ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
Үміт еткен көзімнің нұры - балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сөйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп сағынарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басырарсың.
Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Бұл өлеңді Орынборда оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа би жолдаған екен. Оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген ол 5 жасар баланы (Ыбырайды 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған) Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты.1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ балаларының бірі - Ыбырай еді. Ыбырай мектепті "өте жақсы" деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
1860 жылы орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, ол өзі мұғалім болуға рұқсат алады. Оның мектебі 1864 жылы ғана ашылады. Онда 14 қазақ баласы оқиды. 1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады. Осы жылы "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, осы Орынборда басылады. Қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесіне көп еңбек еткен Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.
Ұлы ағартушы мектеп ашу және оны жақсы мұғалімдермен қамтамасыз ету ісіне баса мән берумен бірге, сол мектептер мен мүғалімдердің хал-жағдайларына, тұрмысына, шаруашылық істеріне де ерекше көңіл бөліп отырған. Бұл жөнінде ол: «Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді» деп жазды. Ұлы педагог-ғалымның бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдығын жоғалтпай келеді, бәлкім, ол өмір бойы жоғалмас та. Өйткені қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мек-теп ашу, оқытушылар дайындау, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мәселелері күн тәртібінде тұр.
Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқу секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттардыорындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ. Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жүгерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: "Ал енді құдай басыма не салсада, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабыма еш уақытта да қайтпаймын", -деп Н. И. Ильминскиге (1884 жылдың 14 қыркүйегі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтарымен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесінде пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында. 1864 жылы қазақ сахарасының төлінде бұрын құлаққа шалынбаған жақа әуеп-баларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушысының осы жолдағы алғашқы жеңісі, қазақ халқының өміріндегі әлуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (жеңісін Н. И. Ильминскиге жазған хатында: "Осы жылы (яғни 1864) қаңтардың 8 күні менің көптеген күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шыққан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балаларда менің айызымды қандырып, не бәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды..."-деп айрықша мақтаныш сезімдер жазды.
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың есімдері бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері соншалықты таныс, ыстық қой.
Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың халқын оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын іске асырушы болды.
Ыбырай Алтынсарин - "Қазақ хрестоматиясы" (1879) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы . Ағартушы оқулықтағы жазу мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: "Бұл кітапты қарастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуынажарайтын кітап бола алу жағын көздедім..." деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Оқулықтың ревалюцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте (4 рет) қайталап жарық көрер, оның өз кезеңінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы болып келгендігін көрсетеді. Бұл "Қазақ хрестоматиясының" қазақ мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны мен маңызын айқындайтын факт. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шығын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдыңұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Олар: Жас жеткіншектердіадал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулау, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді ата-ананы қадірлеу өнер - білімді байлық - дәулеттеп жоғары қою, т. б.
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Небәрі төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағын бүкіл қазақ даласында білмейтін адам кемде-кем десек, қателеспеген болар едік. Өйткені бұл өлең жүз жылдан астам уақыт казақтың оқулық кітаптарына еніп, мектеп табалдырығын аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан да ол өлең жолдары әрбір қара таныған қазақтың көкірегінде сақталып, жүрегінде жатталып келеді.
Қазақ халқы бұл өлеңдермен бірге, оны жазып шығарған және басып тараткан адамның да есімін жақсы біледі. Ол — Ыбырай Алтынсарин, оның есімі халқымыздың аса көрнекті демократ ғалымы, тұңғыш ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов және данышпан ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтармен бірге көп ұлтты еліміздің тарихы төрінен өзіне лайық орын алған. Ы. Алтынсариннің өмірі мен творчествосы жөнінде көптеген ғалымдар мен ақын-жазушылар ғылыми еңбектер жазып, оның педагогтік, ағартушылық және жазушылық қызметтерін аса жоғары бағалаған болатын. Солардыц бірі — заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов. Ол бір кезде Ы. Алтынсарин туралы былай деп жазған болатын: «Орыстың классикалық әдебиетінің әсерін қазақтың екінші бір ағартушы-ақыны және педагогі Ыбырай Алтынсариннің творчествосынан да анық көруге болады. Орыс мәдениетін игеруге шақыру, жергілікті орыс-қазақ мектептері арқылы орыс классиктерінің шығармаларымен таныстыру, шығыс схоластикасы мен православие дінінің ықпалынан мектептердегі оқу ісін азат ету —орыс реалистерінің жолын қуушы Ыбырай Алтынсариннің поэзиясы мен прозасындағы негізгі сарын еді. Балалар үшін, тіпті қазақ қыздары үшін де білім беретін мектеп асқан батыл реформатор өзінің творчестволық және коғамдық қызметімен орыс оқуының программасын жүзеге асырды. Оның енбегі, тұтас алғанда, сол кездегі Россияның шеткі ұлт аймақтары ушін прогрестік мәні болғаны сөзсіз».
Ы. Алтыысарин өзі оқып, қызмет істеген жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі шығысты зерттеуші ғалымдар В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Катаринский. А. Алекторов, А. А. Мазохин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников, тағы басқалармеп тығыз байланыста, достық қарым- қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар ағартушылары Ш. Маржани, Қ. Насыри, С. Кукләшев әсіресе Петербург университетінің оқытушысы, Ш. Уәлихановтың досы, белгілі татар ағартушысы Хұсаин Фаизхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып тұрады. Оқу-ағарту ісінде бұлардын қайсысының болса да Ы. Алтынсаринге көп көмегі тиген.
Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі пікірлес бола бермеген. Кейбір күрделі, принципті мәселелер жөнінде Ы. Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері аз болмаған. Мәселен, ол Н, И. Ильмннский, А. Алекторов, А. Бессонов т. б. миссионерлік әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Мәселен, Ы. Алтынсарин сол кездегі қазақ жазуын (яғни араб әрпін) орыс алфавитіне көшіруге мүлдем қарсы болған.
Бұл жөнінде жоғары орындарға бірнеше рет хат жазып, арыз айтып, ұсыныстар жасаған, Мысалы, ол 1871 жылғы 31 августа Н. И. Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Шапағатты төрем Николай Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жузеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай, жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан, фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі уйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының, әсерінен — міне осылардың бәрін еске ала келгенде, жалпы оқуға арналған кітаптар мектептің, есігінен шықпай, соның өзінде қала береді. Ал араб әрпімен жазылған кітаптарды алатын болсақ, егер бұл кітаптар пайдалы кітап болса, ең алдымен, мазмұны кызық болса, мектептен тыс ел арасына тез жайылып, қазақ жастарын білімге тартуға жетекші бола алады... Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқып, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді. Бұл арада әріптің арабша не орысша болуы — араб әрпінің ептеген зияны болғанымен, ісімізге онша кесел келтірмейді. Ал араб әрпінің ол зиянынан құтылуға болады. Міне менің шын пікірім осы».
Бірақ Ы. Алтынсариннің бұл ұсынысын И. И. Ильминский де, сол кездегі оқу министрі Толстов та, қасиетті синодтың статс-секретары Победоносцев те қабылдамаған. Өйткені олардың түпкі мақсаты, Н. И. Ильминскийдің өз сөзімен айтқанда: «Обрусение инородцев и совершенное слияние их с русскими по вере и языку — вот конечная цель, к которой должна стремиться система инородческого образования в крае». Сондықтан Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыс алфавитімен жазып, шығаруға мәжбүр болған. Кейін бұл кітап 1889 жылы Қазан қаласында Ы. Алтынсарин өзі арман еткен араб әрпімен қайта басылып шығып, ел ішіне кең тараған.
Ы. Алтынсарин сонымен бірге кейбір миссионерлердің, оқушы қазақ балаларын еріксіз шоқындыруға, оларға інжіл мен оның парыздарын оқытуға, сондай-ақ оқушы қазақ балаларына олардың еркінен тыс шошқа етін беріп, оларға шошқа бақтыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бұл жөнінде тиісті орындарға шағым жазып, наразылық білдіріп отырған. Бұл жерде айта кететін бір жай: Ы. Алтынсарин жөнінде мақала жазған кейбір ғалымдар ұлы ағартушының орыс миссионерлері мен орыс әкімдеріне қарсы айтылған осындай пікірлері мен наразылықтарын, іс-әрекеттерін көпке дейін ашып айтпай, бүркеп, халықтан жасырып келген. Олардың ойынша Ы. Алтынсариннің бұл әрекеті орыс-қазақ достығына нұқсан келтіріп, ұлы ағартушылық атына кір келтіреді деп ойлаған. Бұл әрине, қате пікір.
Сондай-ақ Ы. Алтынсарин кейбір татар хадимистерінің қазақтың оқу-ағарту істерін татаршалауға және татар молдаларының қазақтың басын діни фанатизммен қатыруға қарсы шыққан. Солай бола тұрса да, Ыбырай олардың ешқайсысымен де айтысып, тартысып, араздаспай-ақ, барлық нәрсені ақылмен, байыппен шешіп, өзінің алға қойған мақсатын ептеп іске асыра беруге тырысқан. Бұл жағынан алғанда ол Ш. Уәлиханов, С. Бабажанов, М. Сердалиндерге қарағанда дипломаттау болған. Сол дилломаттығының арқасында халық үшін қажетті көптеген іс тындырған. Өйткені ол «өз елімізге қолдан келгенше қызмет ету — біздің әр қайсысымыздың борышымыз» деп есептеген.
Қазақ халқын оқу-білімге, мәдениетке үндеп, халық-ағарту саласында көп енбек сіңірген қазақтың, тұңғыш тамаша педагогі (ағартушысы, демократ-ғалымы, ақын әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 июль | күні Қостанай каласынан үш шақырым жерде, Тобыл өзенінің иіні, «Инспектор» көлі жағасында салдырған өз үйінде, қырық сегіз жасында қайтыс болды.
Ыбырай Алтынсарин бізге, халыққа несімен жақын және несімен қымбат?
Ол ең алдымен өз заманының алдыңғы қатарлы азаматы, озық ойлы адамы, өз халқын өнер-білімге үндеген ағартушы-демократ болды. Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы жөнінде Ыбырай өз тұсындағы патша өкіметінің отаршылдық саясатына наразы болған, жергілікті өкімет орындарының, озбырлық істеріне қарсылық білдірген халықты қанаушы үстем тап өкілдерімен араз болып, еңбекші бұқараны жақтаған. Қазақ халқының қамын жеп мүддесін көздеп, оның келешектегі саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құрылысы жөнінде көп толғанып, бұл жөнінде көптеген бағалы пікірлер айтқан.
Көшпелі қазақ елін отырықшылық өмірге көшуге, тек мал шаруашылығымен ғана емес» егіншілікпен де айналысуға, бау-бақша отырғызуға, қолөнеріне үндеген. Сондай-ақ ұлы орыс халқымен жақын тұрып, дос болып, оның тілі мен оқуын үйреніп, озық, мәдениеті мен ғылымын игеруге шақырған. Бұл жөнінде ол: «Қазақтың жас ұрпағы орыстың тілі мен оқуын бірден-бір мәдениет, білім тілі деп ұғар, соған бой үрып, аз болсын, көп болсын орыс рухында өсіп жетілер. Қазақтар тек епті егінші ғана емес, сонымеи бірге Россия туының астында жалынды жауынгер де болып өсер» деп жазған. Ағартушылық мұндай ой-пікірлерін көбінесе оның орыс достарына жазған эпистолярлық хаттарынан және «Оренбургский листок» газетіне «И. А.» (Ибрай Алтынсарин) деген бүркеніш атпен жариялаған публицистикалық мақалаларынан да анық көруге болады.
Ыбырай, екіншіден, қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оларды оқытып, тәрбиелеп, көзін ашқан, көкірегін оятқан, өнер-білімге үйреткен дарынды да тамаша педагог болды. Сөйтіп қазақ даласында, қазақ балалары үшін ашылған мектептердің бірінші негізін қалаушылардың бірі болды. Үшіншіден, осы өзі ашқан мектептер мен онда оқитын балаларға арнап оқу құралдары мен методикалық нұсқаулар (кітаптар) жазған. Сөйтіп қазақ тарихында тұңғыш рет нағыз педагогикалык, ой-пікірдің негізін салды. Оның қаламынан туған «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Мақтубат» атты кітаптары тұңғыш қазақ оқулығы ретінде тарихта калды.
Төртіншіден, өзінің осы оқу кітаптарына арнап, өз жанынан ойлап танымдык, тәрбиелік мәні зор, көркемдігі жоғары көптеген өлеңдер мен әңгімелер жазып, іргетасы жана ғана қаланып келе жатқан қазақтың жаңа жазба әдебиетінің алғашқы нұскаларын жасады. Мәселен, ол қазақ әдебиетіне тұңғыш рет мысал жанрын, табиғат лирикасын енгізді. Сонымен бірге Ыбырайды қазақтың көркем қара сөзінің (прозасының) негізін салушы, әңгіме мен новелла жанрларын жасаушы деп еркін айтуға болады. Өйткені Ыбырайға дейін қазақтың жазба әдебиетінде проза жанры болған емес. Бесіншіден, Ыбырай өзіне дейін аздаған элементі болса да, әлі де шын мағынасында толық қалыптаса қоймаған нағыз казақ балалар әдебиетінің негізін калады. Сөйтіп ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деген құрметті атаққа ие болды. Алтыншыдан, Ы. Алтынсарин орыс әдебиетінің озық үлгілерінен өнеге ала отырып, олардың кейбіреулерін (атап айтқанда, И. А. Крыловтың мысалдарын, Л. Н. Толстой мен К. Д. Ушинскийдің әңгімелерін) қазақ тіліне аударып, алғашқы қазақ аудармашысы ретінде тарихта калды.
Рас, Ы. Алтынсаринге дейін де қазақ арасынан оқыған, озат ойлы, зор пікірлі адамдар шыққан. Бірақ олардың озық ойлары мен ізгі пікірлері іс жүзіне асырылмай, қиял, арман түрінде ғана қалып қойған. Ал Ы. Алтынсариннің олардан артықшылығы сол — ол халыққа оқу-білім беруді тек армандап, қиялдап қана қоймаған, ол бірден іске кіріскен, қимыл-әрекет жасаған, өз қолымен мектеп ашқан, бала окытқан, оқулықтар жазған. Ыбырай жөнінде сөз болғанда, мәселенің осы жағына баса назар аударған жөн. Өйткені халыққа асыл арман, тәтті қиялдан гөрі нақты іс керек, елге пайдалы жұмыс қажет.
Оның үстіне Ы. Алтынсарин — ғылыми-зерттеу ісімен шұғылданып, ғылыми еңбектер жазып, өрелі ой-пікірлер айтқан үлкен ғалым. Оның «Орынбор ведомоствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомоствосы қазақтарының кұда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомоствосы қазақтарының бала туу және шілдехана жасау дәстүрлерінің очеркі» атты этнографиялық еңбектері нағыз ғылыми тұрғыда жазылған аса бағалы ғылыми еңбектердің бірінен саналады. Бұл ең-ектер сол кездің өзінде-ақ орыс ғалымдары тарапынан жоғары баға алған және Россияның императорлық географиялык қоғамының Орынбор бөлімшесі жазбаларының бірнеше сандарында жарияланған болатын.
Ы. Алтынсариннің енбектері революциядан бұрын үш-ақ рет жеке кітап болып басылса, Совет өкіметі жылдары ондаған рет жеке кітап болып, жүздеген рет коллективтік жинақтар, әдеби антологиялар мен хрестома-тияларға, оқу кітаптарына еніп, мыңдаған тираждармен жарық көрді. Сондай-ақ Ы. Ал-тынсариннің өмірі мен творчествосы туралы революциядан бұрын азынөаулақ қана мақалалар жазылған еді. Олардың ішінен Н. И. Илминскийдің естелігін, И. Ефимов-Мировицкийдің, А. Алекторовтың мақалаларын және Ыбырай қайтыс болғанда «Дала уалаяты» газетінде жарияланған некрологтарды атап кетуге болады.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін Ы. Алгынсариннің педагогтік қызметі мен ағартушылық еңбегі өзінің тиісті бағасын алды, ол қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-демократ ғалымы, тамаша педагог-жазушысы ретінде танылды. Осыған байланысты ол жөнінде көптеген кітаптар жазылып, мақалалар жарияланды. Бұлардың ішінен М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Т. Тәжібаев, М. И. Фетисов, М. Эфиров, Ә. Дербісалиннің еңбектерін ерекше атап кеткен жөн. Сөйтіп ұлы ағартушының еңбегі мен есімі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, өзінің туған халқымен бірге жасап келеді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН