлеуметтік ортамен өзара тығыз әсерлестігін де білдіреді. Әлеуметтену ағымында тәжірибелік қызмет, өсу арқылы өмірге қажетті дағдылары мен ептіліктері қалыптасады, ал олар қоғамдық қатынастарға, алеуметтік болмысқа икемделуімен сіңісуін жеңілдеттді.Нәтижесінде жеке адамның даралығы жасалынады
Жеке адамның даралануы, жекеленуі - ол оның қоғамдық өз қызметін атқаруды тиімді орында үшін қажетті әлеуметтік талаптардын, құндылықты мөлшерлік ұйғарымдардын, жекелік және іскке қасиеттерді, белгілі әрекеттерді күтулердің қосарлануының, үдерісі мен нәтижесі. Сөйтіп, құндылықты қазыналарды игеру барысында және онын қорытындысында жеке адамдардың мінез-құлқының ішкі әлеуметтік реттеуі жүйесі қалыптасадыұл жүйе меңгеріліген әлеуметтік реттеуіштер арқылы әлеуметтік талаптардан туындайтын үлгіге сай келетін тұлғаның жүріс-тұрысын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтендіру адам мен ортаның байланыстар тұрпатына ғана емес,осы қоғамның даму дәрежесіне де тәуелді, үздіксіз, үнемі өтіп жататын үдеріс. Әлеуметтену өзіне, бір жағынан қоғамда қабылданған түсініктер, мәдени құндылықтар жүйесіне адамды тарту, қатыстыру мақсатында әлеуметгік жағдайлардың, әр түрлі әлеуметтік институттардың мақсатты бағыттағы оған жасайтын ықпалын қосады. Екінші жағынан, адамның өзінің әлеуметтену, қалыптасу үдерісі барысында жасайтын қызметі кіреді. Адам әлеуметтік ортада әрекет етіп оны өзгертеді, жетілдіреді және сол, бір мезгілде өзінің мәнін де өзгертеді, өзінің жаңа сапалары мен қасиеттерін қалыптастырады.Сондықтан адам әлеуметтену үдерісінде сыртқы дүниеге және өзінің ішкі, рухани дүниесіне ықпал ететін объект пен субъект ретінде шығады.
Осыдан келіп әлеуметтенуді адамның өзі тұратын қоғамнын мәдени жүйесін ұғыну деп қарайды. Ең алдымен,жалпыға маңызды жеке адамның әлеуметтік кейпін белгілейтін және оның қоғамдық пен жеке тұлғалық өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік туғызатын мәдени жүйесін құратын ұжымдық мөлшерлерді меңгереді.Ұжымдық жүріс-тұрыс мөлшерлерін кісінің игеру дәрежесі жоғары болуы соншалық, олар енді тұлғаның ажырағысыз бөлігіне айналады әне гүптін түбінде онын барлық қылықтарын еріксіз, өздігінен әрі андаусыз бағыттап тұрады.
Әлеуметтену тұлғаның әлеумеітік қасиеттерін қалыптастыру үдерісі ретінде танылады. Әлеуметтену үдерісі, ең алдымен осы субъекі құрамында болатын немесе өзіне-өзі таңдап алатын әлеуметтік топтармен өзін ұқсастырудан білінеді. Адам өмір бойы жағырапиялық немесе тарихи негізі бар топтардың, отбасынын таптың, ауыл мен аймақтың,ұлыс пен ұлттың құрамына табиғи енгізіледі.Адам бір уақытта үш бірдей ұйымдастыру үдерісіне биологиялық жаратылыс, даралық ерекшелік және белгілі әлеуметтік топтың мүшесі ретінде қатыстырылады.
Жеке адамның осындай қатыстылығы, тиістілігі әлеуметтік топтың өткені мен қазіргі тәжірибесін және болашақ жоспарын бйнелейтін топтық еұндылықтар мен мөлшерлсрді мойындау және дербес түйсіну арқылы көрінеді. Осы жағдайда кісінің білім деңгейі және оның жеке мәртебесі анықталады. Егер жеке тұлғаның даралық қасиеттерінің көрінулері жемісті болғаны көзделсе, онда қоғамның мәдени мұраларының неғұрлым көп бөлігін және күнделікті көп тараған түсініктерді және сезімдерді меңгеруі керек. Сөйтіп әлеуметтену ағымында жеке адамға қоғамның мәдени жетістіктерін неғұрлым көбірек өз бойына дарытып, сіңіріп алу мақсаты тұрады. Осының негізінде ғана дара адамның жасампаздық әлеуеті көбейтіледі, оның әлеуметтік қызметінің шығармашылық кепілі жасалынады.
Осылайша, егер әлеуметтендіру процесі табысты жүрсе, онда ол: адамның мәдениетке қол жеткізуін, өзі жататын қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарын өмір бойы игеруін қамтамасыз етеді.
Қазіргі социологияда жеке тұлға типологиясын құндылық бағыттылығына байланысты бөлу кеңінен тарауда.
Дәстүрлі бағыттағылардың борыш, тәртіп, заң тыңдау, сол сияқты дербестік, тіл табысқыштық, өзін жүзеге асыру сияқты қасиеттері неғұрлым төмен.
Идеалистердің, керісінше, дәстүрлі нормаларға, тәуелсіздік және беделге бой ұсынбау, қанлай жағдайға болмасын, өзін дамытуға деген сындарлы көқарасы айқын байқалалы.
Жеке тұлғның фрустрирланғын (сөбе сөз қиындықта қалған) типі үшін өзін-өзі төмен бағалаушылық, жабырқаушылық, тұнжырау, өмір ағымынан өзін лақтырып тастағандай сипат тән болады.
Реаяистерде борыш пен жауапкершілік сезімін дамыту арқылы өзін жүзеге асыруға,өзіндік тәртіп пен өзін бақылауы басым салауатты скептицизмге ұмтылу басым болады.
Гедонистикалық (грек. һеdone — рахаттану) материалистер алдымен "осында және қазір" ләззат алуға бағытталады және бұл өмір рахатын алуға деген құштарлығы тұтынушылық тілегін қанағаттандыру формасына ие.
Социологияда жеке тұлғаның модалді, идеалды, базисті типтері бар.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру