Стресс және адаптация

Стресс және  адаптация

Стресс және адаптация

Стресс дегеніміз не

Стресс - кез келген сыртқы талаптарға организмнің жауап реакциясы, бұл - ауру тудырушы факторлар әсер еткенде, организмнің тұрақтылыққа жету қабілеті.
Қалыпты дені сау организмде оны өлімге әкелетін қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Бұл механизм стресс деп аталады.
Адам организміне әсер ету күшімен байланысты стресс күшті және орташа болып бөлінеді. Біздің байқағанымыз күшті стресс организмге зиян, ал, орташа көп жағдайларда пайдалы болады.

Стресс түрлері

Түрі бойынша стресс жедел жөне созылмалы болып бөлінеді. Жедел стресте қорғаныс механизмдері қысқа уақытқа - тек тітіркендіргіш әсер еткенде қосылады. Созылмалы стресте организмге ұзақ уақыт әсер етеді.
Сонымен қатар физикалық стресс (физикалық, химиялық, биологиялық факторлар әсері) және эмоционалды стресс (теріс эмоция шақыратын психологиялық факторлар).

Психикалық және эмоционалды стрестер оның өте күшті түрі жаттығулық әсер етпейді. Олар адам организміне әрқашан да зиянды.

Стрестің даму сатылары
Стресс бірнеше сатыда өтеді. Бұл сатылар организмнің сыртқы ортаның ұзақ әсеріне жауабын сипаттайды.
1. ҮРЕЙЛЕНУ сатысы - бұл бүкіл организмді тітіркендіріп, қарулануға, бүкіл қорғаныс механизмдерінің мобилизациясын шақырады. Бұл саты 6-48 сағатқа созылады.
2. ТӨЗІМДІЛІК сатысы - бұл сатыда осы тітіркендіргіш әсерге организмнің тұрақтылығы өседі.
3. Егер тітіркендіргіш әсері жалғасатын болса, онда стрестің үшінші - КАЛЖЫРАУ сатысына көшеді, ол ауру дамуына әкеледі.
Стресс міндетті түрде осы сатылармен жүрмей, кейде біріншіде немесе екіншіде үзілуі мүмкін.

Стресс – жау

Өте күшті әсерлер организмде өте күшті жауап тудырады, бұл яғни күшті стресс. Мұндай стрестер адам организмінің қауіпті зақымдануларын шақырады.
Ұзақ созылмалы эмоционалды стресс көптеген сұрақтардың себебі болуы мүмкін жөне шексіз физикалық күште ауру шақырады, Бұл көріністерді спортсмендер мен жаттықтырушылар "шектен тыс жаттығу" деп атайды.
Шектен тыс стрестер әртүрлі аурулардың себебі болады: асқазан және ішек жарасы, тоқ ішектің қабынуы, гипертониялық ауру, аритмия, сақина, бронхиалды астма, безеу, экзема. Инфекциялы аурулар стресс кезінде ауыр созыл¬малы ағымға ауысады. Иммунитеттің төмендеуінен ісіктер дамуы мүмкін.
Күшті эмоционалды стресс жиі жүйке жүйесінің ауруларын (психикалық бұзылыстар, невроздар), жүрек-тамыр жүйесі (гипертония, миокард инфарктісі), ішкі секреция бездерінің (диабет) және баска көптеген мүшелердің ауруларын тудырады. Сондықтан да эмоционалды стрестің алдын-алу шаралары - валеологиядағы маңызды сұрақ.


Эмоционалды стрестің алдын алу шаралары

Созылмалы эмоционалды стресте бұлшық етке күш түсіру жақсы көмектеседі. Эмоционалды стресс жағдайындағы физикалық күш түсіру - бұл эмоционалды күштің "қауіпті" жағын "кауіпсіз" жаттығушы физикалық күшке ауыстырады.
Эмоционалды стресс кезінде орташа физикалық стресс те оң әсер етеді. Эмоционалды стрестің алдын-алудың негізгі мағынасы - оны физикалыққа ауыстыру.
Адам стресс жағдайыңда болғанда ағаш жаратынын, бокс былғары қолғабын киетінін, жүгіретінін және басқа ауыр физикалық жұмыстарды істейтінін біз әдебиеттен, кинодан және өмірден кездестірдіңіз. Бұл эмоционалды стресті физикалық стреске ауыстырудың бір жолы.
Сонымен бірге суық душ, суық су құю немесе табиғи суларда шомылу да аз әсер бермейді.
Стреске карсы адамның өзі жағынан болатын психологиялық реакциялық әрекет – эмоционалды стрестің алдын-алуда бірнеше есе тиімді.
Физиологтардың тәжірибесінде: егеукұйрықтардың бас миындағы "теріс эмоциялар орталығына" электродтар енгізді. Тітіркендірген кезде егеуқұйрықгар екі негізгі топқа бөлінеді: бірінші топтағылар белсенді түрде "шығар жол іздеді", арпалысып, электродтарды жұлуға әрекеттенді; ал екінші топтағылар бұрышқа тығылып, белсенді қозғалыстан бас тартты. Ары қарай бақылау нәтижесінде жүрек зақымдалуы екінші топтағы егеуқұйрықтарда (пассивті) дамығаны, ал бірінші топтың (активті) егеуқұйрықтарының біреуінде ғана дамығаны анықталды.
О Генридің "Соңғы жапырақ" әңгімесіндегі дәл сол жағымсыз ауа райына қарсы тұрған күзгі жапырақ - өз тағдырын соңғы жапырақ түскенде өлемін деп шешкен қыздың жазылуына ықпал жасаған.
Адамдарда творчестволық белсенді қызметі сақталса әртүрлі пайда болған жағдайлардан шығудың жолын белсенді іздесе де, осы жағдайлар өзгертуге белсенді ерекет еткеңде ғана - эмоционалды стресс ауру шақырмайды.
Егер эмоционалды стресс жағдайында қолды бір сілтеп, керуетке жатып алып, ішімдікке салынып, тыныштандырғыш дәрілер ішкеннен - стресс басылмайды, керісінше оның теріс әсерлері тереңдейді.
Стреске карсы жалпы әмбебап рецепт жоқ. Бұл кезде жағдайды жеңілдетудің өзі де қауіпті болуы мүмкін. Мысалы: егер қауіпті ауруларда адам өз ауруын менсінбей жұмысын жалғастыра берсе - онда ауру созылмалыға ауысады.

Стресстің пайдасы

Организм өмірі - бұл қорғаныс бейімделу механизмдерінің тұрақгы жұмысы. Ұзақ уақыт, біркелкі тұрақты, жағдайдағы күй адамға қолайсыз әсер етеді. Ол негізгі қорғаныс механизмдерін "қайта жаттықтырып" оның мүмкіндігін төмендетеді. Организмдегі тепе-теңдіктерді тұрақгы ығыстыру және қалпына келтіру денсаулыққа пайда келтіреді. Ұзақ уақыт жұмыс істемегеннен организмнің "сынуы" мүмкін, ол мотор жұмыс істемесе, тот басатын секілді.
Ең жақсы жаттықтырушы әрекеттер - ол табиғи әрекеттер. Оларға физикалық күш түсіру, шынығу, қүн, су, ауа жатады. Олар қалай әсер етеді?
Бұлардың барлығы ОРТА ФИЗИКАЛЫҚ СТРЕСС шақырады. Физиологиялық стрестің игі ролін көптеген зерттеушілер анықтаған. Осы физикалық қүшпен шақырылған орта стресс қана бұлшық еттерді күштеп, ал, жалпы организмнің шыдамдылығын жоғарылата, жасушаның зақымдалуын жояды. Суық сумен шақырылған орта стресс - организмнің зат алмасуын жоғарылатып, организмнің басқа жүйелерін жаттықтырады. Бұлардың барлығы біздің негізгі "ішкі дәрігерімізді" - қорғаныс және бейімделу механизмдерін белсендіреді.

Адаптация

"Адаптация" - көне латын тілінен аударғанда "икемделу" деген сөз. Осы оның дәл анықтамасы.
Өмір сүру - яғни икемделу. Шынында да, өмір - бұл айналадағы болып жатқан тоқтаусыз өзгерістерге әр уақытта икемделу. Адам белгі сигналына, тітіркендіргіштерге жауап береді. Адам әртүрлі жағдайда өмір сүріп, жұмыс жасайды. Бірақ, адаптация арқасында дене температурасын, қан құрамын, қан қысымын қалыпта сақтайды. Сау организмде кез келген жағдайда ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығын ұстап тұрады.
Адаптация дегеніміз не және оның организмдегі маңызы неде. Биологияда адаптация түсінігі кең қолданылады. АДАПТАЦИЯ - СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ ӨЗГЕРГІШ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТІРІ ОРГАНИЗМНІҢ ИКЕМДЕЛУ ҚАБІЛЕТІ.
Адаптация адам мен жануарларға үлкен өмірлік маңызы бар, ол сыртқы орта өзгерістеріне төтеп беру ғана емес, сонымен бірге осы өзгерістерге сәйкес өз организмін белсеңді қайта құру, икемдеу.
Кез келген адаптация бұрын бейнеленген стресс негізінде қалыптасады, себебі осы стресс организмнің қайта құру процесін бастайды.

Адаптация түрлері

Тұқым қуалаушы және жеке адаптация түрлерін ажыратады.
1. Тұқым қуалаушы адаптация - осы түрдің барлық иелерінің организмінде болатын, икемделудің жалпы түрі.
2. Жеке адаптация - нақты организмнің сыртқы ортамен әрекеттесу процесінде пайда болады.
Өмір сүру барысында пайда болған өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді, олар организмнің тұқым қуалаушы белгілерінде жиналып, олардың жиынтығы оның жеке келбетін құрайды.
Осының нәтижесінде организм сыртқы ортаның белгілі бір әрекеттеріне бұрын болмаған тұрақтылыққа ие болып, соның әсерінен осы жағдайда өмір сүруге мүмкіндік алып, бұрын әлі болмаған қызметтерді атқарады.

Адаптацияның пайда болу кезеңдері

Адамдар мен жоғарғы сатыдағы жануарларда жеке адаптацияның дамуы бірдей екі кезеңде өтеді:
1. Бастапқы кезең - жедел, біраққалыптаспаған адаптация.
2. Келесі кезең - қалыптасқан ұзақ уақытты адаптация. Адаптацияның жедел кезеңі - тітіркендіргіш әсер еткеннен кейін бұрын қолданылған дайын механизмдерден туады. Бұл кезде организмнің әрекеті мүмкіндіктердің шегінде болады, сондықтан да икемделу әсерін толық қамтамасыз ете алмайды. Мысалы - қысқа уақытта интенсивті жүгіргенде оттегіге қажеттілік бірден өседі. Осының нәтижесінде тыныс жиілеп, тереңдейді, жүректің жиырылу жиілігі өседі. Бұның барлығы оттегі келуін күшейтеді, түскен жоғарғы жүктемеге жедел адаптация пайда болады.
Адаптацияның ұзақ уақытты кезеңі - бірте-бірте пайда болады. Ол орта факторының организмге ұзақ және көп әсер еткенде туады. Ол организмнің адаптацияланбаған түрінен адаптацияланған түріне ауысуымен сипатталады. Мысалы: бұрын өмірге сәйкес келмейтін биіктікке организмнің тұрақтылығын дамытатын, бұрын өлім қаупін тудыратын улардың жоғарғы мөлшеріне, суыққа, ыстыққа тұрақтылығын дамытатын имекділіктер осылай пайда болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру