Сана құрылымы Сананың пайда болуы

Сана құрылымы Сананың пайда болуы

Сананың пайда болуы.
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың болмысы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Сонда сана дегеніміз не? Ол қайда, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болады? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс па, әлде іштен шыққан дүние ме? Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін қабілет те емес. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р. Авенариусты В.И. Ленин «Материализім және эмпириокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбығын балаған. Халқымыздың «шыбын-жан»деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтаған шыбын-жанның дүние кезіп жүргендегі көргендері. Кейін ол шыбын-жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу, бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине, осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден-бірге көшіп-қонып жүретін рухани дүние – жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда, өзін түрлі хайуанаттармен, өсімдіктермен тұқымдас деп түсінетін ұғым пайда болған. Бұл - өте ертедегі дәуірде туған түсінік.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана балық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің (hule – материя, zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған). Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт, Бюхнер, Молешотг деген немістің жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой – мидың рухани жемісі де, өт – бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К. Маркс пен Ф. Энгельс мұндай пікірді тұрпайы мате-риализм деп атап, орынды сынға алады.
Барлық тіршіліктің негізі клетка екені белгілі. Ол - өздігінен өмір сүріп, көбейе алатын жүйе. Ендігі мәселе сол өмір клеткадан басталатын болса, оған дейін тіршілік нышаны болмаған ба деген сауал туындайды. Бұл бір. Екіншіден, сол клетканың өзі қайдан шыққан? – деген сұрау тағы мазалайды, өйткені, органикалық және органикалық емес материя бар дейміз. Ол екеуі бірінен-бірі қалай туындады, арасында дәнекер бар ма десек, ондай дәнекер бар екен. Әйтпесе, тіршілік қайдан шықты деген сұрау адам баласын ұдайы ойландыра бермек екен. Ол дәнекер, сөйтсек, никлени қышқылы екен. Ол барлық клеткада да бар. Мәселен, клетка құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірі клетка өзегі – ядросы, екіншісі – оны қоршаған қабыршық. Ол цитоплазма деп аталады. Екеуінде де әлгі қышқыл бар. Ядродағы қышқылды ДНК (дезоксирибонуклеин қышқылы), ал қабыршақтағы қышқылды РНК (рибонуклеин қышқылы) дейді. Бұл қышқылдар, бір жағынан, клеткалардың өмір сүру, екінші жағынан, тұқым қуалау негізі.
Сөйтіп, тірлік негізі клетка ХІХ ғ. 30-жылдары, ал тұқым қуалау (ген) негіз хромосом құрамына кіретін ДНК бұдан бір ғасырдан соң, 1930 жылдары ашылды. РНК 1953 жылы ғана белгілі болды. Хромосом құрылымына кіретін ДНК мен РНК-ның ашылуы тұқым қуалаудың (ген) себептерін ғылыми айқындады. Сонымен қатар «ген» өте күрделі құбылыс екенін де ғылым анықтауда. Олай болса, хромосом аппаратына жататын ДНК мен РНК – физикалық-химиялық процестерден туындайтын құрылым. Олар ашылғалы бері ғылымдар клеткадан тірі жануар жасауға болатынын дәлелдеуде. Бұл биология ғылымдарының бүгіні мен ертеңі. Оны клондау дейді.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болады деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі.
Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғылымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардтай. Әрқайсысы сияқты сигналды жеке-дара қабылдап, тиісті шешімге де келе алады. Сондай-ақ, олар өзара тығыз байланыста болып, түрлі операция жасағанда, миллардтаған ақпаратты қабылдап, тиісті шешімге келіп отырады. Мәселен, адам мифы 1020 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда, оның Мәскеудегі Мемлекеттік көпшілік кітапханадағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есінде сақтай алатын мүмкіндігі бар көрінеді. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 пайызын ғана пайдалана алады екен. Олай болса, адам миы ешқашан тоқырауға ұшырамайды. Оның мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз.
Адам миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір аналйз, синтез, сондай-ақ, сырты тіршіліктедің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. Адам орынсыз, өрескел қимыл жасамайды. Ал енді адамның миын тігінен қарайтын болсақ, ол оң және сол жарты шарлар болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің арасында өзіндік қызмет бөлінісі бар. Айталық, адамның қуанышы, күлкісі сол жақтағы жарты шар арқылы, ал уайым, қайғы, жылау сияқты ренжу мінездері оң жақ жарты шар арқылы іске асады екен. Олай болса, өнер мидың сол жақ жарты шары арқылы басқарылады. Қытайлар мен жапондарға алфавит жоқ, оның орнына иероглифтер бар. Онда әрбір атау, іс-әрекет, қимыл әр түрлі иероглиф (белгі) арқалы беріледі. Сауат ашып, оқып, түсіну үшін сол белгілерді көзбен көріп, оймен жаттап алу қажет. Олардың саны қытайда орта есеппен жеті мыңдай. Сондықтан да болса керек, ол халықтарда түрлі түстердің айырмашылығын байқау, сұлулықты сезіну өте жоғары дамыған. Оның үстіне мидың түрлі бөліктері әрқилы қызмет атқарады. Мысалы, заттардың түр-түстерін ажырату, көру дабылдарын мидың шуйуе бөлігі, дыбыс дабылдарын самай тұсындағы бөлігі қабылдайды. Сол сияқты жүру-тұру сияқты қимыл-әрекеттерін (координация) басқаратын арнайы бөліктер бар. Мәселен, адамның аяқ, қол сияқты мүшелерінің сал ауруларына ұшырауы көбіне мидағы түрлі бөліктердің ісіктенуіне, жарақаттануына байланысты. Адам мимен ойлайды. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел бола алады. Мәселен, бас миының үлкен жарты шары операция арқылы сылынып тасталған құрбақа сол операцияға дейінгі қалпында бақылдап, шыбын-шіркей ұстап жеп, тіршілік ете береді екен. Ал сондай операциядан өткен көгершін ағаш бұтағында отыратын және тура ұшып кете алатын болғанмен, түрлі тітіркендіргіштерге жауап бере алмай, жем қабылдаудан мүлде қалады екен. Ал енді бас миы алынып тасталған ит мүлде дәрменсіз мүгедекке айналады. Олай болса, бұл тәжірибелер бас мидың тіршілікте атқаратын қызметі жан-жануарлардың даму сатысы жоғарылаған сайын арта түсетінін көрсетеді. Бірақ, бұдан келіп, ми ойды, сананы тудырушы, оның қайнар көзі деуге болмайды. Ми ойды өзінен-өзі тасқындатып тудырмайды. Ой мидың ішінен қайнап шықпайды. Сананы тудыратын – объективті ақиқат.

2. Сана – объективті дүниенің бейнесі.

Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан – таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.
Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес. Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам объективті өмірді шын да, жалған да, дұрыс та, бұрыс та бейнелейді. Олай болса, сол дәлдікті шығармашылық тұрғыдан түсіну қажет. Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану, таңырқай білу, үңіліп қарап, бір нәрсеге ұқсату, оймен салыстыру – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол – сананы құбылыс емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көргендік түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап, шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың шешуін, немесе басқа бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі де мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музикалық аспаптардың клавиштерін, пернелерін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам неше түрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойлап, толғанып жатпайды. Көп нәрсе жаттықан, дағдыланған түрде жасалады.
Әрбір адамның психикасында санасыздық та (иррационалдық), ақылсыздық та (нерационалдық) әрекеттер бар. Оның ауқымы кең. Адам әр ісін, әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай-ақ, дәлме-дәл жүзеге асырады. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзі де кедергі жасайды. Мәселен, жүрісі көп көшедегі автомабиль жүргізушінің іс-қимылы сондай. Сондықтан ұдайы, үздіксіз ойланбай, миға демалыс беріп, кейбір іс-әрекетті адам қашаннан үйреншікті дағдымен атқарып үйренген. Бұл - өмір диалектикасы. Философияда саналық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық күрес объектісі болып келеді. Кьеркегор, Шопенгауэр, Ницше иррационализмді адам өмірінде басыңқы етіп көрсеткен болатын. Ғылым бұл пікірді қостамайды. Дегенмен адам өмірінде ақылдылықпен қатар ақылсыздық та бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ адам өмірінде инстинкті психикалық санасыздық не ақылсыздық әрекеттері де, сайып келгенде, сана билейді. Сонымен инстинкті ақылсыздық дегеніміз – дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын, бірақ түптен келгенде адам миынан онша алық кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті, қасиетімен бақаланатын психикалық процесс. Саналық пен ақылсыздық қасиеттердің арасы жақын. Сондықтан кейде, кейбір ғылыми жаңаклықтарда, көргендік түстерде санадан тыс кездер де байқалады. Мәселен, Д. И. Менделеев химиялық элементтердің қайталама жүйесінің кестесін жасарда ең алдымен оны түсінде көрген. Олай болса, ақылсыздық құбылыс кезінде де адам миының кейбір бөлімдері қарауыл болып, жұмыс істеп тұратынын байқаймыз. Ал адамның іс-әрекетінде ақылсыздық деп мидың, сананың іске араласпауын, дағдылы әдіспен естелікке сеніп, өзін соларға тапсыратынын айтамыз. Сондықтан ақылсыздық кезде де адам әдептіліктен шығып кетпейді. Нағыз санасыздықты біз жануардан ғана көреміз. Оларда қарым-қатынас та, әдептілік те, міндет-мақсат та, ар-ұят та жоқ. Адам ақылсыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендемейді. Өйткені, адам психикасы (мінез, сезім), жаңағы айтқандай, санамен басқарылып, бағытталып отырады. Міне, бұл адам психикасы жануарлар психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Австриялық психоаналитик З. Фрейд санасыз, ойсыз инстинкт, айталық, аналық, жыныстық инстинкт адамда да басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды. Оның ойынша, түрлі ұяттылық, әдептілік дегендер жасанды, тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп қана, ал адам өзінен-өзі оңаша қалғанда, оның бәрін жиып қойып, нағыз ұятсыздық, тағылық халге түседі дейді. Бұл, әрине, адамгершілікке ешбір сыймайтын, адамдық қасиеттері аяққа басып, оны хайуан тәрізді етіп көрсететін пиғыл. Біз З. Фрейдтің көптеген ойларын қабылдадық. Оның ойлары А. Шопенгауэр, Ф. Ницшеден жоғары екенін айттық. Қайталамақ болсақ, Шопенгауэр, Ницше санасыздықты (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырыққа бағындырды. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де санасыздық емес. Бірақта адамда, жоғарыда айтылғандай, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі – «ол» (id) (аморальдық қасиет), екіншісі – «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego id ti қыспақта ұстайды, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «di» - ті қолдайтынын айтады. Мұны ол «Мәдениеттегі қанағаттанбаушылық» деген еңбегінде айтқан болатын. Сондықтан, З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды.
Р. Авенариустың пікірінше, сана мидың жемісі емес, ол – принциптік координация бойынша сырттан келген дайын құбылыс. Сондағы «мен» деген адам, оның саңасы, сезімі, ал «мен емес» дегені – объективтік дүние. Одан соң ол «мен»және «мен емес» арасында байланыс бар дейді. Осы байланыстың түп негізі, оның ойынша «мен», ал «мен емес» «менсіз» өмір сүре алмайды. Бұл, әрине, субъективті идеалистік пікір. Ал мәселенің шынына келсек, керісінше «ен» «мен емеске» бағынышты. Сол сияқты «мендегі» барлық сана, сезім объективті дүниенің бейнесі, соның жаңғырығы, рухани сәулелі екенін жоғарыда талдап көрсеттік. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру