Полигон және қоршаған орта
ҚАСІРЕТТІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Радиоактивтік, атом және оның ядросының құрылымы сияқты аса ірі жаңалыңтармен қатар, өткен жүзжылдыңтың аяғында басталған жаратылыстану ғылымдағы жаңа кезең, табиғат туралы ескі көзқарасты түбірімен өзгертті.
Ол адамзатты дамудың жаңа сатысына көтерді, сонымен бірге оның табиғат және жалпы адамзат байлықтары алдындағы жауапкершілігін де көтерді.
Енді жаңа проблема — бізді қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тұрды: ядролық реакция энергиясының әсерінен тірі клеткалардың ыдырайтындығы сол кездің өзінде-ақ белгілі болған. Енді өмірдің өзін және ол тіршілік ететін ортаны қорғау секілді аса үлкен жауапкершілік пайда болды. Соған қарамастан атом энергиясын зерттеу және пайдалану тәрізді жаңа басталған процесс тоқталмас арнаға түсті.
1943 жылдың өзінде, неміс коммунист-физигі К. Фукстың АҚШ-та үлкен жұмыс жүргізіліп жатқандығы жөніндегі хабарламасынан кейін-ақ, ССРО үкіметі И. В. Курчатовқа бірінші атом ғылыми орталығы мен атом проблемасына байланысты барлық жұмысқа басшылық жасауды тапсырған болатын.
Мәселе тек кімнің алда, кімнің кейін келе жатқандығында еді. Ғылыми «милардың» Европадан Америкаға ауып көтуінің нәтижесінде, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында бірінші ядролың қаруды сынауды Америка Құрама Штаттары 1946 жылдың 16 шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 августта, жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сүрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат американ әскерлерінің қылығына жағаларын ұстады.
Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіреті алыс емес екенін ол кезде білген жоқ.
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, соғыста қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруді күтпестен, еліміздің басшылығы өте қысқа мерзім ішінде атом проблемасын шешпек болды да, сол арқылы АҚШ-ты атом қаруына жекедаралықтан айырды.
Тиісті жобалау және өндірістік ұйымдар мөн ведомстволарға орасан мүмкіндіктері бар американ ғалымдары бес жылдан астам уақыт ішінде атқарған істі бір жарым жылда аяқтауды міндеттейтін үкімет қаулысы қабылданды.
І946 жылдың басында ССРО Министрлер Советінің жанынан тиісті Бас басқармалар құрылды, олардың міндеттеріне уран кендерін іздеп табу, өңдіру, өңдеу, бөлінетін материалдардың технологиясы мен өндірісін, сондай-ақ атом бомбасының конструкциясын жасау жұмыстары кірді. Бұл Главкаларға басшылықты И. Сталиннің өзі жүзеге асырды.
Жоспарлы шаруашылық және сол кезеңдегі мемлекетті өркендетудің басты бағыттарында орасан мол материалдық және адам күші ресурстарын шоғырландыру, соғыс кезіндегі қиын жылдарда да, соғыыстан кейінгі жылдарда да жаңа атом индустриясын жедел құруға мүмкіндік берді.
Атом индустриясын жасауда аса дарынды физиктар, конструкторлар және тамаша ұйымдастырушылар таңертеңнен түн жарымына дейін еңбек етті. Бұған, бір жағынан, Отанға деген сүйіспеншілік, шынайы патриотизм және, екінші жағынан — өз ақылың мен дарыныңды көрсетуге деген табиғи ұмтылыс итермеледі. Нақ осындай мемлекеттік, және жеке бас мүдделерінің үндестігінен, дәуір мен елге қарамастан жалпы адамдық байлықтар құрылды.
21 тамызында ССРО үкіметі өзінің арнайы қаулысымен атом ғылыми-зерттеу полигонын құру туралы шешім қабылдады, оған «№ 2 жаттығу полигоны» деген шартты ат берілді.
Полигон құруға басшылықты ССРО Қарулы Күштері Бас штабының арнайы бөлімі жүзеге асырды. Полигонның барлық қызметін бағыттап отыруды және тікелей басшылықты И. В. Курчатов қолға алды
И. В. Курчатовқа және басқаларға полигон құрылысы үшін диаметрі шамамен 200 километрдей болатын жер таңдау тапсырылды. Келешек полигон темір жол мен жұмыс істеп тұрған аэродромнан 200 километрден алыс болмауға және автомобиль көлігіне қолайлы жерде орналасуы керек еді.
Көзімен көргендердің сөзіне қарағанда талай жерлер зерттелсе керек. Содан Семей қаласына жақып жердегі қазақ даласына тоқталыпты: шексіз жазықтық, ол кезде халық аз қоныстанған, орталықтан аулақ және сонымен бірге қасында — суы мол Ертіс, теміржол мен автомобиль жолдары, аэропорт. Осындай және басқа да факторлар ядролық сынақ полигонын салуға өте ыңғайлы болып шықты.
Оны салуға арналған алаңның өзі диаметрі шамамен 30 километрдей келетін, оңтүстігінен, батысынан және солтүстігінен аласа (200 метрге дейін) таулар қоршаған жазықтық — сынақшылардың ойынша тамаша жер, сынақтар жүргізуге өте ыңғайлы жағдай жасау үшін табиғаттыңң өзі дайыңдап қойған сияқты.
Қырқыншы жылдардың аяғында Сарыарқаның төрінде халық үшін жұмбақ объектінің құрылысы басталды.
Бұл ежелден адамға дөнсаулық пен қуаныш сыйлап келген, дала шөбінің жұпар иісті ауасын жұтып, тап-таза бұлақ суы мен дертке ем қымызын ішіп, дала әуедерін тыңдап, денсаулығын түзеуге сонау Ресейден ата-бабаларымыздың достары ат басын тіреп жататын қазақ сахарасының тағдырындағы шұғыл бетбұрыс еді.
Сарыарқаны қазақтар ықылым заманнан бері қоныстапып келеді: жазда жайлауға көшсе, қыста қыстауға келеді. Мал шаруашылығы ғасырлар бойы асырап та, киіндіріп те келеді. Уақыт оза келе, колхоздар ұйымдастырылған кезде, дала келбеті өзгере бастады, жаңа селолар, жолдар, көп жерлерде электр қуаты мен байланыс желілері, осы заманның басқа да белгілері пайда болды. Енді міне кенет жұмбақ объектінің құрылысы қарқынды жүргізіле бастады.
Бұл кезде Орал қалаларының бірінде ғалымдардың, үлкен тобы ядро зарядын зор қарқынмен жасап жатқан. 1946 жылдың маусымында-ақ Ю. Харитоп бірінші атом бомбасының конструкциясын Министрлер Советінің бекітуіне ұсынған болатын. Алайда Сталин қол қойған үкімет қаулыларында плутон нүсқасына 1948 жылдың басында жане уран нүсқасына —1948 жылдың ортасынан кешіктірмей сынақ өткізу керек деп бөлгіленген атом бомбасын жасау мерзімдері асығыстық болып шықты. Бірақ бірінші сынаққа дайындық жұмыстарының қарқынды жүргізілгені сонша, 1949 жылдың 6 шілдесінде ол әзір болды.
Шілденің аяғында мемлекеттік комиссия полигон объектілерін құрылысшылардан қабылдап алды және аппаратуралық комплекстер мен барлық жұмыстардың сынаққа дайын түрғанын анықтады.
Полигонның тұтастай алғанда дайын өкендігі үкіметке баяндалды және сынақ өткізуге «мақұл» деген рүқсат алынды.
Шілденің орта кезінде-ақ Семей қаласы, Жаңа Семей стансасы адресіне Оралдан арнайы құрастырылған темір-жол эшелондарымен барлық қажетті жабдықтар жөнелтілген болатын, ал тамыздың басында самолеттармен ядролық зарядтың өз бөлшектерімен тетіктері жеткізілді.
Жабдықтармен және зарядтың өзімен қоса Оралдан Семейге бірінші атом бомбасын жасаушылардың үлкен тобы келді.
Полигонды салу және сынақтар өткізуге байланысты жұмыстардың бәрі аса қатаң құпия жағдайда орындалды. Осы мақсат үшін әскери инженерлік бөлімшелердің мерзімдік қызметіндегі офицерлері мен солдаттары іссапармен келіп жатты. Әскери емес ерікті құрам болған жоқ. Әрбір жүмыс тобы тек өз міндеттерін ғана білді және бір-бірлерімен мүлдем қатыстырылмады.
Полигондағы тәртіп қызметін 1953 жылы Бериямен қоса атылған генерал-лейтенант II. Я. Мешик басқарды.
Тамыз бойы өте ыстық әрі қуаң болды. 28-күннің ке-шінде ауа райы бірден өзгерді: солтүстіктен жел соқты кенетте салқындап кетті , аспанды бүлт жапты, жаңбыр сіркіреді де тұрды. Осы бір құрып кеткір ауа райы, қасақана қырсыңқандай түнімен тұрып алды, ол таңертең де өзгерген жоқ. Төмен шөккен қалың бұлт жарылыстан соң радиоактивті ауадан доза алу үшін ұшырылатын үшқышсыз басқарылатын самолетке кедергі келтіретін еді. Табиғат алдағы жарылысты болдырғысы келмегендей. Сынақ басшылығы ауа райының жаңсаруынан үміттеніп, алғашқыда оны 7.00-ден 8.00-ге шөгеруге шешім қабылдады. Бірақ ауа райы болжаушылардың хабары үміттенерліктей болмады.
Сондықтан жарылысты таңертеңгі сағат 7.00-де өткізуге, ал басқарылатын самолеттерді жібермеу жөнінде шешім қабылданды. 1949 жылдың 29-тамызында ертемен сынақ өткізілетін «Ш» алаңыңдағы үш дүркін қайталанғаан үлкен репетициядан кейін, И. В. Курчатов жарылыс-ты жүргізуге жазбаша нұсқау берді.
Диктордың қатаң даусы секундтарды санап шықты. «Ноль» деген кезде жер оқыс шайқалып кетті, оған құллақты жаратын сұмдық күшті соққы, шатырлаған, күңіренген үн жалғасты. Осының бәрі бірнеше секундқа созылды, содан соң бәрі тына қалды.
Қүпия жария болды. Семей маңындағы полигонда биіктігі 30 метрлік мұнара үстінде жазғы күнгі даланы ұйқысынан оятқан қуаты 20 килотонн бірінші атом жарылысы болды.
Аспанды алып нажағай тіліп өтті, жер үстінде жарқ ете қалған екінші күннің сәулөсін қалың бұлт та бүркей алмады.
Биіктігі 7 километрден асатын шаң — газ аралас саңырауқұлақ тәрізді бұлт пайда болды, Даланың саррайған шөптері қудай лап етіп жана бастады, даланы өрт қаптады.
Эксиеримент сәтті болды. Сынақ басшылары, ішінде Берия да бар, командалық пункттөн шығып, бірін-бірі табыспен құттықтады, құшақтасып, сүйісіп жатты.
Сонымен ССРО-да жарылыс қуаты 20 мың тонна тротилға тең бірінші атом бомбасы жасалды. Оның американікіне қарағанда жақсы параметрлері болды. АҚШ-тың атом монополиясы аяқталды. Біздің елімізге атом шабуылын жасау қауіпі алынды.
Бүл кезде полигон атом зарядтарын топтап дайындауға және сынақтан өткізуге кірісті. Бірақ оларды жасап шығару керек еді, ал ол уақытты талап етеді.
Алайда 1953 жылға дейін халыққа жарылыстар туралы ескертілмей келді және қауіпті жерлерден көшірілген де жоқ. Сынақтар өткізудің қауіпсіздігіне кейінірек көңіл бөліне бастады. Жер үстіндегі жарылыстар кезінде радиоактивті өнімдер тарайтын зонадан адамдар мен жануарларды көшіруді көздейтін, ал радиоактивті бұлттар қаптауы мүмкін ауадағы сынақтар кезінде жұртты баспаналарға кіргізуді көздейтін қорғаныс жүйесі жасалды.
1956 жылдан бастап жарылыстан бір сағат бұрын халыққа хабар берілетін болды. Қуаты 50 килотоннан артық жарылыстар кезінде адамдар үйлерден ашық жерлерге шығарылды. 50 килотоннан кем жарылыстарда ешкім терезеге жақындамасын деп ескертетін болды. Халық шындыққа айналған жұмбақ объектіні .«полигон» деп атайтын болды, бірақ оның қызметіне тереңдеуге қатаң тиым салынды. Лақап сөздер мен долбарларды тиып тастап отырды. Әрбір жарылыс адам ақыл-ойының жеңісі, еліміздің әскери қуатының көрінісі, халықтың патриотизмнің үлгісі ретінде бағаланып отырды.
Сонымен бірге полигон иелігі де кеңейе берді. Абыралы ауданы таратылып, бір миллион сегіз жүз мың гектар жер тартып алынды, көп адамдар ата-бабаларының жерінен көшуге мәжбүр болды. Жергілікті тұрғындар бүған іштен тынып жүрді, туған-туысқандар мен жора-жолдас-тар арасында әрбір жарылыс сайын кеуделерін ыза-кек кернеп, ал бөгде адамдардың алдында ештеңені байқамаған боп жүріп жатты.
1953 жылдың 12 тамызында халық қатты тітіркеністі бастан өткерді. Биіктігі 33 метрлік мұнара басында қуаты 480 килотоннаға тең термоядролық жарылыс өткізілді. Диаметрі 16 километрлік саңырауқұлақ тәрізді шаң-тозаң бұлт 16 километр биікке көтерілді. Ондаған мың тұрғындарды 9 күнге эвакуация жасап басқа жаққа көшіріп апарды. Кам кірпіштен салынған тұрғын үйлер, мекткптер және басқа да ғимараттар қирап қалды, жарылыс эпицентрінен 130 шақырым жердегі облыс орталығында терезе әинектері ұшып кетті, көптеген үйлердің кабырғалары жарылды.
1955 жылдың 22 қарашасында бірінші сутегі бомба сынақтан өтті, оның қуаты бірінші сутегі жарылысынан әлдеқайда күшті еді. Бұл жарылыс 1500 метрлік биіктікте өткізілді. Биіктігі 18 километр болатын саңырауқұлақ тәрізді алып шаң-тозаң бұлт аспанға көтерілді. Ядролық «күннің» сәуле шашқаны сонша, тіпті ол жүздеген километр жерден анық көрінді, ал толқын соққысы 500 километрлік қашықтықтан сезілді.
1956 — 1958 жылдары полигонда үсті-үстіне сынақтар өткізілді, ол ядролық қару-жарақтың жаңа типтерін жасауға мүмкіндік берді.
1959 —1960 жылдары жарылыс болған жоқ.
1961 жылы елімізде континентаралық баллистикалық ракеталар жасалды да, оларға қажет ядролық, зарядтарды сынақтан өткізу міндеті қойылды. Сондықтан 1961 — 1962 жылдарда сынақтар жиірек өткізілді. Жылына ауада және жер бетінде 40—50 жарылыс болып тұрды.
1963 жылы ССРО, АҚШ және Ұлыбритания араларында ядролық қаруды атмосферада, космоста және су астында сынаудан шектеу туралы келісімге қол қойылды. Жер бетіндегі және ауадағы ядролық жарылыстар тоқтатылды. Келісім биосфераның радиоактивтік ластануын азайтты, бірақ ядролық қарулар шығару бәсекесін тоқтатқан жоқ. Семей полигоны өз жұмысын белсенді түрде жүргізе берді. Келісім ядролық жарылыстарды тек жер астына «алып кетті».
ССРО-да жер астындағы жарылыстарга дайындық 1959 жылы басталған болатын. Бірінші рет ядролық зарядты 200 метр тереңдіктегі көлбей қазылған кеңістікте сынау 1961 жылы өткізілді. Тек 1965 жылдан бастап сынақтар 500 метр және одан да терең тік қазылған шахталарда өткізіле бастады. Көлбей қазылған көңістіктерде қуаты аздау және шектеулі зарядтар сыналды, ал тік қазылған шахталардағы сынақтардың қуаты 150 килотонға дейін барды.
1965 жылдың ңаңтарында Шаран мен Ащысу өзендерінің қосылған жеріндегі далада жерді «жарып шығатын» ядролық жарылыс жасалды — әскери ведомство кезекті эксперимент ретінде қолдан көл жасамақ болған. Тереңдігі 100 метрдей, диаметрі 400 метрлік ондай көл пайда болды да кең даланың төсінде айнадай жарқыраған көгілдір су қоймасы бір көргенде қатты қызықтырады. Ал шын мәнінде, халық тауып айтқандай, «өлі көл» өзінің жұмбақтығымен қорқынышты болатын. Ол маңынан өтетін ескі жолдар жабылды, су қоймасы қоршалды. Жарылыс үлкен аумақты бөлінгіш заттармен ластады.
ПОЛИГОН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА
Адам өзін қоршаран ортамен бірге өсіп, біте қайнап келеді, өзі де осы табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам — әлеуметтік ақиқат иесі дейміз, бірақ оның биологиялық түрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе оны қайта құрсақ дейміз.
Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де сау болады.
Адам — Жердегі биологиялық түрлердің ең жақсысы. Жер адам пайда болудан миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір-бірімен және табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда, жер сонша уақыт тіршілік ете алады, Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни табиғатқа қарама-қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.
Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн, адам, өркениетін қоршаған әлемге аса сақтықпен қарап отырып, одан өз орнын табуға тиіс.
Қоршаған ортаны «қайта пішу» жөніндегі желөкпе жобаларды және ойланбай істелген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы, Байкалдың ластануы, үлан-ғайыр Қарақалпақстан жерінің тұз бен батпаққа айналуы, су электр станцияларын салған кезде орасан үлкен аудаңдардың су астыңда қалуы — бұл тек белгілі мысалдар ғана. Өзімізді қоршаған ортаны осынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адамның жаңа табиғи-климаттық және өндірістік жағдайға бейімделуіндегі экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол ешбір ақылға симайтын апат.
Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде айналаның — топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ-тозаңдармен, азық-түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдет берік қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы болжам теріске шығарылды. Ал бұл бағытта ешбір зерттеулер мақсаткерлікпен жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомстволық бақылауы мен шешімдері кейбір мәліметтер береді.
Тамақ өнімдерінен, ашық су қоймаларынан, малдардың сүйектерінен қорғасын —210 табылды, ол уран —238 ыдырауынан пайда болған изотоп. Ал Семей облысында уран кенінің жоқ, екені белгілі, ендеше оның ядролық жарылыстардан тарауы әбден мүмкін.
1989 жылғы зерттеулердің мәліметтері бойынша ұсақ малдардың сүйегіндегі қорғасын —210 мөлшерден ондаған есе көп. Етті пісірген кезде 10 проценті сорпаға шығады, денсаулыққа зияны аз емес.
Шаруашылықтардың байырғы өрістерінде жайылып жүрген және полигонға таяу жерлерден су ішетін малдың еті мен сүтіндегі радионуклидтердің барлығы мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Жер астындағы дүмпулерді алайық. Жер астындағы ядролық жарылыстан туған сейсмикалық қозғалыс күші зарядтың қуатына және сынақ алаңының геологиялық жағдайына байланысты.
Невада полигонында жер қабаттары туфтар деп аталатын қуыстары көп жыныстардан тұрады. Олар жарылыс толқындарының сейсмикалық энергиясын сіңіріп алады да, жердің сілкінуі онша қатты болмайды.
Семей полигонының алаңдары гранит деп аталатын тектес жақпартастардан тұрады. Граниттің сейсмикалық тербелістерді сіңіру қасиеті төмен. Сондықтан мұндағы жерасты жарылыстары айтарлықтаай төрбелістер туғызады. Қашықтықтары мен қуаттары бірдей жарылыстардың Невада полигонындағы сейсмикалық тербеліс күші Семейден 3—4 есе төмен.
Жер астындағы әрбір жарылыс, олардың саны аз емес —343, жердің қыртысын қозғалысқа түсіреді.
Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі (аналық) құрылыстары бұзылады.
Сондықтан да жер астындағы ядролық қуатты жарылыстарға таулар да төзе алмайды.
Міне, сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп кетеді, немесе құрып қалады.
Полигонға іргелес аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Соңғы жылдары поселкелер мен малды сумен қамтамасыз етіп тұрған 700 құбырлы құдық істен шығып қалды.
АДАМ АҒЗАСЫНА РАДИАЦИЯНЫҢ КЕРІ ӘСЕРІ.
Адам ағзасы ұшан-теңіз клеткалардан (ұлпалардан) тұрады. Мөлшермен ол 100 триллионға тең. Адам дегеніміз, айтарлықтай жоғары дамыған сезімтал механизм. Бірақ, өкінішке қарай, ол сәуле әсеріне ұшырағанын білмей қалады. Барлық клеткалар және тері радиация энер-гиясын еш ауырсынбай сіңіре береді. Осы кезде ағзаның иондануы басталады. Тағы бір теріс әсер — атомдардың қозуы. Клеткалар мен тері заттарының қозған атомдары аса жоғары химиялық белсенділікке ие. Содан барып қалыпты, сау ағзаға тән емес жаңа химиялық қоспалар құ-рылады, олар клеткалар мен терідегі алмасуға қажет күрделі биохимиялық процестердің бұзылуына апарып соғады.
Бір сөзбен айтқанда, радиация туғызған физикалық процестер — иондану және атомдардың қозуы ағзаның өмірлік маңызды функцияларына тікелей бұзушылық әсерін тигізеді және адамның түрлі мүшелерінің жүйелерін істен шығарады.
Адам ағзасының клеткалары әдетте түрлі ауруларды туғызатын сыртқы және ішкі бөгде заттарды жуытпай кері тебу қасиетіне ие. Сөйтіп ол иммундың қорғаныс жүйесін құрайды.
Адамның аса шапшаң көбейетін клеткалардан тұратын иммундық жүйесі жүздеген ғасырлар бойына жасалып, қалыптасты. Ол маңызды міндет атқарады — қоршаған ортаның тікелей әсерінен ағзаның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, яғни адам денесі ішінде қажетті жағдай-лар туғызу жолымен ағзаның қоршаған орта әсерлеріне төтеп беруіне жетіседі. Бір сөзбен айтқанда, иммундық жүйе адамды сан қилы аурулардан табандылықпен қорғайды.
Алайда табиғаттың осы құдіреті Семей аймағында оншалықты тұрақты болмай шықты.
Неліктен, не болып жатыр?
Жоғарыда айтқанымыздай, радиация клеткаларды, ең бірінші кезекте иммундық жүйенің клеткаларын жаралайды.
Рас, иммундың жуйе клеткаларының бір бөлігі өз бетімен дербес құриды, бұл — олардың генетикалық табиғатына тән құбылыс. Өйткені, олар аса шапшаң көбейетін клеткалар жәрдемімен қайта қалпына келеді. Әйтседе радиация әсерімен иммундық клеткалардың өлуі ондаған және жүздеген есе шапшаңдайды — осының салдарынан ағзаны иммундың қорғау әлсірейді, иммундық тапшылың жағдайы дамиды. ЯҒНИ адамның табиғи қуаты азаяды. Ақыры адам түрлі аурулар алдында әлсіз немесе қор-ғаныссыз куйге ұшырайды.
Бәрінен де жұқпалы ауруларға қарсы тұратын иммундың жүйе осалдық жасайды. Ағзаның шын мәнісінде барлық жұқпалы ауруларға қарсылық көрсетуі кемиді. Қатерлі ісіктерге қарсы иммундык, жүйенің бөлінуі едәуір уақыт өткен соң — сәуле алғанына 5 жылдан 40 жылға дейін және одан да көп уақыттан соң білінеді.
Жоғарыда айтылғандай, табиғат бұзылған иммундың жүйені қалпына келтіру үшін ағзаға қажетті уақыт беріп қамқорлық жасайды. Соған сәйкес бүлінбеген клеткалар бүлінгендерін алмастыра алады. Алайда сәуле әсеріне қайта ұшыраған шақта сол сау клеткалардың өздері бүлінуі мүмкін. Мұндай жағдайда ағзаның қалпына келуі тежеледі, немесе ұзақ жылдарға созылады. Радиация адам ағзасының басты қаруы — иммундық жүйені құрту, әлсірету барлық ауруларға данғыл жол ашып береді. Сөйтіп,сәуле әсеріне ұшыраған адамдар иммундық жүйенің тап-шылығына душар болады. Радиологиялық диспансердің деректеріне қарағанда полигонға жапсарлас аудандарда тұратын халықтың 70—80 проценті иммундық тапшылық зардабын тартуда. Бақылау топтарында бұл көрсеткіш 5—10 процент аралығында.
Адам ағзасының әрбір мүшесінің өз клеткалары болады және олардың әр-қайсысы өз бойында хромосомдар деп аталатын тұқым қуалау (генетикалық) механизмін сақтайды. Әр клетка хромосомдарының өзіндік кескін-кейпі болады. Яғни адамның әр мүшесі тек өзіне ғана тән хромосомаларға ие.
Түқым қуалау механизмі — сонау палеозой дәуірінен бері көп мыңдаған жылдар ішінде өмір сүрген ұрпақтардың, өмірлік тәжірибесінің жемісі. Осы ғажайып клеткалар бізді барлық тіршілік құбылыстарынан бүкіл ағзаның аса күрделі жүйелерін кешенді әрекет істеуге жүмылдыру арқылы аман сақтап келеді.
Адамның туқым қуалау механизмі шын мәнінде ұлағасыр зор жұмыс жасайды. Олар — аталық және аналық клеткаларда орналасқан аса күрделі молекулалар, түқымдық белгілерді сақтаушылар жаңа тіршілік иесіне құрылымдарды, барлық бағдар мен ақпаратты, өзінен бұрын барлық ұрпақтың жадындағыларды мұра етіп береді. Мысалға бір ұлттың немесе тайпаның бір топ адамын алайық. Олардың бәріне сырт ұқсастық тән. Егер жеке отбасына келсек, одан да көп ұқсастық көрінеді. Балалар ата-анасына, ал кейде бабаларына айнақатесіз ұқсайды. Мұның бәрі — тұқым қуалау механизмінің жемісі. Осы ғажайып механизм осылайша тынымсыз жұмыс істейді. Оған ешқандай альтернатива жоқ.
Дегенмен табиғат, осындай қайталанбас механизмді жасай отырып, неліктен екені белгісіз, оны толық аяқтамаган. Оған күйрете соққы беру үшін көп нәрсе қажет емес. Мысалы, радиациялың әсердің көзге көрінбейтн және жанға батпайтын қас қағым сәті ғана тұқым қуалау механизміне ондаған тіпті жүздеген жылдарға жететін ауыр соққы береді.
Иондаушы радиация әсерінен түқымдық белгілерді сақтаушы хромосомдар қайтып қалпына келмейтін жағдайға душар болады, яғни хромосомдық аппарат істен шығады. Бұл өзгеріс радиадиялың сәуле алған адамда ұрпақтан-ұрпаққа — баланың баласына көшеді. Содан барып нәрестелер сан түрлі кемістермен, кемтарлықпен өмірге келеді.
Иондаушы радиацияның тіпті болымсыз өте кішкене мөлшерінің адам ағзасы клеткаларына генетикалың ауыр бүлдірулер тигізетіні анықталды. Мұндай жағдайда сау клеткалардың биолоиялық заңды көбеюі орнына сәуле алған клеткалардың қалай болса солай және басқа хротикалық мутация деп аталады. Басқа, кері қасиетке ие мосомдық сапада көбеюі өрістейді. Бұл процесс — сома болған клеткалар өздерінің бұл қасиеттерін дүниеге келетін нәрестеге береді, сөйтіп түрлі патологияны (түрдің, кескін — кейіптің басқаша өзгеруін) туғызады.
Радиация әсерінен пайда болған соматикалық мутациялар беймәлім ұзақ мерзімге болашақ ұрпақтарға беріледі және табиғи жағдайда осы ұласпалы дертті жою мүмкін емес дейді Семей аймағы практикасына сүйенген ғалымдар.
Жапон ғалымдары соңғы жылдарда соматикалық мутациялар санының сәуле алу мөлшеріне тікелей сәйкес келетінін анықтады. Мәселен, 15—20 бэр сәуле алу 10 бәр мөлшерінде алғандарыдан 3—4 есе көп соматикалық мутациялар туғызаты көрінеді. Ал Семей облысының полигон төңірегіндегі түрғындары 150—250 бэр және одан да жоғары сәуле алды.
Бүгінгі таңда радиациялың сәуле алған кезде адамның генетикалық аппаратында нақтылы қандай өзгерістер пайда болатыны толық айқындалған жоқ. Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерін тигізген аймақта барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінбек.
Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің 48-інде кездесіп отыр. Бұл орта есеппен республика бойынша алғандағыдан 6 есе көп, ал полигоннан ондаған шақырым орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары. Оның қаншалықты екенін нақтылы айту мүмкін емес, өйткені ақаулы туған нәрестелер моральдық-этникалық көзқарас турнысынан тіркелмейді. Тек Қайнар селосында соңғы бес жылда кемтар 20 нәрестенің туғаны анықтальш отыр. 4 мың адам тұратын село ушін бұл өте көп емес пе?
Қайнар қасіретінің ең ауыр көрінісі — адам ағзасында өте қатерлі ісіктердің пайда болуы (рак ауруы). Әдетте, әр сәтте миллиондаран клеткалардың бірі өзгеріп, басқаша айтқанда қатерлі ісікке айналып, тоқтаусыз өсу қабілетіне ие болып жатады. Әдетте мұндай клеткалар сау иммундық жүйе қызметі арқасында дереу жойылады. Ал иммундық жүйенің өзі радиация әсерінен дәрменсіз күйге түскен жағдайда рак клеткаларының саны айтарлықтай көбейіп, қатерлі ісіктер жиілейді. Семей алшағы тұрғындарына тән құбылыс осындай.
Қатерлі ісіктердің жаңадан пайда болып, жылдам дамуында радиацияның аз ғана мөлшерінің жеткілікті екендігі дәлелденген нәрсе. Әсіресе, Семей облысына тән жағдай — радиациялық сәулені ұзақ уақыт алу қатерлі ісіктің тез өсуіне айрықша қолайлы.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Полигон және қоршаған орта туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Полигон және қоршаған орта на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Полигон және қоршаған орта