СҮЙЕК ШЕМІРШЕК ТІНІ

СҮЙЕК ШЕМІРШЕК ТІНІ

ШЕМІРШЕК ТІНІ
Шеміршек тіні адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Клеткалардан және клеткааралық заттан түрады, соңғысы тығыз болады. Шеміршек тіректік функция атқарады. Шеміршек үлпасының үш түрін ажыратады: гиалиндік, серпілмелі және талшыкты.
Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек үлпасы гиалин шеміршегін қүрайды. Шеміршек үлпасының ең көп тараган түрі (57-сурет). Адам мен сүтқоректілер үрығының канқасы шеміршектің осы түрінен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында, қабырға үштарында, мүрын пернесінде кездеседі. Шеміршектердің ішіндегі қаттысы, гиалинді шеміршек жалпы шеміршек үлпасы сияқты хондриобластлар мен хондрициттер деп аталатын клеткалардан, клеткааралық аморфты және талшықты заттан түрады.

8-сурет. Серпілмелі шеміршек
1— шеміршек клеткалары,
2— серпілмелі талшықтар, 3— перихондр. 9-сурет. Талшықты шеміршек:
1—шеміршек клеткалары, 2— негізгі зат, 3— коллаген шоғырлары


Гиалинді шеміршектің талшықты клеткааралық заты қышкыл муко-полисахаридтерден түратын аморфтық клеткааралық заттың ішінде орналасқан коллаген талшықтарының өте жіңішке шоғырларынан түрады. Гйалинді шеміршекті шеміршек қабықшасы немесе перихондр деп аталатьш тығыз дәнекер үлпасы қаптап түрады. Перихондрдың құрамында жас шеміршек клеткалары — ховдробластлар, соны-мен бірге фибробластлар мен фиброциттер және коллаген талшықтарының жуан шоғырлары болады. Олардын ара-сында борпылдақ қалыптаспаған дәнекер үлпасының өте жүқа қабатымен қапталған қан тамырлары және нервтер болады.
Шеміршектің орта зонасының хондробластлары бірте-бірте дифференцияланып (жіктеліп), хондроциттерге айналады. Олар коллагендік талшыктар мен клеткааралық аморфты затты синтездеу кабілетінен ажырайды. Шеміршектің тереңдігі зоналарында хондриоциттер дөңгеленеді және амитоздық тәсілмен беліне бастайды. Бірақ та шеміршек үлпасының клеткааралық заты тығыз болғандыктан, олар бір-бірінен қашықтай алмай, клеткалардың изогендік топтарын қүрайды. Изогендік топтарды шеміршек капсуласы қоршайды. Шеміршек ұлпасында қан тамырлары болмайды. Шеміршектің қоректенуі перихоңдр-дың тамырлар торы арқылы қамтамасыз етіледі.
Серпілмелі шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің құлақ қалканшасывда, сыртқы есту жолында, кемекей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір шеміршектерінде кездеседі. Қүрылысы гиалинді шеміршек үлпасына үқсас (8-сурет).
Айырмасы клеткааралык затында жіңішке коллагендік талшықтардан басқа жуан эластиндік талшықтардың торы болады. Серпілмелі шеміршек үлпасында гиалиндік шеміршекке карағанда клеткалардың изогендік топтары аз болады. Серпілмелі шеміршекте кальций түздары байқалмайды.
Талшыкты шеміршек үлпасы адам мен сүтқоректілердің омыртқааралық дискілерінде, санның жүмыр сіңірінде, жамбастың шат сүйектерінін байланыскан жерінде, төменгі жақ буыныида байқалады. Талшықты шеміршектін қүрылысы гиалинді шеміршекке үқсас (9-су-рет), айырмасы клеткааралық затының коллагендік тал-шықтарыңың шоғырлары біршама жуан болады. Шеміршек үлпасы склеротомның мезенхимасынан дамиды, регенера-циясы перихондр арқылы жүреді.
СҮЙЕК ҰЛПАСЫ
Сүйек үлпасы тірек функциясьш атқарады, минералдық алмасуға катысады, ал сүйектін қызыл майы қашшң пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамы-ры мен майында макрофагтарға айнала алатын клеткалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек — клеткалар мен қатты негізгі заттан түратын известелген дәнекер үлпасы. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшыктар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал калған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненті гид-роксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, маг-ний, калий, хлор, фтор, карбонаттар мен нитраттар. Сүйекте минералдық түздардың көп болуы оның мыктылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге кан мен басқа органдардағы кальций мен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын камтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек үлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97% дерлігі жинақталған. Кальций инертті материал емес.



60-cypem cypem.
Сүйек клеткалары: Пластинкалық сүйек үлпасы:
1-ядро, 2-цитоплазма 1-периост, 2-сыртқы қоршаушы пла-
стинка, 3—тесіп өтуші канал, 4—остеон, 5— орталық, канал, 6— остеонның сүйек пла-стинкалары, 7—қан тамыры, 8—аралық сүйекпластинкалары, 9— остеоциттер, 10—ішкі қоршаушы пластинка, 11— эндость,
12— сүйек мойынынын қуысы.

Сүйекте үнемі күрделі өзгерістер жүріп жатады. Кальций жетіспеген жағдайда қанканың дамуывда елеулі бүзылы-стар байқалады. Сүйектің қүрамында кеп мөлшерде су мен липидтер болады.
Сүйек үлпасының клеткалары остеобластлар, остеоциттер және остеокластлар. Остеоциттер жүлдыз пішінді көп өсінділі клеткалар. Қалыптасқан үлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айырылған, жоғары дәрежеде мамандалған клеткалар. Негізгі затының тығыз болуына байланысты клеткалары ерекше қуыстырда орналасады. Қуыстардан каналшықтар тарайды. Көршілес клеткалардың каналшықтары бір-біріне үласып, жалғасып жатады. Сүйек каналшықтары мен сүйек қуыстары арқылы үлпа-ның метаболизмын қамтамасыз ететін үлпалық сүйық ағып түрады.
Клеткалар мен сүйек каналшықтары жүқа капсуламен қоршалған. Капсула белокпен қосылған полисахаридтен және жіңішке коллагендік фибрилдерден түрады. Сүйектін клеткааралык затындағы коллаген талшықтарының орна-ласуына байланысты сүйек үлпасының екі түрін ажырата-ды: ірі талшықты және пластинкалык сүйек үлпасы.
Үрықтар мен жаңа туған жануарларда сүйек үлпасының клеткааралық заттарының коллагендік талшыктары ірі болады және түрлі бағытта орналасады, мүндай сүйекті
ірі талшықты сүйек деп атайды. Жануардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты сүйек кұрамында жіңішке параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан түратын пластинкалық сүйекке айналады.
Пластинкалық сүйек ұлпасының қүрылысы күрделі. Оның негізін коллагендік фибрилдердің тығыз шоғырларьшан түратын сүйек пластинкалары қүрайды. Шоғырлар калыңдығы бірдей болады және белгілі бағытта орналасады. Шоғырлар арасывда остеоциттер жатады. Пластинкалық сүйек үлпасына тән ерекшелік көршілес екі пластинканың фибриллалары түрлі бағытта орналасады, кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне өтеді, сөйтіп олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Сүйек заты кемік және тығыз болуы мүмкін. Екі жағдайдың екеуінде де қан тамырларымен және нервтер-мен тығыз байланысқан түтас жүйе қүрайтын пластинкалардан түрады.
Кемік немесе трабекулалық сүйек трабекула (көлденең шабақ) деп аталатын, бір-бірімен байланысып жататын жіңішке сүйек элементтерден түратын тор. Көлденең ша-бақтардың арасы майға толы болады. Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмактың бағытына сәйкес келеді. Кемік сүйек үрықтар мен өсуші организмдерге тән, ал ересек организмде жіліктердің эпифиздеріңце сақталады. Тығыз сүйек қоршай орналасқан сүйек пластинкаларьшан күралған көптеген цилиндрлерден түрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын канал болады. Осы каналдар аркылы қан тамырлары өтеді.
Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін Гаверс жүйесі немесе остеон дейді. Остеон — сүйектің тығыз затының қүрылымдык бірлігі. Жілік сүйек бір-біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген сан-ынан түрады. Сүйекте қан тамырлары көп болады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі клеткалары остеобластлар болатын қуыстар болады. Остеобластлар сүйектің бейорганикалық заттарын бөледі. Гаверс каналында борпылдак дәнекер үлпасына оралған нервтер мен лимфалық тамырлар орналасады. Остеондар арасында калған аралықты аралық пластинкалар деп аталатын пластинкалар алып жатады.
Жілік сүйекті сыртынан сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі қаптап түрады. Сүйек қуысының ішкі беті ішкі негізгі пластинкалармен астарланған. Оны жүқа дәнекер қабықша — эндост қаптап түрады. Негізгі және аралық пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес.
Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырлар да болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі пластинкалар аркылы өтеді, басқалары Гаверс каналдарын өзара жалғастырады.
Сүйекті сүйек қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер үлпалық қабықша каптап түрады. Ол сүйек тіршілігіңде үлкен рөл атқарады және екі қабаттан қүралады. ІшкІ және сыртқы.
Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік және эластиндік талшықтардан түрады. Осы талшықтардың арасында остеобластлар жатады. Бүлар, әсіресе, жас өсуші сүйектерде көп болады. Периостнын сырткы қабаты тығыз келеді және коллагеңдік талшықтардың жуан шоғырларынан түрады. Осы қабат арқылы нервтер мен қан тамырлары өтеді, олар Гаверс каналдарьшан өтіп, сүйекті қоректендіреді.
СҮЙЕКТІҢ ДАМУЫ НЕМЕСЕ ОСТЕОГЕНЕЗ
Сүйек екі жолмен дамиды: 1) ұрықтық дәнекер үлпа-сынан немесе мезенхимадан тікелей дамуы (бастың тебе сүйектері мен бет сүйектері); 2) шеміршектің орнына да-муы.
СҮЙЕКТІҢ МЕЗЕНХИМАДАН ДАМУЫ
Сүйектің үрықтык дәнекер үлпасынан дамуы шеміршек орнында дамудан бүрын басталады. Келешек сүйектің орнына коллагендік талшықтары көп және жедел көбейетін үсақ клеткалары бар дәнекер үлпасы пайда болады .
Дәнекер үлпасының клеткалары остеобластларға айналады. Синтездеу қабілетінің артуы мен остеобластлар аморфтық клеткааралық зат пен коллагендік талшықтарды түзеді. Негізгі (клеткааралық) зат калыптасқаннан кейін остеобластлар сүйек клеткаларына — остеоциттерге айналады. Жаңадан пайда болған клеткааралық зат мукопротеид пен коллагеннен түрады. Коллаген талшыктарында кальцийдің жиналуына кедергі болатын мукополисахаридтер болғандықтан, бүнда әлі минераддық түздар болмайды. Бүндай сүйек тәрізді үлпа жүмсақ келеді, пышақпен жеңіл кесіледі. Дамудың кезектегі кезеңінде үлпада органикалық


Сүйектің мезенхимадан дамуы:—
а- сүйек ұлпасының жаңадан түзілуші клеткааралық; заты, 6 — остеобмстлар.
фосфаттарды ыдыратып минералдық тұздардың шөгуін қамтамасыз ететін фосфатазалар көп мөлшерде пайда болады. Осымен бір мезгілде сүйек тәрізді үлпаның клеткааралық затында мукополисахарид молекулаларының ыдырауымен олардын калдыктарынын еруі жүреді. Осы кезден бастап, клеткааралық заттың органикалық белігі толықтай дерлік (95%—99%) коллагеннен түрады.
Мукополисахаридтік қабатынан айырылған коллагендік талшықтарда аппатиттің субмикроскопиялык кристалдары жинала бастайды. Коллагендік талшықтардың түзілуімен бірге үсақ кан тамырларының маңында, ірі талшықты сүйек үлпасының Ішінде алғашқы остеондар пайда болады.
СҮЙЕКТІҢ ШЕМІРШЕК ОРНЫНА ДАМУЫ
Сүйектің шеміршек орнына дамуы адам мен омырткалыларда эмбриондык және постэмбриондық кезеңде жүреді. Остеогенездің бүл типінде шеміршек бүзьшады. Эмбриондық гистогенез процесіңде шеміршек үлпасы сүйектен бүрын пайда болады. Үрықтарда алдымен шеміршек канкасы түзіледі. ШемІршекте қан тамырлары болмайды, сондықтан оның өсуі белгілі шекте ғана жүреді, кейін өсуі токталып ыдырап сүйекке айналады. Сүйек үлпасының дамуы шеміршек кабықшасына кан тамырла-рының енуімен басталады, осыған байланысты оның камбиялық клеткаларының қоректенуі жаксарып, сүйек түзетін остеобластларға жіктеледі. Осының нәтижесінде жілік диафизінің аймағындағы сүйектің шеміршекті моделі, сүйек манжеткасы деп аталатьш сүйек затынын сақинасымен қоршалады. Сүйек манжеткасы жабайы ірі талшыкты сүйектен түратын шын мағынасындағы дәнекер үлпалық сүйек. Перихондрда жүретін сүйек затынын жиналу процесін перихондрлық сүйектену дейді. Жас перихондрлық сүйекті каптайтын дәнекер үлпалық қабықша периостқа айналады. Манжетка өсіп шеміршектін үстіңгі жағымен эпифиздерге қарай тарайды. Осы кезде шеміршек үлпасы клеткаларшшн көбеюі тоқтамайды, бірак та сүйек манжеткасымен қоршалған шеміршек жуандай өсе алмай-ды. Сүйектін жуандап өсуі периостың шеткі участоктерінен бөлінген сүйек заты қабатынын манжетканың бетіне кабатталуы арқылы жүреді.
Қоректенудің бүзылуьша байланысты шеміршекте кальций түздары жиналады және ізбестілену (әктену) нүктесі пайда болады. Шеміршек клеткалары вакуоль-деніп, ісініп өледі. Саңылаулар арқылы перихондрлық сүйектің Ішіне мезенхималық клеткалардан, остеобласт-лардан және шеміршекті талқандайтын клеткалар — хондракластлерден түратын сүйектенуші үлпа енеді. Бүл үлпамен бірге қан тамырларына кіреді. Диафиздің ортасы-нан басталған шеміршектің бүзылуы екі эпифизге тарайды.
Перихондрлык сүйек аркылы кірген остеобластлар шеміршектін әлі бүзыльш жетілмеген аралық затының қалдықтарына орналасады. Сонымең сүйектің шеміршек ішінде түзілуі (шеміршектің орнында) жүреді. СүйектІн шеміршек ішінде түзілуін эндохондрлық сүйектену деп атайды.
Манжетка аркылы бүзылушы шеміршек ішіне шала жіктелген дәнекер үлпалык клеткалармен бірге қан тамырлары өтеді. Осы клеткалардын кейбіреулері остеокластр-ларға ("сүйек ұнтағыш" клеткаларға) айналады. Остеокластлар үлкендігі 100 мкм жететін гидролиздеуші ферменттерге бай, көп ядролы ірі клеткалар. Остеокласт
лардың бөлетін ферменттері коллагендік талшықтар мен аморфтық клеткааралық затты бүзып, кейін минералдық заттардың кристалдарында жойып жібереді. Остеокластлар шеміршекті "жеп" тамырларымен бірге бойлап, козғалып үлкен қуыстар кұрайды. Сүйек шыбықтарының арасьшда кан тамырлары болады, шала жіктелген дәнекер ұлпасы остеобластлар мен шала жіктелген элементтерге бай алғашқы сүйек майын түзеді, кейін ол түрақты сүйек майына айналады.
Диафизде пайда болған сүйектену нүктесі эпифиздерге қарай тез таралады. Эпифизді диафизден бөліп түратын эпифиздік сызықты (өсудің шеміршек пластинкасын) және эпифизді толықтай қамтитын, эпифиздің өз сүйектену нүктесі пайда болады. Адамның кейбір жіліктерінің эпи-физдік сызығының шеміршегі 23—25 жасқа дейін сүйекке айналмайды. Эпифиздік сызыктың шеміршегі сүйектің үза-рып өсуін камтамасыз етеді. Кейін эпифиздік сызыктын зонасындағы сүйек үлпасының түзілу процесі тежеледі, шеміршек сүйекке айналады да сүйектің үзарып өсуі тоқтайды. Сүйектін өсуі остеондар мен сүйек қабықшасының есебінен жүретін болғандықтан сүйектін жуандап өсуі картайғанға дейін жүре береді.
Сүйек үлпасы қайта қүрылып отыратын болғандықтан сүйектің шеміршек орнына түзілуі тоқтамайды, жалғаса береді. Сүйек диафизінің эндохондрлык сүйек үлпасы то-лықтай дерлік жойылады, оның орнына сүйек майының куысы түзіледі. Сүйектің көптеген участоктерінде ескі сүйек үлпасы жойылып, оның орнына жаңа сүйек үлпасы пайда болады. Сүйектің қайта қүрылуы остеонның орта-лык каналдарында орналасатын кан тамырларының кабырғасынан басталады. Қан тамырларының перициттері остеобластларға жіктеледі. Олар алдымен сүйектін аморфтык клеткааралык затын түзеді, кейін онда жінішке колла-гендік фибриллалар пайда болады. Ақырында остеобластлар бірін-бірі қоршаған сүйек пластинкаларын түзе бастайды. Сүйекте ескі остеондар жойылып, жаңа остеондар үнемі пайда болып отырады.
Сүйек зақымдалған кезде сүйек үлпасы калпына ке-леді. Сүйек сьшғанда сүйек пластинкаларымен бірге қан тамырлары, нервтер, сүйек кабықшасы да зақымдалады. Қан айналысының бүзылуының нәтижесінде зақымдалу зо-насындағы сүйек үлпасы өледі. Зақымдалғаннан кейін екі күн еткесін сүйек қабығы мен эндостда және кан тамырларының маңьшда кейін остеобластларға жіктелетін перициттердің жаппай көбеюі байқалады. Остеобластлар сынған сүйекті байланыстыратын Ірі талшықты жас сүйек үлпасының шыбықшаларын түзе бастайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру