Стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлаудың экономикалық мәні және орны

Стратегия “грек” тіліннең аударылғанда “генерал өнері немесе жетекшілік ету” денген мағынаны білдіреді. Жалпы алғанда стратегия кез- келген әрекеттің қызметінің негізгі бағытын білдіреді.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз –бұл жоспарлау мен бақылау интегрициясы. Яғни белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін қазіргі жағдайда басқаруға арналған құрал. Стратегиялық жоспарлау негізінде орта мерзімді жоспар құралады. Ол нақты мақсаттарды жоспарлау үшін құралатың көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Сандық және сапалық көрсеткіштердің сипаттарын қамтиды.
Нарықтың болашақ конъектурасында кәсіпорын мақсатты орынға мақсаттарды тіркеу нәтижесінде ие болады.
Мақсаттары - критерилердің нақты дәлме- дәл түсіндірілуі және оларға қол жеткізу керек. Бөлімше жетекшілері мен олардын жұмысшылары мақсат пен критерилерді бірдей түсіндіріп, тұжырымдауы аса манызды. Мақсаттарға жету белгіленген уақыт мерзімі мен ресурстық шешушілердегі белгілі бір мақсаттарды іске асыру міндеттеріне бөлінеді. Міндеттерді орындау үшін құралдар қажет. Қандай құралдар қолда бар екендігін және қандай құралдар жоқтығын түсіну аса манызды. Қолда жоқ құралдарды сатып алу шараларын талдау қажет.
Кез-келген стратегия әсерлесуге ұшырауы мүмкін тәуелділік факторлары мен форс-мажор. Осы факторлардын пайда болуы көздерін талдап олардың әсерлесуін бейтараптандыру шараларын жүргізу қажет
Факторлардың әсерлесуін бейтараптандыру шаралары міндетті түрде факторлардың өздерін бейтараптандыру шаралары болуы қажет емес. Мысалы үйді өрттен сақтандыру, өрттен болатын шығында бейтараптандыру шарасы болып есептеледі.
Кәсіпорын стратегиясының негізі.
Стратегияға көз қарастың екі қарама қайшы түрі бар.
1. Ұзақ уақыт мерзімі көлемінде қол жеткізілуі тиіс соңғы нәтижеге нақты белгіленеді. Одан әрі қарай осы соңғы нәтижеге жету үшін не істеу керек екендігі анықталады. Дәл анықталған соңғы нәтижеге алып келетің уақыт интервалдарына (бес жылдық, жылдық, квартал) бөлінген іс- әрекеттер жоспары жасалады. Орталықтандырылған жоспарлы экономикалық жүйелерде стратегияның дәл осы ұғымы болатын. Мұндай түсініктегі стратегия- бұл нақты ұзақ мерзімді мақсатқа қол жеткізудің нақты ұзақ мерзімді жоспары. Ал стратегияны жасау - мақсатты табу мен ұзақ мерзімді жоспарды құрастыру.
Соңғы жылдарда нарықтақ, экономикалық жүйелердін дамуы ортаның өзгеруі үрдістері жоғары қарқын мен жүргізілуі мен осы өзгерістер құрамындағы қосымша мүмкіндіктер көлеміннің өсуі үнемі артуда. Сондықтан, кәсіпорын стратегиясы нарықтық экономикада өз құрамында осы өзгеріс нәтижесінде басымдылықтарға ие болу мүмкіндігі болуы қажет.
2. Стратегия бұл- қоршаған орта мен, оның қызмет нысандары мен құрамдары, кәсіпорын ішіндегі қарым - қатынасына. Жүйелері мен қоршаған ортаға кәсіпорын жайғасымдары мен байланысты ұзақ мерзімді сапалы, анықталған кәсіпорынның дамуынның бағдары стратегияның 2-ші типтегі. Мысалы нарықтағы сату көлеміннің үлесін белгілі бір пайызға өсіру, бағаны төмендетпеген күйі бір өнім өндірісін қысқартуы мен қатар, басқа бір өнім түрін өндіруді бастау. Бәсекелес пен бақланатың тарату желілеріне ену, еңбекті ұйымдастырудың топталған нысанына көшіруді іске асыру.Фирма үшін стратегияны анықтау негізінен ол фирманың қандай күшті жақтарын пайдалануы, стратегияның шешімдер аумағында қандай дәстүрлері бар екендігіне тәуелді. Нақты қанша фирма болса, сонша стратегия болады. Бірақ стратегия құрасырудың жалпы тәсілдері мен стратегия енетің жалпы шектеулері бар.
Жалпы түрде стратегия кәсіпорын іс-әрекетінің ғажайып бағыты оған сүйене келсек ұзақ мерзімдегі уақытта алға қойған мақсатқа алып келеді. Стратегияның мұндай ұғымы кәсіпорынды басқарудың ең жоғарғы деңгейде ғана қарастырсақ әділ. Ұйымдастырушылық құрлымынаң төмен орналасқан денгейі үшін жоғарғы денгей стратегиясы еңді, мақсатқа бағыталады. Алайда, аса жоғарғы деңгейде ол тек құрал ретінде қарастырылады. Мысалы фирма үшін бір- тұтас жасалған нарықтағы қызмет стратегиясы осы фирманың маркетингтік қызметі үшін мақсатты белгілер түрінде оның роліне ие болады. Кәсіпорын стратегиясының анықтау кезінде оның негізгі 3 сұрағы мен кезігеміз.
1. Қандай бизнесті тоқтату.
2. Қандай бизнесті жалғастыру.
3. Қандай бизнеске көшу .
Осы жағдайда негізгі мән кәсіпорын не жасайды және не жасал майды. Кәсіпорынның әрекет етуші қызметіндегі не аса манызды және онша манызы жоқ орындарға беріледі.
Әдетте, эталондық (базистік) деп аталатың көп тараған стратегияны қарастырады. Олар кәсіпорының өсуіне 4 әр- түрлі тәсілін бейнелейді және бір немесе бір неше қараушылардың жағдайының өзгеруіне байланысты.
1. Өнім
2. нарық
3. сала
4. сала ішілік кәсіпорынның жағдайы
5. техналогия.
Осы 5 құраушылардың әр- қайсысы орын алған 2 жағдайдын біреуінде болуы мүмкін (ескі және жана тауар)
1. тобы. Эталандық стратегияның
1. Шоғырланған өсу стратегиясы.
2. Нарықтын қалпын күшейту стратегиясы
3. Нарықтын даму стратегиясы
4. Өнім дамуының стратегиясы
2 тобы. Біріктірілген өсу стратегиясы
- кері вертикальді біріктірудін стратегиясы (қандай да бір бөліктерді тұтас біріктіру )
- Алға бағытталған вертикальды біріктіу стратегиясы .
3 тобы. Әртараптандырылған өсу стратегиясы.
- Горизантальды
- Орталықтандырылған
- Конгломирантты (тікелей өндірістік кооперациялау мен байланысыз өнер кәсіптін әр - түрлі сомалардағы кәсіпорының біріктірілуі.)
4 тобы. Қысқарту стратегиясы -Жою стратегиясы
-Өнімді жинау
-Қысқарту
-Шығындарды қысқарту
Кәсіпорынның стратегииялық ресурстары кез- келген кәсіпорын құрамына (цех, бөлімше. Жұмыс орны) келесі ресурстар кіреді.
1. Техникалық
2. Техналогиялық
3. Кадырлық ресурстар
4. Кеңістік
5. Ұйымдастырушылық құрылыымдық структурасы (басқару жүйелері, басқару жүйенін сипаты, икемділігі, жылдамдығы )
6. Ақпарат ресурстары (фирма туралы ақпарат, оның растылығы)
7. Қаржылық ресурстар (Актив жағдайы, несие алу мүмкіндіктері)
Көрсетілген ресурстар түрлерінің әр біреуі кәсіпорын мақсатына жетудің мүмкіншілік жиынтығын білдіреді. Бұл өзінің қолында бар өндіріс құралының кадырларды белгілі сипаттағы өндірістік ғимараттарды, жолдарды, құрылыстарды және басқа да ресурстарды кәсіпорын өзгермелі қажеттіліктерді белгілі деңгейінде потенциялды сатып алушылардың қажеттіліктерін және сұраныстарын қанағаттандыра алады.
Кәсіпорынның стратегиясы ресурстардын мақсатқа жету мүмкіндігін анықтай отырып, сол мүмкіндіктердің мағынасын анықтау.
Мүмкіншілік бұл белгілі қажеттілікті жүзеге асыру құралы, шарты, жағдайы. Мүмкіншіліктерді иемдену қажетті шарттардын құралдардың бар болуын білдіреді. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жету үшін қандай шарттар мен шарттары мен жағдайлар бар болу керек. Жоғарыда аталған кәсіпорынның барлық элемментері үшін бұл шарттар бірдей ие немесе ол белгілі бір қолданатын стратегиялық мақсатқа нақты болу керек пе ?
Бұл сұрақтардың пайда болуына 2 зандалық жүйенің әрекетін қалыптастырған. Олар
1. Коммуникативтік
2. Эквифиналдық
Коммуникативтік салдарынан мақсат тандау мен оған жетуіне әсер ететін, сыртқы орта шарттары болып табылады.
Эквифиналдық кәсіпорынның шекті мүмкіндіктеріне ішкі орта шарттарының сәйкес әсері болып табылады.
Сыртқы орта (шаралар шақыруларына жауап беретін кәсіпорын)
1. Кәсіпорынның мемлекеттегі және одан тыс жердегі жағдайларды макро экономикалық талдау қабілеттігі.
2. Потенциялды сатып алушылардың сұраныстардың, қажеттіліктерін және ахуалды мұқтаждықты дер кезінде анықтау қабілетілігі.
3. Нарықтық экономикалық канъектураларын өндірістік факторлардың, сонымен қатар стратегиялық әсер ету топтарының қызметін талдау.
4. Анықталған сұранысты мұқтаждықты тиімді дер кезінде сапалы қанағаттарға мүмкіндік беретін тауар мен қызмет нарығының экономикалық конъектурасын талдау қабілеттігі.
5. Тауар нарығында сұранысқа ие техналогияларды және тауар өндірісі мен қызмет көрсетеді.
Конструктарлау обылысында бәсекеге қабілетті идиялар
6.Бәсекеге қабілетті идеияларды тауар өндірісі мен қызмет көрсетуде үрдісінде іске асырылуын, оларды нарыққа шығару сатудан кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілеттілігі.
Кәсіпорынның стратегиясын тандау келесі негізгі қадамдарды қосады.
1. Ағымдағы стратегияны айқындау
2. Бизнес портфеліне талдау жасау
3. Фирма стратегиясын талдау және таңдалған стратегияны бағалау.
1-ші қадам
1 Бұл болашақ бойынша шешімдерді қабылдау, яғни ұйым қандай стратегияларды жүзеге асырып жатқаны жөнінде нақты елесті иемдену жүзеге асырылып жатқан стратегияны түсіну үшін оны 5 сыртқы және ішкі факторлардың арқасында бақылау керек.
Сыртқы факторлар
1. кәсіпорын қызметінің өрісі, өндірілген өнімнің әр -түрлі денгейі, фирманың дифферсивикациясы
2. Фирманың жақын арадағы алынған табиғи заттары мен жалпы мінездемесі және өзінің меншігінің бір бөлігін сатуы
3. Соңғы кезендегі фирма қызметінің құрылымы мен бағыты.
4. Соңғы уақытта фирма бағдарының мүмкіндіктері
5. Сыртқы қауып қатерге қатынасы
Ішкі факторлар
1. Фирма мақсаты
2. Ресурстарды үлестіру критериі және өндірістін өнімдері бойынша капитал салымдарын қалыптастасқан құрылымы.
3. Басшы жақтарынан, сонымен қатар нақты тәжірбиеден, жүргізілетін қаржы саясатынан қаржы.
4. Ниокр саласында күшті шоғырлану
5. Жеке функционалды сфералары, ғылыми зертеулер мен өңдеулер.
2 -ші қадам
Бизнес портфельді теңдау. Кәсіпорын қызметінің жеке бөліктеріне өте тығыз байланыстығын және портфельді бүтін ретінде оның бөліктері сомасынан ерекше екенін және ол кәсіпорын үшін өте манызды екенін көрнекті түрде көрсетеді. Бизнес - портфельді тандау көмегімен төлемділік, ақшаның түсуі, жаңару, жойылу сияқты бизнестің манызды факторлары балансталуы мүмкін.
Бизнес стратегиясын тандау кезінде бизнес- портфельге тандау жүргізудін келесі қадамдарын ескеру керек.
1. Бизнес портфеліне талдау жүргізу үшін ұйымда деңгейлерді теңдеу (жеке өнім деңгейінде, жалпы өнім деңгейінде)
2. Бизнес портфельін тандау матрицасында тандау бірліктерін позициялау үшін талдау бірліктерін фикциялау (бизнестін стратегиялық бірлігі)
Бизнес стратегиясының бірлігі ұқсас қажеттілікті қанағатандыратын бір немесе бірнеше өнімдерді қамти алады.
3. Бизнес портфельін тандау матрицасының параметірлерін анықтау ол қажетті ақпараты жинау қатынасында анықтылықты білу үшін сонымен қатар портфельді тандау арқылы жүргізілетін ауыспалықтарды бизнес күштерін өлшеу, нарық үлесінің алдынғы қатарлы маркаларға қатысты өсу сапа бойынша лидерлікті және тағы басқа талдау үшін қажет.
4. Мәлеметерді жинау және талдау мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі Саланың он және теріс аспектілерің мінездемесі мен дәрежесі, жалпы саладағы фирманның потенциялды пазицасыннан кадыр ресурстары мен біліктілігі.
5. Бизнес портфель матрицасын құрастыру және талдау . Ол портфельдің ағымдағы жағдайын және соның негізінде фирманың бизнес портфельінің болашағы жағдайын талдауға мүмкіндік береді. Тартымды салалар бизнестердің саны қаншалықты Анық емес сұрақтар мен заттар тұйындай ма? Бизнес портфелі әр -түрлі жағдайлар әлсіз бе? Оның көп жақтары бар ма?
6. Үміт еткен бизнес портфельін анықтау
3.-ші қадам Стратегияның талдау негізгі факторларды талдау негізінде болады. Ол бизнес партфельді талдау нәтижесінде фирма жағдайын, сонымен қатар жүргізілетін стратегияның мінезі мен мәнін сипаттайды.
Бұл факторларға жататындар
1. Саланың жағдайы және фирманың сол саладағы позциялау. Егер күшті дамуда болса онда консентрациялы өсу стратегиясының немесе интеграцилық стратегияны қолдану керек.
2. Әр бір нақты фирмаға стратегия тандауының әбебаптығын және оригиналдығын білдеретін фирма мақсаттары.
3. Стратегияны тандауға әсер ететін жоғарғы басшықтарының мүдделері мен қатынасы.
4. Фирманның қаржылық ресурсары
5. Жұмысшылардың біліктілігі.
6. Сыртқы ортаға тәуелділік дәрежесі
7. Уақыт фокторы.
Тандалған стратегиялық бағалау, бұл стратегиялық негізгі факторын таңдау кезінде талдаудың құрастылығы мен есептің жеткіліктілігі


Стратегиялық жоспарлаудың дамуынның алғы шарттары

Стратегиялық жоспарлау – басқару қызметінің ішіндегі ең маныздысы болып табылады.
Жоспарлау бұл алдағы нақты бір мақсатқа қойған объекті экономикалық зандарды қолдану арқылы мақсатқа жетудің қажетті жолдарын белгілеу. Жоспарлау кәсіпорының меншіке байланысты ұйымдық құқықтық формасына және көлеміне қарамастан кәсіпкерлік қызметтінің құрамды бір бөлігі болып табылады.
Негізінен кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары өндірістік бағдарлама кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық даму жолдарына жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жолдарын жасау барысында жоспарлау әдістемесіне көп назар аударылады. Жоспарлау әдістемесіне жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері жатады.
Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын және жаңа нарықтағы мүмкіндіктерге сәйкесінше үйлестіріп тең қалыпта ұстап тұруды басқару процесі. Оның мақсаты – компанияның табысты дамуына бағытталған өнімді және бизнесті құру мен реформалау. 1970 жылдары энергетикалық дағдарыс, гиперинфляция, экономикалық тоқырау бәсекелестіктің күшейуіне байланысты АҚШ-та стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері жасалады. Дәстүрлі ұзақ мерзімді жоспарлау орнына стратегиялық жоспарлау келді. Бүгінгі стратегиялық жоспарлаудың негізгі міндеті – бизнеске кері әсер ететін жағдай туса да, компанияның алдына қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттарды таңдау.
Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді
Бірінші шарт- компанияның қызметі инвистициялық қоржынды басқару принципінде құралды. Оның мәні- компанияның әрбір қызмет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуде.
Екінші шарт- әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау. Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі. Тік ағындық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар олардың шектеулі екендігіне көздері жетті. Мысалға, 1970 жылдары “Ford Motor” компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды. Алайда нарықтық зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғаның көрсетеді. Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде залалды болған шағын автомабильдерге жұмсады.
Үшінші шарт- стратегияны әзірлеу.Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жоспары жасалады. Сондықтан, әрбір компания іс- әрекетін, мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын зерттей отырып, өз стратегиясын әзірлейді. Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса, оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнім өндіруге бағытталуы мүмкін. Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады. Олар – корпаративтік, бөлімше, бизнес- бірлік және өндірістік желі деңгейлері. Компанияның бас кеңсесі іс- әрекетін келешекте пайда алуға бағытталған корпаративтік стратегиялық жоспарлау үшін жауап берсе, штап- пәтер оның бөлімшелерін дамыту, бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды. Компанияның әрбір бөлімшесі іс- әрекеті бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді. Бизнес- бірліктерің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке, ал өндірістік желінің жоспары оның мақсаттарына жетуге бағыттайды.
Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді. Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактиклық – ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген. Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды, ол кәсіпорынның барлық іс- әрекетін қамтитын бірынғай жоспардан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауға қарағанда, жедел жоспарлауды көберек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестің басты факторы болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болғандығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта техналогиялық, экономикалық және әлеуметтік – мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.
Маркетингтік жоспар корпарация және оның бөлімшелері стратегиялық шаруашылық бөлімшелер \СШБ\, компания, өнім түрлері және жеке өнім, жеке нарықтар және маркетинг кешенінің әрбір элементі бойынша жасалынады.
- қамту ауқымы ;
- іс- әрекет ету мерзімі ;
- мәнділік ;
- әзірлеу әдістері....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру